Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
23.12.2014
0
563
0

Махамбетова Роза Кайрбековна, учитель казахского языка и литературы КГУ "Карабулакской средней школы с дошкольным мини-центром" Ескельдинского района Алматинской области, Казахстан





Махамбетова Роза Қайырбекқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақстан, Алматы облысы Ескелді ауданы

“Қарабұлақ орта мектебі МДШО” КММ

 

 

 

 

Тақырыбы:                     Тіл – достық пен ынтымақтың тірегі

                                     Язык –опора дружбы и согласия

                                        (мерекелік кеш- праздничный вечер)

 

Мақсаты - цель:

    Ана тілінің құдіретін қастерлеуге, дәріптеуге баулу; Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын, тілін, ділін үйрене отырып, патриоттық сезімін ояту.

     Привитие интереса к знанию государственного языка, воспитание патриотизма через изучение культурного наследия народа. 


Міндеттері - задачи: 

1. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру.

2. Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрімен танысып, білу.

3.Тілдерді құрметтеуге, оларды оқып-үйренуге тәрбиелеу.

  1. Формирование стремления к овладению казахского, русского и английского языков; 
    2. Изучение традиций и обычаев народов, населяющих территорию Казахстана; 
    3. Воспитание уважения и желания изучать, знать языки. 

    Түрі - форма: мерелік кеш – әдеби-монтаж, ойын, ән, музыка

Қолданылған көрнекіліктер-оборудование: презентация-слайд, бейнекөрініс (видеоролик) «Тіл – ұлттың басты негізі»

 

 

Жүргізуші: (қазақ музыкасы қосылып тұрады) слайд 1

Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өшсе тілім, менде бірге өшемін,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті достар! 

 Жүргізуші:

-1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130- дан астам ұлт өкілдері мекендейді Бүгінгі мереке Қазақстанда тұратын барша халық тілдерінің мерекесі. Ендеше, ортақ мереке құтты болсын, ағайын.

 

Ведущий: Здравствуйтедорогие друзья! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И всё потому, что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков. 

Ведущий: Hello, inhabitants this school and this city! 

1 оқушы  «Тіл» деген сөзді айтып тұрады, ал бірнеше оқушылар  төмендегі сөздерді кезекпен айтады.   (10-слайд)

Ұлттық қазынамыз

Намысымыз

Әдебиет

Мәдениет

Байлығымыз

Арымыз

Халықтың күре тамыры

Қарым-қатынас құралы

 

Ведущий: Ежегодно 22 сентября в Казахстане отмечается День языков. Это общий праздник для всех народов Казахстана. 
   В основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык-это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура - это бесценный вклад в мировую цивилизацию. (11-26-слайд)

 

Ученик:

Когда с природой я наедине, 
То различаю языки земные: 
Беседуют деревья в тишине. 
Друг с другом птицы говорят лесные. 
Есть говор свой у волн вдали, 
Насвистывает что-то тихий ветер... 
Мне не узнать всех языков Земли. 
За краткий срок, отпущенный на свете. 

Так тяжко на Земле без языка! 
Не высказать ни счастья, ни печали... 
Безмолвны горы долгие года. 
О чём они, возвысясь. замечали? 
Всё в языке: рожденье, первый шаг, 
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете. 
И если вдруг исчезнет мой язык. 
То и меня вы больше не найдете! 

Оқушы

Ана тілім – асылым да, ардағым
Өркендей бер, ұмытылып қалмағын
Қуанар ем, шаттанар ем сен үшін
Ана тілде сайрап тұрса әр қазағым
Қадіріңді ұғынса екен ұрпағың
Өзіңменен бірге атады әр таңым
Биіктесе өсіп сенің мәртебең
Сол ғой менің өмірдегі арманым.

 Ученик: Язык-это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства. 

Оқушы: Біздің мемлекетіміз Қазақстанда тұратын әр ұлттың ана тілінде оқып-үйренуіне, оны одан әрі дамытуына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. «Қазақстан», «Хабар» және  Қазақ радиосында кәріс, ұйғыр, неміс тілдерінде бағдарламалар жүргізіледі. 11 ұлттық тілде  газет-журналдар шығады.

 

Ведущий: В республике существуют корейский, уйгурский, немецкий театры. В сентябре государство отмечает неделю языков. Каждый язык красив, интересен, своеобразен. Давайте каждый сидящий здесь поздоровается на каком-нибудь языке: 
гуд монин – по-английски. 
гутен таг – по-немецки. 
бонжур – по-французски. 
буэнос диас – по-испански. 
А как поздороваться по-казахски – сәлеметсіз бе? 

А как поздороваться по-русски?

Оқушы:

 

Ана тілім, қазақ тілім, бақ тілім,

Судан таза, кір шалмаған ақ тілім.

Өле-өлгенше ұмытпаспын өзіңді,

Айналайын, дара тілім, шаттығым.

 

Ана тілім, өзіңсің менің бақытым,

Өзіңсің менің, бар байлығым, жақұтым.

Барым да сен, арым да сен, бақ тілім,

Сен тұрғанда айтылады шаттық үн.

 

Ученик
Я люблю свой родной язык. 
Он понятен для всех. 
Он певуч... 
Хочешь - песни, гимны пиши, 
Хочешь - выскажи боль души, 
Будто хлеб ржаной, он пахуч, 
Будто плоть земли, живуч. 

Оқушы

Ана тілің, біліп қой

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

 

 

Ученик:

Узнай родной язык,

В нем сила и свобода.

Узнай родной язык,

В нем государства гордость

Родной язык – в нем честь

И совесть человека.

Учи чужую речь,

 Свою цени навеки!

 

 

Жүргізуші:

-Ендеше, құрметті достар, тілдің құдіретін, оның қасиетін дәріптейтінімізді  іс жүзінде көрсете білейік . Қазір «Полиглот»  ойыны. (27-35-слайд)

 

Жүргізуші:

-Рахмет, үш тілді де жақсы білетіндіктеріңізді көрсеттіңіздер, жарайсыздар!

Келесі сайысымыз «Жұмбақтар шешу»  (екі тілде) (36-39-слайд)

 

Ведущий:

-Молодцы, ребята! Следующая игра «Байга» «Знаешь ли ты свою Родину?» (екі тілде) (40-41- слайд)

Оқушы:
Ана тілім - асылым,
Ана тілім - ғасырым
Ана тілім - жаным
Аялаған - әнім.
Ана тілім - тірегім
Сен деп соғар жүрегім
Ана тілді өтейік қастерлеп,
Осы менің тілегім.

Ученик: 

Известна истина простая: 
Все люди, хоть из разных стран, 
Важнее слов не представляют. 
Чем Country, Родина, Отан. 

Ученик
Любой язык по-своему велик, 
Бесценное наследство вековое. 
Так берегите свой родной язык, 
Как самое на свете дорогое. 
                           ( «Жаса Қазақстан» әні)

Жүргізуші:

- Біз, болашақ ұрпақ Отанымызды сүюге, рәміздерімізді, тілді  құрметтеуге, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерін сыйлауға, өз еліміздің патриоты болуға міндеттіміз.

Жүргізуші:

-«Тіл- достық пен ынтымақтықтың тірегі» атты мерекелік кешімі аяқталды. Келесі жүздескенше сау болыңыздар.

                   

Ведущий:

-На этом  наш праздничный вечер  «Язык –опора дружбы и согласия»  завершается. Спасибо за внимание, до следующих встреч!

 

 

Махамбетова Роза Қайырбекқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақстан, Алматы облысы Ескелді ауданы

“Қарабұлақ орта мектебі МДШО” КММ

 

Сабақтың тақырыбы:     Алаша хан күмбезі

Сабақтың мақсаты:

   1. Білімділік:  Мәтінді оқып, мазмұнын айта білуге, тірек сөздер арқылы сөйлем құрай білуге, оны  грамматикалық тұрғыдан талдай білуге үйрету.

   2. Дамытушылық: Оқушылардың білімін, танымдық қабілетін дамыту, жаңа сөздерді меңгертіп, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру; грамматикалық сауаттылығын жетілдіру.

   3. Тәрбиелік: Білімділікке, туған жерінің тарихын оқып-үйренуге, Отанын құрметтеуге баулу; кітап оқуға деген қызығушылығы мен қазақ тілін үйренуге және сабаққа деген белсенділігін арттыру.

 

Сабақтың әдісі: блиц-турнир, оқу, кітаппен жұмыс, ассоциация, ВЕНН диаграммасы, деңгейлік жұмыс, ауызекі сөйлеу, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық сатылай кешенді талдау, тест.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Көрнекілігі: интерактивті тақта,  (активстудия) Алаша хан күмбезі, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі суреттері, «Түркістан» кітабы.

Сабақтың барысы:  

    Сабақтың ұраны:  «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым»

 Жүсіп Баласағұни

І. Ұйымдастыру кезеңі.

     1.Амандасу.

     2. Кезекшімен сұхбат.

     3. Лексикалық минимум

ІІ.  Өткен сабаққа шолу.  І кезең  « Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады»

                             Блиц-турнир

-         Балалар, біз қандай тарау өтіп жатырмыз?

-         Қазақ жазушылары тарауын өтіп жатырмыз.

-         Қандай жазушылармен және қандай шығармалармен таныстыңдар?

-         Ілияс Есенберлиннің «Қаһар»,  Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романдарынан үзінділер оқыдық.

-         Ол шығармалардың басты тақырыптары не туралы?

-         Қазақ елінің тарихы, хандар мен батырлар туралы.

-         Онда кімдер туралы айтылған?

-         Абылай хан, Кенесары хан, Тәуекел хан, Наурызбай батыр туралы айтылған.

-         Рахмет, балалар. Сабағымыздың келесі кезеңіне көшейік.

ІІІ. Жаңа сабақ.  ІІІ кезең  «Білгенге - маржан»

Интерактивті тақтада   Алаша хан күмбезінің суреті көрсетіледі.

  - Балалар, мына суретте не бейнеленген?

  - Кесене

  - Кімнің кесенесі?

  - (оқушылар өз болжамдарын айтады)

  - Бұл – Алаша хан кесенесі. Б.з.д. ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан – қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тарихи тұлға. Алаша хан кесенесі Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Бұл кесене – Х-ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы.

    - Балалар, бүгін сабағымызда қазақ жазушыларымыздың бірі - Әлкей Марғұланның қазақ энциклопедиясына жазған мақаласынан қысқартылып алынған үзіндісімен танысып, қазақ сәулет өнерімен танысамыз.

    1. Сөздік жұмыс. (ауызша сөз тіркестер мен сөйлем құрастыру)

күмбез      - купол

сәулет өнері   -   архитектура

іргесі               - основание

текше (түрінде) – сложит рядами

басқыш         -  лестница

лайықтап   -  здесь: достойно

нақыштау   - расписывать

қиюластыру  -  совмещение

     2. Мәтінді оқу.

     3. Оқушылар суретке қарап, мәтіннің мазмұнын  айтып береді.

 

 

IV. Бекіту. IV кезең. «Талантты да еңбексүйгіш адам үшін тосқауыл жоқ».

  1.      Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

3- деңгей.

    1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: Күмбез, басқыш, үлгі.

    2. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындаңдар.

2- деңгей.

    1. Мәтінге ассоциация құрыңдар.

    2. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындаңдар.

 

 

1-деңгей.

    1. Мына сөздерге морфологиялық сатылай кешенді талдау жасаңдар: үлгісінде, кірпіштерді, шығады.

    2. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындаңдар.

(Әр деңгейден бір-бір оқушы тақтаға шығып, тапсырманың біреуін орындайды)

        2. Интерактивті тақтада сыныппен жұмыс. Берілген сөйлемге толық жазбаша түрде синтаксистік талдау жасау.

       Олар күмбездің беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеген.

 

     3.«Ойлап, тап» ойыны. Интерактивті тақтада берілген сөздердің дұрыс баламасын тауып, орнына қою керек.

  Ұста                  купол

  Басқыш             памятник

  Қиюластыру     лестница

  Іргесі                 мастер

  Күмбез              основание

  Ескерткіш         совмещение

      4. Тақтада Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің суреті көрсетіледі.

   - Балалар, мына суретте не бейнеленген?

   - Ахмет Иассауи кесенесі.

   - Дұрыс айтасыңдар. Ол қай жерде орналасқан?

   - Түркістан қаласында.

   - Дұрыс, балалар. (Кітабын көрсету), Осы киелі Түркістан қаласы туралы Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен танысайық.

   Өлеңді бірнеше оқушыға оқыту. (Интерактивті тақтада Түркістан қаласының, Ахмет Иассауи кесенесі суреттері көрсетіліп жатады.

   - Балалар, сонымен біз бүгін не туралы өттік?

   - Алаша хан мен Ахмет Иассауи кесенелері туралы таныстық.

   - Дұрыс, балалар, енді осы екі кесенеге ВЕНН диаграммасын жасаңдар.

     

V. Қорытынды. Тест. V кезең. «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді»

1. Алаша хан кесенесі қай ғасырдың сәулет өнерінің үлгісі?

  А. ІІ – І ғасыр

  В. ІХ-Х ғасыр

  С. Х – ХІ ғасыр

  Д. ХІ-ХІІ ғасыр

2. Түркістан қаласын ертеде қалай атаған?

   А. Фараб

   В. Тұран

   С. Түркістан

   Д. Отырар

3. Ескерткіштің биіктігі неше метр?

   А. 11 метр

   В. 9 метр

   С. 5 метр

   Д. 10 метр

4. жалғыз сөзінің антонимін көрсет.

   А. көп

   В. аз

   С. бірге

   Д. Мол

 

5. Тәуелденген барыс септігіндегі  сөзді көрсет.

А) қанатыма   В) бауырыңды   С) қызға Д) жүрегім

 

Кілті

  1.      С.
  2.      В
  3.      Д
  4.      С
  5.      А

Мұғалімнің қорытындысы.  – Балалар, сендер бүгін еліміздегі сәулет өнерінің кейбірімен ғана таныстыңдар. Келесі сабақта осы тақырыбымызды жалғастырамыз. Электрондық оқулық арқылы басқа да сәулет өнерімен танысасыңдар.

VI. Бағалау. VI кезең  «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді»

 

VII. Үйге тапсырма. VII кезең. Пайда ойлама, ар ойла.

                                                        Талап қыл, артық білуге.

                                                        Артық ғылым кітапта

                                                        Ерінбей оқып көруге.

                                    Абай Құнанбайұлы

                                    3-деңгей1. 5-тапсырма,141-бет. Өлеңді жаттау.

                                                     2. Жаңа сөздерді жаттау.

                                    2-деңгей  1. 141-беттегі сұрақтарға жауап жазып келу.

                                                     2. 5-тапсырма. Өлеңді жаттау.

                                     1-деңгей  1. Түркістан қаласы туралы реферат жазу.

                                                     2. 5-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения