Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
28.12.2014
0
557
0

Алина Алияр Искаковна, учитель истории и права Кокжайыкской средней школы, Кокпектинского района, Восточно-Казахстанской области, Республика Казахстан





 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында

 

 

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы,

Көкжайық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

Алина Алияр Искаковна

 

2014-2015 оқу жылы

 

Сыныбы: 9 «ә»

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында.

 

Сабақтың мақсаты:

  1.      Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы, олардың ерлігі, тыл еңбеккерлері жайлы түсінікті қалыптастыру және мағұлмат беру.

 

  1.      Өздігінен жұмыс істеу, танымдық ойлау дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру

 

  1.      Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашылық жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: топтық, жұптық жұмыс, ой қозғау, миға шабуыл, сұрақ-жауап, инсерт, ДЖИГСО.


Сабақтың түрі:
ізденіс сабақ.


Пайдаланған технология: СТО, АКТ.

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет


Сілтеме: электрондық оқулық, интербелсенді тақта, деректі материалдар, слайд, тест, аймақтық компонент, бейнетаспа, қабырға газеті, постер  т.б.

 

Күтілетін нәтиже:

 

 

  1.      Шығармашылық жұмыс арқылы тақырып ашылады

 

  1.      Топтық жүйеге қалыптасқан ойларын еркін жеткізе алады

 

  1.      Оқушыларда сыни көзқарас қалыптасқан

 

  1.      Оқушыларда сенімділік пайда болды

 

  1.      Сыныпта ынтымақтастық орнады

 

  1.      Оқушыларда жауапкершілік артады

 

  1.      Шығармашылық ізденіске талпынады

 

 

 

Сабақтың барысы

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау «Формативті, суммативті»

 

1.Ұйымдастыру

Қызығушылықты арттыру

Сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Реттік санмен топқа бөлу

Топтық ережені таныстыру

Топқа бөлініп, рөлдерін бөліп алады

Топ бір-біріне жақсы тілек ұсынады

Қолпаштау Қолдау көрсету

2. Өткен тақырыпты түйіндеу

IX тарау бойынша тақырыптарды қайталау

Әр топ өз ойын жеткізеді, балама тест орындайды

 

3.Жаңа сабақ

Ой қозғау

Бейне таспа арқылы сабақтың мақсатын айқындайды

Миға шабуыл

Жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды

 

 

Ұлы Отан соғысының батырлары, Көкпектілік Кеңес одағының батырлары Шығармашылық тапсырма

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі, Москва, Сталинград, Ленинград шайқастарын ашып көрсету арқылы, топ оқушылары тақырыпты талдайды, Топ тақырыпты талдайды, постер қорғайды, өз ойларын ортаға салады. Әр топ бір-біріне сұрақ қою арқылы хронологиялық даталарды айтады.

Формативті бағалау

Екі топ біріне-бірі әр түрлі қағаздарды көрсету арқылы нақты баға береді

Жіберген қателіктері туралы айтады

 

Оқушылардың топтық жұмыстарын, топ ережесінің сақталуын бақылау, қадағалау

Оқушылар топпен, жұппен тапсырмаларды орындайды, пікір алмасады

 

4.Ой қорыту

Тест «Ыстық орындық», «ДЖИГСО», «Инсерт» әдісін ұсынады

Топ берілген тапсырма арқылы нені меңгергенін, нені түсінбегенін анықтайды. Топ бір-біріне көмек бере алады. Оқушылар ынтымақтасу арқылы бірлесіп жұмыс атқарады

Қорытынды бағалау мұғалім пікірі

5.Бекіту

Қорытынды.

Ұлы Отан соғысына 70 жыл

Мәңгілік ел

Нұрлы жол келешекке бағыт Жолдауына қысқаша түсінік береді

Өз ойларын жүйелі түрде жеткізеді.

Оқушылар «Қара жорға» биін көру арқылы жаттығу орындайды

 

6.Үйге тапсырма

Дерек жинау, негізгі ұғымдарды талдау

Күнделікке жазу

 

7.Рефлексия

 

 

 

 

«Екі жұлдыз бір тілек»

Қандай әсер алғанын білдіреді

Оқушылар сабақтан алған ойларын стикер арқылы қабырға газетіне іледі

 

8. Сабақ соңы

“Бар болыңдар, майдангер аталарым!” өлең шумағымен аяқтайды.

 

 

 

 

      Сабақ өте тартымды болды, топқа бөлу, оқушыларға жауапкершілікті жүктеді, сабаққа белсенді араласты. Сынып топтық жұмысқа бейімделу арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық қалыптасты. Оқушыларда өздеріне деген сенімділік пайда болды, тақырып толық ашылды. Көздеген мақсаттарға бірлесіп қол жеткіздік.

       Топтық жұмыс инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мен үшін де, оқушылар үшін де өте тиімді болды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы оқушыларымда өз ойларын еркін жеткізе алатынына көзім жетті. Оқушылардың шығармашылық ізденісі арқылы тақырып толық ашылды.Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы Ұлы Отан соғысына байланысты бейне таспаны пайдалану арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояттым.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения