Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.12.2014
0
419
0

Қазақстан – біздің Отанымыз

Казахстан,г.Кызылорда

Средняя школа №198

Учитель казахского языка и литературы

Дусжанова  Салтанат Булатовна

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға  зат есімнің  жекеше, көпше түрде жіктелуін түсіндіру, жаңа сөздерді таныстыру, дұрыс айтуға дағдыландыру

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту

б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөздік, көрнекілік, интерактивті, кітаппен жұмыс, жаттығу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кітап.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Әнұран айту;
  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

2. Жаңа сабақ.

      Оқушыларға бүгінгі сабақтың саяхат сабақ болатынын, Қазақстан қалаларына сапар шегетінімізді айту.

2.1. Бірінші қаламыздан шықпас бұрын тапсырманы орындайық!

       Қызылорда қаласы жаңа грамматикалық тақырыпты өтпейінше бізге жолды ашпайды.

Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Ал енді киелі, күмбезді Түркістан қаласына сапар шегелік! Бұл қасиетті шаһар бізге жаңа сөздер дайындап қойыпты.

Сөздік жұмыс.

  • Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазу
  • Дұрыс айтуға дағдыландыру

-         мұғалім мәнерлеп оқиды:

-         оқушылар дауыстап қайталайды:

-         оқушылар тізбекпен оқиды.

  • Сөздерден сөз тіркестерін құрау
  • Олардың синоним, антоним, омоним қатарларын табу
  • Сөйлемдер құрау

құрлық – суша                              табиғаты көркем қорықтар – заповедники с жазық дала – равнина                     живописной природой

қорық – заповедник                      шөл – пустыня

Еуразия құрлығы – материк Евразии  аймақ – край

шөлді аймақтар – пустыни                             белес – преграда, трудность

2.3.Шымкент қаласы бізге қандай тапсырма береді екен! Лексикалық тақырып.   «Қазақстан – біздің Отанымыз» тақырыбына арналған слайдтар мен тірек сызба

арқылы лексикалық тақырыпты түсіндіру.

2.4.Тарихы терең Тараз қаласы бізге грамматикалық жаттығу дайындапты.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазу.

      Менің туған жерім, Отаным – Қазақстан. Қазақстан – көп ұлтты республика.

      Қазақстанның астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстанның тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2.5. Алматы қаласы біздің оқушыларды диалог жөнінен сынамақ.

Жұптық жұмыс. 6-тапсырманы орындау. Диалогті қазақ тіліне аударып, өзара сөйлесу. Жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, нешінші жақта тұрғанын анықтау.

2.6. Бекіту. Талдықорған және Қарағанды қалалары біздің лексикалық және грамматикалық білімдерімізді сынға алмақ.

а) Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
  2. Жіктік жалғау  үш жақ бойынша қалай жалғанады?
  3. Жіктік жалғау қандай сөздерге жалғанады?
  4. Жіктік жалғау қандай сөз таптарына жалғанады?
  5. Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?
  6. Қазақстанның жері қандай?
  7. Табиғаты қандай?
  8. Мұнда нелер бар?
  9. Қазақстанда әлемге әйгілі нелер көптеп кездеседі?
  10. Халқымыздың мақтанышы не?
  11. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Ол қашан сайланды?

ә) Еңселі елордамыз да бізге тапсрма дайындапты.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазу.

3. Үй тапсырмасы.

3.1. 7-тапсырма. Өлеңді жаттау.

3.2. Ереже, сөздік жаттау.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения