Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.04.2012
0
2020
0

Файлдар мен қапшықтарды іздеу

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район ,ауыл Жанкожа батыр
Учитель информатики школы №94 
Төлебаева Аралкуль Канатовна

Сабақтың  тақырыбы: 

Файлдар  мен  қапшықтарды  іздеу

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға  жаңа  тақырып  бойынша  түсінік  беру. Оларды  жұмыс  істеу  кезінде  қолдана  білуге  үйрету.

Міндеттері:

1.Білімділік. Оқушылар  тақырыпты  еркін  меңгеріп, оны  күнделікті  жұмыста  пайдалана  біледі  және  көптеген  командаларды  орындай  алады, 7 сыныпта  өтілген  тақырып  файлдар  мен  қапшықтарды  еске  түсіреді.

2.Сын  тұрғысында  ойлау  байланысты. Оқушылар  тақырыпты  терең  меңгеріп, оларды  ассосация  арқылы, Венн  диаграммасы  арқылы  өздері  қолдана  біледі.

3.Топтық  жұмыс  процесі.  

1.Ұжымдық  жұмыс  жүргізу

2.Сыйластық  арқылы  бір – біріне  көмектеседі.

Күтілген  нәтижесі.

1. Сабақты  еске  түсіру  арқылы  ауызша  айтып, қорытындылай  алады.

2. Қажетті  страгроммаларды  пайдалана  алады.

3. Бір – бірінің  пікірін  тыңдайды.

Қажетті  материалдар: Плакат, оқулық, дәптер, компьютермен  жасалған  көрнекіліктер, фишкалар, бағалау  көрсеткіші.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Типі: Жаңа  сабақты  игерту.

Барысы: І. Қызығушылықты  ояту.

1. «Кім  жылдам?»  ассосаация  әдісімен  үй  тапсырмасын  орындату. (5  минут)

2. «Аквариум»  әдісі  арқылы  сыныпты  топқа  бөліп, даму  көрсеткішінің  қаншалықты  екенін  көрсету.

ІІ. Мағынаны  тану.

  Жаңа  сабақты  оқулықпен  байланыстыра  отырып  игертеміз.

1. Файл  деп  нені  айтамыз?

2. Қапшық  деп  нені  көрсете  аламыз?

3. Оларды  қалай  іздеуге  болады?

  Файл – аты  бар  бірқатар  байттар  тізбегі. Құжат  бағдарламаға  бағынышты, өйткені  ол  өңделетін  обьект. Файлдың  типіне  қарап  біз  білеміз.

  Қапшық – обьектілер  бірлестігі. Ол  жүйелік  және  жұмыс  қапшығы  болып  екіге  бөлінеді. Жүйелік  қапшыққа  бағдарламалар  жатса, жұмыс  қапшыққа  өздеріміз  құрған  қапшықтар  жатады. Оған  шексіз  кірістіре  беруге  болады.

  Біз  егерде  файл  немесе  қапшықтарымызды  жоғалтып  алсақ  оны  Поиск  немесе  найти  командалары  арқылы  іздеп  табуға  болады. Бұл  жедел  іздеп  табуға  көмектеседі.

  Бұл  параметрлердің  жеке  комбинациялары  арқылы  оның  аты, жасалған  күні, өлшемі, типі, мазмұнын  көрсету  арқылы  іздеуге  болады.  Оны  мына  әрекеттер  іске  асырамыз. Пуск         найти         файл  и  папки.  Экранда  іздеу: барлық  файлда  диалогтік  терезе  пайда  болады. Имя  өрісіне  қапшықтың  немесе  файлдың  атын  енгіземіз.Искать  текст  өрісінде, егер  ізделінетін  құжаттың  аты  естеріңізде  болмаса, мәтіннің  кейбір  жеке  сөздерін  көрсетуге  болады. Где  искать  өрісіне  қайдан  іздеуге  болатынын  көрсетеміз. Сонда  табу  жолының  көрсетілген  қосымша  өріс  ашылады.  (10  минут)

ІІІ. Ой  толғаныс.

І. «Міне  қызық»  атты  ақпараттану  орталығы  бойынша  мәліметтер  айтылады.

(15  минут)

а)  Компьютердің  зияны  қаншалықты

б) Жоғары  сапалы  дербес  компьютерлер

в) Сіз  білесіз  бе?

ІІ. «Сергіту  сәті»  Оқушыларды  жалықтырмау  және  сабақты  қорытындылау  үшін  жұмбақ  жасырылады. 

  1. Программаға  сәйкес  операцияларды  орындауға  арналған  компьютердің  негізгі  құрылғысы. (процессор     халықтың )
  2. Компьютерді  қолдану  кезіндегі  ең  аз  деген  құрылғы. Негізгі  бөліктеріне  не  жатады?  (монитор, жүйелік  блок, пернетақта      кемеліне  келіп)
  3. Операциялық  жүйенің  қандай  түрлерін  білесің?   (MS DOS, Windows        өркендеп)
  4. Компьютерде  орнатылған  барлық  жүйелер  мен  бағдарламалық  жасақтамаларды  басқару  үшін  не  қажет. Ол  компьютермен адам  арасындағы  байланысты  қамтамасыз  етеді.  (операциялық  жүйе       өсуі  үшін)
  5. Күн, ай  мерзімін  және  уақытты  қалай  орнатамыз (пуск      настройка      дата  и  время       ең)
  6. Файл  немесе  қапшықты  іздеу  үшін  орындалатын  команда (пуск      найти      алдымен)
  7. Ізделінді  файлды  немесе  қапшықты  қандай  өрісте  көрсетуге, жазуға  болады

(имя  местоположение       имя  өрісінде        азаматтық)

  1. Табылған  қапшық  немесе  файлды  қайдан  көре  аламыз   (қосымша  өріс      пен)
  2. Басқа  қандай  активті  жағдайларды  білесіңдер   (дата  и  дополнительно      білім)

10.  Берілген тапсырмаларды  орындап  болғаннан  соң  орындалатын  батырма (найти     керек)

                                                                                                                                                (5  минут)

ІІІ. «Есте  сақта – не  бұл?»

    Табақтағы  су, сабын, орамал, ақ  парақ, спирт, мақта, тышқан – 7 зат  берілген. Не  істеуге  болады?

    Жауабы: Алдымен  тышқан  шаригін  алып, оны  табақтағы  сабын  суға  жуып, орамалға  сүртіп, ақ  парақтың  бетіне  қоямыз. Тышқанның  ішін  спиртпен  малынған  мақтамен  сүртеміз. Содан  соң  шаригін  салып  қолданамыз.  (5  минут)

IV. Оқушыларды  бағалау.

2 – топ  бақылаушы  топ  және  фишкалар  арқылы  бағалау.  (2  минут)

V. Үйге  тапсырма  беру. Практика  жүзінде  орындау, «міне  қызық»  атты  мәліметтер  әкелу.

                                                                                                                                                 (1 минут)

 

 Скачать урок

fayldarmen-apshytardy-zdeu.doc [38,5 Kb] (cкачиваний: 6)

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения