Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
23.12.2014
0
531
0

Ирсалиева Нурзифа Жарысбековна, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің сызу, бейнелеу пәні мұғалімі





Тақырыбы: Проекциялау әдістері

 

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға проекциялар туралы жалпы мағлумат беру.

Нәрсенің кескінін салу процесін орындау.

Білімділігі:Оқушыларға проекциялау ережелері бойынша салу әдістерін түсіндіру.Нүктеден, кесінді, Н проекция жазықтығы, проекциялау центрі S жөнінде оқушыларды таныстыру.

Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын беру арқылы оқушылардың кеңістікті сезіну қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Өткен сабақтарға сүйене отырып жаттығуды сызық түрлерін ескере отырып сызба қаріптерін дұрыс жазуға, таза, әдемі, ұқыпты орындауға қалыптастыру.

Сабаққа керекті кұрал-жабдықтар: А4, А3 пішімді сызбаға арналған қағаз, даярша, қарындаш, өшіргіш, сызғыштар, көрнекілік плакаттар, өткен жылда орындалған оқушылардың үлгілі жұмыстары.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі. оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, оқушылардың кұрал-жабдықтарын, сабаққа дайындығын тексеремін.Өткен сабақта өтілген “Түйіндесулер” тақырыбы бойынша берілген үй жұмыстарын тексеріп бағалаймын. Сызбада жіберген қателерін жеке-жеке айтып өтемін.

Жаңа сабақ: Сызу дегеніміз не?

Сызу пәні нені үйретеді?

Қандай сызық түрлері бар?

 Сызу пәні қандай пәндермен байланысты?

Сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы?

 деген оқушылардан сұрақ-жауап алып жаңа сабағымды бастаймын.

“Проекция” – латын сөзі, ол “алдыға лақтыру” деген мағынаны білдіреді. Электр шамының алдына қандайда бір нәрсені орналастырайық. Сонда оның қабырғада пайда болатын көлеңкесін нәрсенің проекциясы деп айтуға болады.Қағазға кандай да бір жазық нәрсені қояйық та, оны қарындашпен айналдыра жүргізіп шығайық. Бұл жағдайда да біз осы нәрсенің проекциясына сәйкес келетін кескінді аламыз. Оқушыларға мысал ретінде кинотеатрларда  проекциялау тәсілдері бойынша экранда  киноны көре алатынымызды түсіндірдім.

Кеңістікте кез келген А нүктесін алайық та, оны Н проекция жазықтығының үстіне орналастырайық.А нүктесінен Н жазықтығын а нүктесінде қиып өтетіндей проекциялаушы сәуле жүргізейік. а нуктесі берілген А нүктесінің проекциясы болып табылады.Кесіндінің проекциясын салу үшін оның екі нүктесінің проекцияларын салып, сонан кейін оларды қосу керек. Проекция жазықтығына параллель болатын түзу кесіндіні проекциялау кезінде кесіндінің проекциясы нақты шамаменкескінделеді.

Егер түзу кесіндісі проекция жазықтығына 90 градус бұрыш жасап проекцияланатын болса, онда ол нүкте болып кескінделеді.

Сонымен, қандай да бір фигураның жазықтағы проекциясын салу үшін осы фигураның нүктелері арқылы жазықтықпен қиылысқанға дейін проекциялаушы саулелер жүргізу қажет. Сонда фигураның барлық нүктелерінің проекциялары берілген фигураның проекциясын құрайды.

Сарамандық жұмыс

Жаттығуларды оқушылар жұмыс дәптерлеріне түсіреді. Жұмыстарын бақылап қадағалаймын. Дәптер бетіне жатығуларды орындай отырып, тақырыпты орындау тәсілдеріне түсінгеніне көз жеткізген соң, сызуға арналған кағазға масштабын үлкейтіп графикалық жұмысты бастаймыз.

Үйге тапсырма  Сызбаларды аяқтап келу.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения