Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
27.12.2014
0
657
0

Кизатаев Канат Муканович, учитель физической культуры Курчумской средней школы №4 им. Н.Островского, Курчумского р/на, Восточно-Казахстанской области, Казахстан





Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Н.Островский атындағы №4 күршім орта мектебі

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қизатаев Қанат Мұқанұлы

 

 

Сабақ тақырыбы: «Ептілер мен батылдар сайысы»

Сынып: 3

Мақсаты: Оқушыларды тез бағдарлауға, зерек жіне епті болуға дағдыландыру, спорттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Алдына мақсат қоя білуге, жеңіске жете білуге және жолдастық қарым-қатынастарының қалыптасуына тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтетін орыны: Мектеп спорт залы

Қолданатын құрал-жабдықтар: Ысқырық, эстафеталық таяқшалар, волейбол, баскетбол доптары, қондырғылар, арқан.

 

Сайыстың бағдарламасы.

  1.      Топтарды сапқа тұрғызу
  2.      ҚР мемлекеттік әнұранының орындалуы
  3.      Топтарды орындарына тұрғызу
  4.      Жарыстың шарттарымен таныстыру
  5.      Эстафетаны өткізу
  6.      Қорытындысы және марапатталуы
  7.      Топтың спорт залынан шығуы

 

Эстафеталық сайыс

  1.      Таяқшамен жүгіру.

Шарты: Бірінші ойыншы таяқшамен жүгіріп барып қондырғыдан айналып өтіп, келесі балаға таяқшаны береді.

 

  1.      Допты домалатып жүгіру.

Шарты: Ойыншылар допты домалатып белгіленген жердегі қондырғыдан айналып өтіп келіп келесі балаға допты береді.

 

  1.      Кенгуру.

Шарты: Қатысушы волейбол добын аяғымен қысып алып, белгіге дейін секіріп барып айналып келіп келесі балаға допты береді.

 

  1.      Сақинаға доп тастау.

Шарты: Допты еденге соғып жүгіріп барып сақинаға допты бағыттап лақтырып, қайта келіп әріптесіне допты беру. Доптың сақинаға түскені есептеледі.

 

  1.      Әтештер қақтығысы.

Шарты: Әр топтан бір оқушы шығып шеңбер ішінде қолдарын артқа ұстап бір аяқтарын бүге көтеріп иықтарымен итерісіп күш сынасады. Бүгілген аяғы еденге тиген немесе шеңберден шығып кеткен сайыскер жеңлді деп есептелінеді.

 

  1.      Теңге алу

Шарты: Қатысушылар жылдамдықпен жүгіріп шығырық ішіндегі теннис доптарын жинап өтулері керек.

 

  1.      Арқан тартыс.

Шарты: Топтар екі жаққа тұрып арқаннан ұстап тартысады, белгіленген сызықтан тартып алған топ жеңеді.

 

  1.      Жылдамдықпен доп беру.

Шарты: Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Допты жылдамдықпен бір-бірлеріне берулері қажет. Ысқырық дауысы естілгенде доп кімде қалып қояды сол ойыншы ойыннан шыгады. Нәтижесінде жалгыз қалған оқушы жеңімпаз атанады және тобына ұтыс әкеледі.

 

Қорытындылау: Топтардың сайысқа белсене қатысқандарын атап айта кете отырып алғыс айту.

 

Марапаттау: Топтарды қарама қарсы тұрғызып  бір-бірлерін құттықтаулары және мадақтау.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения