Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
27.12.2014
0
796
1

Сартаева Назгул Тлеубергеновна, учитель биологии Средней школы №22 города Актобе, Казахстан

  Ақтөбе қаласындағы 22 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Сартаева Назгул Тлеубергеновна

 

 Сыныбы: 11 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Макроэволюция дәлелдемелері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Макроэволюция дәлелдемелі  жайында жан – жақты түсінік беру

ә) Дамытушылық: Қосымша суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру

 б) Тәрбиелік: Еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, макроэволюция дәлелдемелерін  танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу

 Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс,тест

Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызбалар

 Пәнаралық байланыс: география, экология

 Сабақ барысы:

 І. Ұйымдастыру

 1. Амандасу

2. Ұйымдастыру  

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1.      Кестені орындатамын
  2.      ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Макроэволюция – ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі. 1927жылы Ю.А. Филипченко.

Палеонтология – тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.

В.О. Ковалевский жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді. Ол жылқыларды аяқтарындағы башпай санының біртіндеп өзгеру ретіне қарай орналастырды.

1.Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) – биіктігі 30см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай. Ол бұдан 58-54 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

2.Миогиппус (олигоценде тіршілік еткен) – ортаңғы башпайы өте жақсы жетілген, 2-4 башпайлары қысқа. Ол бұдан 37-25 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

3.Мерикгиппус (миоценде тіршілік еткен) – ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-4 башпайлары өте қысқа. Ол бұдан 16-9 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

4.Осы заманғы жылқы (плейстоценде тіршілік еткен). Оның арғы тегі бұдан 9-3 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

Бірін – бірі біртіндеп ауыстырып, дамып, эволюциялық процестің барына көз жеткізген қатарды филогенетикалық қатар дейді.

Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әртүрлі мүшелерді гомологтік мүшелер дейді.

Жарғанаттың қанаты мен көртышқанның алдыңғы аяғы жануарлардағы гомологтік мүшелеріне мысалы.

Өсімдіктердегі гомологтік мүшелер жапырақтың гомологиясына сарыағаш (бөріқарақат), кактус, итмұрынның тікенектері мен асбұршақтың мұртшасы жатады.

Құрылысы мен шығу тегі әртүрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді аналогтік мүшелер дейді.

Аралық форма. Ірі жүйелеу топтарының арасында органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсететін аралық формалары болады. Мысалы, төменгі сатыдағы сүтқоректілер – үйректұмсық пен түрпінің жұмыстқа салып көбеюі, клоакасының болуы бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығын дәлелдейді.

Органикалық дүниенің шығу жолын толық түсіну үшін жүйелеу топтарының қазіргі кезде тіршілік ететін түрлерінің құрылысын зерттеу қажет.

Эволюциялық салыстырмалы эмбриологиялық (онтогенетикалық) дәлелдемелері.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э. Геккель биогенетикалық заңды ашты.Бұ заңның негізгі қағидасы: әрбір дара өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын  қысқаша қайталайды.

Эволюцияның молекулалық – генетикалық дәлелдемелері. Соңғы жылдардағы генетика және биохимия ғылымдарының жетістіктерін бір – бірімен салыстыру арқылы туыстық жақын организмдердің ДНҚ молекулаларының ұқсас болатыны анықталды. Мысалы, адамтектес маймылдар мен адамның жасуа құрамындағы аминқышқылдарының және гемоглобиндерінің молекулалық құрамы ұқсас.

 

 ІV. Бекіту 1.Макроэволюция қандай процесс, микроэволюциядан қандай айырмашылығы бар?

2.Палеонтология нені зертейтін ғылым?

3.Жылқы эволюциясында болған өзгерістерді сызбанұсқа арқылы сипаттаңдар

4.Гомологтік және аналогтік мүшелерге анықтама беріңдер және мысалдар

5.Биогенетикалық заңның негізгі қағидасы

 

 V. Үйге тапсырма§18,19,20 оқу

 VІ. Қорытынды .

 VІІ. Бағалау Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения