Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
28.12.2014
0
748
0

«Менің Қазақстаным» және «Етістік.Етістіктің жасалуы»

Республика Казахстан,Северо- Казахстанская область,район имени Габита Мусрепова,с.Тахтаброд

КГУ «Тахтабродская средняя школа»
Учитель казахского языка и литературы

Сыздык А.Т.

Сабақтың тақырыбы  : Менің Қазақстаным Етістік. Етістіктің жасалуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік – Оқушыларды Отанын, жерін, әр халқының тілін құрметтеуге , қазақша сауатты сөйлеуге, Қазақстанның азаматы екенін мақтаныш тұтуға баулу. Етістік. Етістік жасалуын меңгерту.

 

  1. Дамытушылық – Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау, қазақша ойлау, қабылдау, сауатты жазу қабілетін дамыту

 

  1. Тәрбиелік – Балаларды еліміздің білімді, адал да алғыр, туған жерін құрметтей білетін азаматтары мен азаматшалары болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түр¡ : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі – тәсілдері :  түсіндіру, ойландыру, сүрақ –жауап, іздендіру, тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивтік тақта

Сабақтың барысы

Ι. Ұйымдастыру кезеңі – оқушыларды түгелдеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру. Слайд (3)

Ι Ι. Үй тапсырмасын тексеру . Слайд ( 4)

1)    ҚР Мемлекеттік Туы туралы сипаттама.

2)    ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы туралы сипаттама

3)    ҚР Әнұраны туралы сипаттама.

4)    Фразелогиялық сөздікті пайдалана отырып, берілген тұрақты тіркестердің мағыналарын анықтаңдар. ( 18 б,. 3- тапсырма)

 

Ι Ι Ι. Жаңа сабақ.

Мұғалім : - Мінекі, балалар , өздерің байқап отырғандарыңдай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  « Меің Қазақстаным» және « Етістік, Етістіктің жасалуы» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз және грамматикалық тақырыпты меңгереміз.

  1. Сабаққа ден қою. ( ой қозғау)

 

Барша заттың бір өзімде қимылы,

Сөз тобының күрделісі , қиыны.

Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,

Шақ, рай, етіс те боп жиылдың.

 

Балалар , осы шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?

-         Дұрыс , балалар!

А)Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз Етістік. Етістік жасалуы.

 Тірек сызба бойынша тақырыпты түсіндіру. Слайд (8)

 

          

Заттың қимылың, іс – әрекетін , жай- күйін білдіретін сөз табын етістік деп атайды. Етістік не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.Етістіктер басқа сөз таптарының ( зат есім, сын есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай) мағыналық жақтан ғана емес, морфологиялық жақтан жа және синтаксистік функциясымен де ерекшеленеді.  Етістіктердің сөйлемдегі қызметі басқа сөз таптарында әлдеқайда басым. Ол ерекшелік оның сөйлем мүшелерінің басын құрастыратын ұйымдастырушылық қасиетінен көрінеді. Етістіктер сөйлемде көбіне баяндауыш қызметінде жұмсалады да, көсемше түрі пысықтауыш, есімше түрі анықтауыш қызметін атқарады.       Морфологиялық тұлға жағынан басқа сөз таптары секілді дара және күрделі болады.

    Мысалы : айту , білу, сөйлеу, бір  сөзден тұратын етістіктерді дара етістік дейді, ал екі сөзден тұратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы :  алып келу, оқып беру т.б.

   Етістік тұлғасына қарай  негізгі және туынды болып екі топқа бөлінеді . Негізгі етістік түбір сөзден тұрады , ал туынды етістіктер деп түбір етістікке сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.          

 

Туынды етістіктің жасалуы

 

1.Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар

-ла,-ле, -да, -де, -та,-те, -а, -е, -лас, -лес, -дас, -дес, тас,- тес, қар, -кер, -ғар, -гер, лан, -лен.

  1. Сын есім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар .

 

А) Сын есім

- ла, -ле , -да, -де, т- та, -те, - ар, -ер, -р, - ай, - ей, -й.

Ә)  Сан есім

-ла, - ле, -да, -де, лес, -десү

3. Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар.

А) Үстеу

 - ла, -ле, -да, -де ,- та.

Ә) Одағай

- ла, -ле

Б) Еліктеу сөздер

- ла, -ле, - да, -де, -та, -те, -ыра, -іре.                    

Ә) Лексикалық тақырып бойынша жұмыс      

Интерактивтік тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызбаға қарап, мұғалім оқушыларға « Менің Қазақстаным» тақырыбы жайында мәлімет береді. Слайд (9)

 

IV. Грамматикалық жаттығу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар  өз орындарында отырып, жаттығулар орындайды.Содан кейін олар дәптерлерін өзара алмастырып тексереді, бағалайды.

23  ете 5 – тапсырма. Етістіктерді жасалуына қарай екі бағанаға бөліп жазу.

 

  1. Енді, балалар , интерактивтік тақтаға және компьютерге қараймыз. Сендерге тапсырма берілген . Жазылған сөздерді талдаңыз. Слайд (10)

 

  1.         Деңгейлік тапсырмалар  Слайд ( 11 -13)

 

III деңгей

 

                 

  1. Қазақстан                                                               мемлекет

               

 

 

Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

 

Есімдік + зат есім

Зат есім + етістік

Сын есім + зат есім

 

 

II деңгей

 

Тұңғыш президенті

Қазақстан                         Мемлекеттік тіл        

                                        Рәміздер

 

Сөз құрамына қарай талда.

 

Еліміздің, тарихи, еркінді.

 

            I деңгей

 

Қазақстан мүше болып қабылданды.

 

 

Менің Қазақстаным тақырыбына әңгіме құра.

 

 

V. Сергіту сәті . Ойлан, тап.  Слайд. ( 14)

 

Суверенный –                                    все народы –

Общий -                                              ОНН –

Независимый -                                  Единство народов –

Родная земля -                                  Воля –

Луч -                                                    Не делится –

Свобода -                                            Свет –

Сплоченность -                                        Святой –

Мирный -                                                  Член-

 

 

VI. Сабақты пысықтау .

 Тіл дамыту . Слайд ( 15)

 

« Менің Қазақстаным»

                                                                         Тақырыптарына диалог құра.

« Тәуелсіз Қазақстан»

 

VII. Сабақты бекіту. Тест .  Слайд ( 16-17)

 

1.ҚР Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды?

А) 1991               в) 1992           с) 1993         д) 1994

2. Жер көлемі батыстан шығысқа қарай қанша шақырым ?

А) 3000         в) 1700               с) 2000                   д) 3700

 

3.Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі ?

А) бес құрлық        в) біртұтастық     с) мал шаруашылығы  д) еркіндік

 

4.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

А) 1991       в) 1992        с) 1993        д) 1994

 

5.Қазақстан ғарышкерін тап.

А) Ю.Гагарин   в! Б.Мамышұлы       с) Т.Әубәкіров   д! Т.Бигельдинов

 

6.Етістік қандай сұраққа жауап береді?

А)  не істеді?    В) кім? Не?       С) қандай?     Д) неше? Қанша?

 

7. Етістік тұлғасына  қарай қандай топтарға бөлінеді.

А) сапалық, қатыстық         в) негізгі. Туынды       

с) жіктеу, сілтеу                   Д) есептік, реттік

 

8. Зат есім + етістік туып тұрған сөзді тап.

А) тұрады              в) жетістік       с) бейбіт      д) әшекейле

 

9. Негізгі етістікті тап.

А) достас             в) болды        с) баста            д) еңбектен

 

10. –дас, -дес, -тас, -тес жұрнақтары төмендегі сөздердің қай қатарына жалғауға болмайды.

А) бар, кел, ал.                В) аман, көмек, ақыл        с) сәлем,  қош.

 

VIII. Сабақты  қорытындылау . Ой қозғау ( кластер құрастыру).

         Слайд ( 18)

 

IX. Үйге тапсырма

 29 –б . 1 – тапсырма. ( Тірек сызба бойынша әңгіме құрап жазу).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения