Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
04.04.2012
0
2179
0

Саз әлемі

Год: 2012

Страна: Казахстан


Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы ,
Басықара ауылы,№ 182 школа ,старшая вожатая

Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна

 

«Саз әлемі» жобасы

Мақсаты:Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік  қабілетін, актерлік өнерін,хареографиялық талаңтың сынау. Өнерге біртабан жақындату.

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!

 

2-жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Саз әлемі» жобасына қош келдіңіздер демекпін.

 

1-жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті- әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.

 

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1-жүргізуші:Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып-тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.

2-жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге , өнерге деген құштарлығымен өзін бас-көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1-жүргізуші: «Болар адам- бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол- сахна. №182 мектепте 8-11 сыныптар аралығында  ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Саз әлемі» жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2-жүргізуші: Шараның мақсаты- Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің

Директоры Сейсенов Ғалымбек ағайға сөз береміз.

2-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.

  1. 1.     11-сынып оқушысы Сілтеу Ислам
  2. 2.     10-сынып оқушысы Сейділдә Жұлдыз
  3. 3.     10-сынып оқушысы Ақмырза Асем
  4. 4.     8-сынып оқушысы Алмас Мақсат
  5. 5.     9-сынып оқушысы Жүсіпова Назым
  6. 6.     11-сынып оқушысы Құрманәлі Жеңісбек
  7. 7.     10-сынып оқушысы Піралі Раушан
  8. 8.     9-сынып оқушысы Жұматай Тұрсынай
  9. 9.     9-сынып оқушысы Жұбайдолла Жарбол
  10. 10.     9-сынып оқушысы Жеткербай Гүлзат

1-жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсем:

  1. 1.     Тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағай
  2. 2.     Бастауыш бірлестік жетекшісі Мырзатаева Жаңыл апай
  3. 3.     Ән-әуез пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индира апай

 

1-жүргізуші:  Сонымен бүгінгі «Саз әлемі» жобасының сарапшыларымен таныстырып өтсем:

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүйінтай Сұлушаш апай

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймағанбетова Жанар апай

10-сынып оқушысы Сәду Айдана

11-сынып оқушысы Әбиболла Азамат

2-жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәрінізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,-дей келе сахнаға номері 1-ші талапкерімізСілтеу Исламды шақырамыз.

1-жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады-сахнада 2-ші номерлі талапкеріміз

Сейділда Жұлдызды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың .
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың-дей келе 3-ші номерлі әнші қызымыз

Ақмырза Асемді қарсы алайық.

2-жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,

Шақырайық  Мақсатты ән мен жырды шертетін.Сахнада 4-ші номерлі әншіміз Алмас Мақсатты қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5-ші номерлі Жүсіпова Назымды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6-шы номерлі талапкерімізді Құрманәлі Жеңісбекті ортаға шақырамыз. Қошемет.

1-жүргізуші: Музыка-ырғақ,нәзік әуен,асқақ үн.
Музыка-өзен,дала,аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне,әншілер,бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.-деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 7-ші номерлі әншіміз Пірәлі Раушанды қарсы алыңыздар.

 2-жүргізуші: Қазылар алқасының пікірін тыңдап көрелік.

2-жүргізуші: :  Біздерде ән кешіміз жалғасады,

                          Тамаша күй тартылып,ән салады.

                          Қошеметтеп,қол соғып отыралық,

                         Ұмытарсыз күні  бойғы шаршағанды-

дей келе ортаға келесі 8-номерлі әншіміз Жұматай Тұрсынайды Ортаға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.

1-жүргізуші:       Шық аруым жарысқа,

                             Бір-бірінен қалыспа.

                             Өнерінді байқасын,

                               Мына отырған халықта- демекші бүгінгі сайысымыздың 9- номерлі әншісі Жеткербай Гүлзатты қарсы алайық.Қошемет.

1-жүргізуші: Қазылар алқасымен сарапшыларымызға кезек берелік.

2-жүргізуші: :      Құлақтан кіріп,бойды алар

                               Жақсы әнмен, тәтті күй.

                               Көнілге түрткі ой салар,

                               Әнді сүйсең,менше сүй – дей келе енді сайысымыздың соңғы номерлі талапкерін Жұбайдолла Жарболды ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

1-жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды шығарам дегенше тамаша әнге кезек берейік.

1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.

 

Скачать урок

saz-lem.doc [79,5 Kb] (cкачиваний: 7)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения