Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
26.12.2014
0
625
0

Калекеш Айнагуль Абайкызы, учитель математики Государственного учреждения "СОШ №5 с гимназическими классами" города Актау Мангистауской области, Республики Казахстан





 

«Гимназия сыныптары бар №5 жалпы білім беру орта мектебі»ММ

 

 ТАҚЫРЫБЫ:  Бірмүше және көпмүше тақырыптарына

 

 «Астанаға саяхат» қайталау сабағы

 

                                                       Дайындаған: математика пәні мұғалімі

                                                                         Қалекеш Айнагүл Абайқызы

 

Сабақтың тақырыбы:   Бірмүше және көпмүше тарауларын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Бірмүше және көпмүше тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру және тиянақтау;

                                       2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау, өз бетімен еңбектену қабілеттерін дамыту;

                                       3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  тапсырмалар жазылған слайдтар, карточкалар, әртүрлі бағалау

фигуралары.

 Типі:  дәстүрлі емес сабақ.

 Түрі:  саяхат-сабақ

 Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру сәті.

                                      ә) «Астанаға саяхат» қайталау сабағы.

        Маңғышлақ стансасынан Маңғышлақ- Астана жолаушылар жүрдек поезы жолға шығайын деп тұр. Бұл поезбен мектебіміздің  7 сынып оқушылары жетекшісімен бірге еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхатқа бара жатыр. Ең біріншіден әрқайсыларына өз міндеттеріңді бөліп берейін: көшбасшы – сынып жетекшісі (ол мен), жолсеріктер – сынып старостасы мен оның көмекшісі, жолаушылар – оқушылар.

      Ал, енді балалар қаламыздан ұзақ сапарға аттанамыз. Онда жолсеріктердің дайындығын көрейік: Оларға 2 есептен тапсырма беремін:

Бірмүшелерді стандарт түрге келтіріңдер:

1-жолсерік:                                                       

                         

      

 2- жолсерік:                                                                       

 

    Осымен жолсеріктер дайын болды.

 

Балалар, жолсеріктер сіздердің билеттеріңді тексеріп болған соң, орындарыңызға орналасу үшін келесі есептерді шығарамыз:

 

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу керек:

1-жолаушы:

 

2- жолаушы:

 

Жолаушылар жайғасты.

 

       Ал, енді балалар жолсерік поездың Бейнеу стансасына келіп тоқтап жатырғанын хабарлады. Енді бұл жерден әдеттегідей әртүрлі жеміс-көкөністер сатып алу үшін мына есептерді шығаруыңыз керек:

Ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:

№1. Алма.          

№2. Алмұрт.    

№3. Жүзім.      

№4.Апельсин. 

 

Енді бәріміз олжалы болдық. Түрлі жеміс-көкөністерді сатып алдық. Ары қарай жүріп кеттік.

... Жолсеріктер келесі аялдама Атбасар стансасына жақындағанымызды хабарлады. Енді бұл жерде тоқтап, таза ауада тыныстап алу үшін келесі тапсырмаларды орындауыңыз қажет:

Өрнектің мәнін табыңдар:

3-жолаушы:

4- жолаушы:

 

        Енді міне балалар Астана қаласына да келіп жеттік. Оқушылар біздің астанамыз - Астана қаласының әдемі жерлері көп. Оның ішінде біз «Бәйтерек» демалыс кешені мен «Думан» ойын-сауық кешеніне барамыз. Ол үшін алдымен келесі есептерді шығаруыңыз керек:

Теңдеуді ықшамдап алып, шешіңдер:

5-жолаушы:

 ,  Тексеру:   6∙2=12

6-жолаушы:

 ,      Тексеру:   4∙8=32

7-жолаушы:

 ,      Тексеру:   -5∙(-2)=10

 

8-жолаушы:

 ,      Тексеру:   -11∙(-3)=33

9-жолаушы:

Логикалық есептерді шешіңдер:

1. 5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі? (4)

2. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың бір қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6)

3. Қосарланып жегілген ат-арбамен  Сұлтан 10 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? (10)

 

4. Ағаш үстінде 20 торғай отырды. Марат 6 торғайды атып алды. Сонда торғайдың нешеуі қалды? (6)

      Жарайсыңдар, балалар. Біз «Бәйтерек»-тің төбесіне көтеріліп арман-тілектерімізді айттық. Одан кейін «Думан» ойын-сауық кешеніне барып араладық.

       Бұл сыныптың саяхатқа шыққандағы мақсаты еліміздің бас қаласы Астанаға барып, оны аралау.

 

        Қорытынды: Сонымен балалар, біздің қысқа да, қызықты саяхатымыз аяқталды. Біз сіздермен еліміздің бас қаласы – Астанаға барып, оның әдемі жерлерімен таныстық. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Енді мектебімізге қайта оралайық.

       Сонымен сендер жол бойы және Астанада шығарған есептеріңді ұмытпаңдар, қайталап тұрыңдар.

 

       Үйге тапсырма: Бірмүше, көпмүше тақырыптарын қайталау.

        Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения