Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
25.12.2014
0
657
0

Садвакасова Рауза Рахметулловна, учитель химии и биологии Алтындинской средней школы имени Турсынбека Какишева Буландынского района Акмолинской области, Казахстан





Спирттер тақырыбы бойынша дәстүрлі емес сабақ - сот сабағы

                                                    Сабақтың мақсаты

а) білім беру – спирттердің жіктелуін, химиялық және физикалық қасиеттерін салыстырып, спирттер туралы оқушылардың білімін қорытындылау;

ә) дамыту – оқушылардың спирттер тарауы бойынша игерген материалдарын толықтыра отырып, оларды ойлау қабілетін ізденімпаздығын одан әрі дамыту;

б) тәрбие беру – оқушыларды алкоголизмге қарсы тәрбиелеу, оның зиянды жақтарын аша отырып, денсаулық сақтау қажеттігін сегіне түсуге баулу; адамгершілікке, азаматтық жауапкершілікке, еңбектенуге ұйымшылдыққа, болашақта білікті,  саналы маман иесі болуға тәрбиелеу, оқушыларды өзін-өзі көпшілік алдында еркін ұстай білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға үйрету.

    

    Сот сабағының барысы. Оқушылар өздері қалаған рөлі бөлініп берілді.

  1.      Сот төрағасы және оның көмекшілері.
  2.      Жәбірленуші.
  3.      Айыптаушы (прокурор).
  4.      Айыпкер.
  5.      Куәгер – дәрігер.
  6.      Куәгер – полиция қызметкері.
  7.      Қорғаушы (адвокат)
  8.      Куәгер – екінші дәрігер.
  9.      Куәгер – химик.
  10.         Хатшы.

 

Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр!

    Сот төрағасы: - Бұл ашық сот мәжілісінде спирттің зияны туралы проблема қозғалады. Спирттен жапа шеккен, спирттік ішімдіктің арқасында денсаулығынан айырылып, өмірде көп қиыншылық көрген жәбірленушінің шағымы бойынша  іс қозғалды. Істі «Органикалық химия» қолға алады.

Адамдар спиртті қаралап, оның келтіретін зиянын айтуына,  ал спирт өзін-өзі ақтауға мүмкіндік беріледі. Сот мәжілісінде шындық және тек шындық айтылуы тиіс.

   Хатшы: Сөз кезегі жәбірленушіге беріледі.

   Жәберленуші: Этил спирті суда жақсы ериді. Одан неше түрлі спирттік ішімдіктер даярлайды. Ал оны үнемі ішетін адамдар маскүнемдікке салынып кетуі ғажап емес.

  Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді. Ол – дөрекі, ұстамсыз, әдепсіз келеді.

   Спирттің әсерінен адамдар неше түрлі ауруларға душар болады. Адамның жұмысқа деген қабілетін, ұқыптылығын, байқампаздығын тежеп, сана-сезімін улайды. Сондықтан мен спиртті айыптауды сұраймын.

    Хатшы: Айыптаушы, сізге сөз беріледі.

   Айыптаушы:  Иә, спирттің зиянды екені рас. Оны осы отырғандардың әрқайсысы мойындайды. Алкоголь дегеніміз – қан құрамындағы шарап спирті. Адам арақ – шарапты ішуді әуелі жай әуестіктен бастап, кейіннен оны әдетке айналдырады. Арақсыз тұра алмайтындай күй кешіп, ауруға ұшырайды, денсаулығы бұзылады.

   Әсірісе, метил спирті күшті у. Ол тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде көз жүйкелерін бүлдіріп, суқараңғы соқыр етеді. Спирттің 5-10 мл-нен ағза қатты уланады, 30 мл-нің өлтіріп те жіберуі мүмкін.

    Этил спирті – наркотик. Ол ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімдігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік,  желікпелік, дөрекілік пайда болады. Алкогольді пайдалану салдары тіпті қауіпті, ондай адам ішімдікке дағдыланып алады да, мүлде салынып, ақыр аяғында асқынып, алкоголизммен ауырады.

   Алкоголь, әсіресе, жас адамдар үшін өте қауіпті, өйткені өсіп келе жатқан ағзада зат алмасу үрдісі қарқынды жүреді де улы әрекеті дереу сезінеді. Жастар тіршілігінен спирт атауының барлық түрлерін толық жою қажет.

  Осы айтылған сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерімді ораға шақырамын. Куәгер-дәрігер өзінің спирттік ішімдіктерге көзқарасын білдіреді.

        Куәгер-дәрігер:  Спирттік ішімдіктердің адам өміріне қауіпті екені ешкімге жаңалық емес.

    Спирттік ішімдікті үнемі қабылдайтын адамдардың асқорыту жолының кілегейлі қабықшасы зақымдалып, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара гастрит пайда болады. Этанол суда тез еритіндіктен қанға тез сіңіп, қанмен барлық мүшелерге тарайды, этанол 90%  бауырда ферменттер әсерінен тотығып, ағзаға улы сірке альдегиді түзіледі. Алкоголь ұзақ пайдаланудың әсерінен бауыр жасушалары өзгеріп, цирроз ауруына шалдығады.

 

       Алкоголь қарында қанның құрамына тез өтіп, қан айналымы арқылы жүйке жасушаларына енеді де, олардың әдеттегі қызметін бұзады, ең алдымен үлкен ми сыңарларының жасушаларына әсер етеді. Сондықтан адам қимыл-әрекеттері өрескелденіп, ұстамдылықтан айырылады. Мишық жұмысының бұзылуынан адамның жүрісі, іс-қимылы өзгереді, ауруды сезбейді.

 

  Алкоголь қан-тамырлар жүйесіне де өте зиянды. Ол эритроциттер бұзады, сөйтіп оттегін нашар тасымалдайтын болады. Спирттік ішімдіктер гипертония ауруының дамуына себепші болады.

   Алкоголь зәр шығару жүйесінің барлық бөлігіне зиянды әсер етіп, олардың жұмысын бұзады. Әсіресе, бүйрекке өте қауіпті, ағза уланып, одан адам өліп кетуі мүмкін.

      Спирттік ішімдіктерді үнемі қолдану жыныс жасушаларынаң сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушалардың зақымдануына әкеп соғады.

Бұл жағдайда бойы мен дене салмағы кем , нашар жетілген түрлі ауруға шалдыққан бала өмірге келуі мүмкін. Алкоголь жиі пайдаланатын адамдардан туған баланың орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданып, ұстамалы ауруға жиі ұшырайды. Мұнай балалардың жағдайы түзелмейді, оларға ешкім де көмектесе алмайды. Бұндай адамдар балаларын ғана емес, өздерін де және айналадағы адамдарды да азап шектіреді.

   Хатшы: Келесі куәгерлікке полиция қызметкері шақырылады.

   Полиция қызметкері:  Ұрлық, тонау сияқты қылмысты істер арақтың әсерінен жасалады. Жол апараттарының 80 %   спирттік ішімдіктерді қолданған жүргізушілердің кінәсінан. Адамдар спирттік ішімдіктер әсерінен қайғылы жағдайларға ұшырайды, сондықтан мен спиртті айыптауды, жазалауды сұраймын.

      Сот төрағасы:  Айыпкер – спирт, осы айтылған кінәларыңызды мойындайсыз ба?

Айыпкер-спирт: Спирт өте зиянды деп кінәлағандарыңызбен, менің халық шаруашылығында, медицина саласында тигізетін шексіз пайдамның бар екенін де ескеріңіздер.

   Қорғаушы:  Мен спирт туралы айтылып жатқан шағымдарыңызды тыңдай келе, оған өз қарсылығымды білдігім келеді.   Барлық келеңсіз жағдайларға спирт кінәлі дейсіздер. Ал спирттік ішімдіктерді кім дайындайды? Олардың дүкен сөрелерінде самсап тұруына кім кінәлі?

   Әрине, адамдардың өздері.

    Спирттің пайдасы шексіз. Сөзім дәлелді болу үшін куәгерлерімді ортаға шақырамын.

    Хатшы: Екінші дәрегерге сөз беріледі.

     Куәгер-дәрігер: Этил спиртінің медицинада маңызы шексіз. Ол көптеген дәрі-дәрмектер жасауға қолданылады. Микроорганизмдерді өлтіретіндіктен, дезинфекциялаушы зат ретіде қолданылады.

     Этил спиртінен диэтил эфирі алынады, ол еріткіш ретінде және медицинада ауыр операциялар кезінде наркоз үшін қолданылады. Спирттен хлорэтан алынады, ол жеңіл операциялар кезінде операция жасалатын жерді жансыздандыру үшін пайдаланады.

      Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша спирттік ішімдіктер аз мөлшерде, әсіресе жүрек ауруына бейім адамдарға пайдалы екен. Осыған байланысты «Денсаулық» журналының 2001 жылғы 1 нөмірінде «Денсаулық және ішімдік» атты мақаласын оқып берейін.

                              Денсаулық және ішімдік

      Жұрт ішімдікті аздап қана ішсе, денсаулыққа пайдалы деп жүр ғой. Сонда бү шіркіннің “аздабы” қандай болмақ керек?

   Дәрігерлер 12 жыл бойы 122 мың мейрбикеннің өмірін зерттеді. Сондағы келген қорытындылары: аздап қана ішетін әйелдер көп ішетін әйелдер немесе түк ішпейтін әйелдерге қарағанда әлдеқайда ұзақ өмір сүреді екен. Алайда аздап қана ішу арқылы денсаулықтарын жөндеу мүмкіндіктері барлардың санатына тек денсаулығына шылымның қаупі бар, қан қысымы жоғары, етженді, сусамыр, қанында холестерині басым және ата-бабасынан жүрек ауруына бейім  елуден асқандар енетін болып шықты.

  Татып алмайтындармен салыстырғанда араққа шаққанда аптасына орташа 15 грамнан 45 грамға дейін ішетін сол әйелдердің ішінде өлім кем. Ішпейтіндермен салыстырғанда күніне 30 грамнан асыра ішетіндердің өлім қаупі 19 пайыз артық.

  Зерттеудің қорытындысына баға бере келе Окленд (Калифорния) штаты медицина орталығының дәрігері Артур Клацки соңынан салынып ішіп кетпейтіндігіне сенімді адамдар ғана ішімдікті ем ретінде аздап ұрттауына болар деп түйіндейді.

   Ал Ботсон зерттеу орталығының басшысы доктор Чарлз Фукстың айтқаны мынау:  мен кім-кімге де ішімдікті дәрі ретінде ішуге кеңес бермеген болар едім. Ішімдікті шамамен ғана ішетін әйелдердің ұзағырақ өмір сүретіндігі рас.  Бұның өзі де тек жүрек ауруына бейімдерге ғана қатысты. Ал бұндай аурумен ауырып қалу қаупін азайтамын десеңіз бұдан да гөрі тиімді әдістер – темекіні тастау, артық салмақтан арылу, қан қысымын қалыпқа түсіру тәрізді өзге де сенімді жолдары бар ғой. Ал ішімдік болса, обырдың кейбір түрлерінің туу қаупін арттыруы мүмкін.

   Зертеу қорытындысы ерлерге де қатысты. Бірақ, олар үшін аптасына 30 граммнан 60 грамға дейін ғана ішуге рұқсат етіледі. Көп емес. Есесіне татып алмайтындарға қарағанда өлім қаупі 22 пайызға төмендейді.

                                                                                              Эфир-Дайджест

 

  Спирттің медицинадағы маңызын ескеріп, оны айыптау жазасынан босатуды сұраймын.

Хатшы:  Куәгер-химик, сіз не айтасыз?  

Куәгер-химик:   Спирттердің халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Олар көптеген өндірістерде еріткіш ретінде қолданылады. Химиялық өнеркәсіптерде оларды сан алуан синтездер үшін пайдаланады.

 

  Көп мөлшерде спирттер синтетикалық каучук өндірісінде қолданылады. Метил спирті пластмасса өндірісінде қолданылады.

2СН3 ОН+О2    кат →     2НСОН+Н2О                                                                  

  Формальдегид фенолмен поликонденсациялану реакциясы нәтижесінде фенолформальдегид пластмассасы алынады.

   Спиртті тотықтырып, тағамға қажетті сірке қышқылын алады.

                СН3СН2ОН + О2    кат →   СН3СООН + Н2О                                                                       

  Спиртті  дегидратациялау жолымен диэтил эфирі алынады.

                                          H2SO4  t                                                        

С2Н5  –  ОН +НО  – С2Н5    →    С2Н5 – О – С2Н5 + Н2О

  Диэтил эфирі – ұшқыш, оңай тұтанатын сұйықтық, жаңа дәрігер айтып өтті, тағы да қайталаймын, ол медицинада наркоз үшін қолданылады.

   Спиртті хлорсутекпен өзара әрекеттестіру арқылы жеңіл операциялар кезінде мұздатып қатыру үшін – сол жерді анестезиялау үшін қолданылатын хларэтан алынады.

                      C2H5OH + HCI →   C2H5CI + H2O

     Спирттер лак, дәрі-дәрмек, бояғыш заттар және хош иісті заттар өндірісінде бастапқы зат ретінде қолданылады.              

  Күрделі эфирлер иісті сулар өндірісінде қолданылады.

   Халық шаруашылығындағы және медицинадағы пайдасы үшін  спиртті айыптау жазасынан босатуды сұраймын.

    Хатшы:   Сот төрағасы кеңесшілермен ақылдаса келе өз үкімін оқысын.

    Сот шешімін хабарлау үшін орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын.

   Сот төрағасы:  Куәгерлердің айтқан сөздерін тыңдай келе, спирттің зияны мен бірге шексіз пайдасының бар екенін ескере отырып, сот өз үкімін шығарады:

    Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер кодексінің  «Қоршаған орта және оны зиянды әрекеттерден қорғау»туралы 85-бабы бойынша Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің  «Органикалық химия»  соты халық шаруашылығындағы пайдасы, маңызын ескеріп, спиртті айыптау жазасынан босатады.

   Хатшы:  Сот осымен өз жұмысын аяқтайды.

(Сот төрағасы кеңесшілермен кетеді. Айыпкерді қорғаушы, куәгерлер құттықтайды.)

     Міне, балалар, сот жұмысының барысында сіздер спирт адам денсаулығына зиянды екенін, сонымен қатар оның халық шаруашылығында, медицинада маңызы шексіз екенін ұқтыңыздар.

     Сот сабағындағы ең жоғары жетістік – оқушылардың сабақты өздері жүргізеді. Бұл сабақ оқушыларды өз бетімен ізденуге, әрбір айтылған сөзге мән беруге, жауапкершілікке баулиды. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения