Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
22.12.2014
0
536
0

Ахмадиева Лязат Есимжановна, учитель начальных классов средней школы № 30 г. Костаная, Костанайской области, Казахстан





«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №30 орта мектебі»ММ

 

4 сынып

Ана тілі

Тақырып:М.Әуезов

Жетім

 

                                                                                                                       Мұғалім:Ахмадиева Ләзат Есімжанқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы:    Мұхтар   Әуезов   "Жетім"      
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Тақырыптың мазмұнын ашу, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Дамытушылық: Баланың ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Жаңа материалды игере отырып, балалар мейірімді адам болуға адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап түртіп алу старт.
Сабақтың көрнекілігі: Автор суреті, кітаптар, балалар үйінің суреттері,презентация
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
- Психологиялық дайындық
І. Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес». (М. Әуезов)
(бір оқушы оқиды)
Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
Ой қозғау.
- Мұхтар Әуезов туралы не білеміз?
М. Әуезов
1) Автор туралы мәлімет беру.

 «Ойлау» стратегиясы.

2. Мақал - мәтелдерді сәйкестендіру:
1. Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас

3. Жақсы - жаңына жолдас.
Жаман малыңа жолдас

5. Қорқаққа қос көрінеді.

 

 АНА, ӘКЕ, АТА, туған — туыс
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім.....................
- Жетім сөзіне ассоциация құрастыру (тақтада плакат )
Ой түрту.
- Балалар, сіздер жетім деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі, замандағы сұрапыл соғыс кезіндегі тағдыр тауқыметінен жетім балалар көп болды. Әке - шешелері соғысқа аттанып жетім қалды. «Жетім» деп толық емес жанұяның балаларын айтамыз т. б. Сондықтан қай заманда болмасын бұл өзекті мәселе болып табылады.«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші әрқашанда мұндай балаларға жылы шыраймен қарап көмектесіп жүру керек. Біздің Қостанайда«Дельфин»атты балалар үйі бар. Мұнда  туғаннан төрт жасқа дейінбалалар тәрбиеленеді. Төрт жасқа толғасын оларды басқа балалар үйіне апарылады.Жетім балалар үйінде тек-қана ата-анасы жоқ балалар емес.Мысалы, үй тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың балалары, ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасылардың балалары .Ата-анасы тірі бар бірақ туғанынан тастап кеткен

т. б.

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман

1. Оқулықпен жұмыс.
А) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Ә) Сөздікпен жұмыс, түртіп алу стратегиясы бойынша.
Б) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу.


Сұрақтарға жауап беру.
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
1) Табиғат балаға қалай көрінеді?
2) Қасым неліктен жеті түнде жалғыз, жаяу келе жатыр?
3) Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
4) Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталынды?
«Жетім есіркегенді ел елейді». Енді қазіргі кездегі жетім балалар мен сол замандағы балаларды салыстыру. (Ауызша)
ІІІ. Ой толғау 

Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/ /презентацияға көңіл аудару/

3. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.
Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?

Мына сөздерді қалай түсінесіңдер.

Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты.

Ата - ананың қадірін бағалай білейік.

Қорытынды.
Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма
. «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения