Ниязов Серик Узакбаевич
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
21.12.2014
0
2397
1

Оқушылардың қабілетін, талантын, дарынын анықтаудағы ұзартылған күн тобының маңызы


Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы

Ю. А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін

№8 орта мектеп Ұзартылған күнтобының

тәрбиешісі:Дыханова Мунсыз Куванышбаевна

 

      Баяндама

Тақырыбы: оқушылардың қабілетін, талантын, дарынын анықтаудағы ұзартылған күн тобының маңызы

Жоспары:

 I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Талантты және дарынды балаларды оқыту

2.Ұзартылған күн тобының атқаратын жұмыстары

3.Оқушылардың қабілетін, талантын, дарынын анықтаудағы

ұзартылған күн тобының маңызы

III.Қорытынды

Кіріспе

         Мен өзімнің сөзімді ұлы ғұлама, ғалым Әл-Фарабидің ұстаз туралы ғибратты сөзінен бастағалы тұрмын. Ол өз сөзінде ұстаз қауымына мынадай анықтама берген екен.

         Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген,  естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,  жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.  (Әл-Фараби)

 

1.Талантты және дарынды балаларды оқыту

 

         Барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларға білім мен тәрбие беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Ал талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу үшін жасалатын жұмыс мұқият ойластыруды, талқылауды, жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72 бет).

                Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

         Ғалымдардың жүргізген көп жылдық тәжірибесіне сүйенсек, талантты және дарынды балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп стандартын күрделендіре отырып,  бастауыш сыныпта «жалпымектептік саясатты», орта буынға келген кезде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған кезде анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады екен. Жалпы  талант пен дарын бала бойынан өте ерте жастан байқалатын көрінеді. Сондықтан, бұл ретте бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерінің мойнына жүктелер жүк жеңіл еместігі белгілі.  Осы бағытта еңбектеніп жүрген ғалымдардың еңбектерінде: талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып, бастауыш сынып мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс деп атап көрсетілген.

         Мұғалім оқушының таланты мен дарынын қалай анықтайды?

         Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен немесе бірнеше пәндерден күтілетін нәтижеден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар, олар бір салада, яғни бір пән бойынша дарынды болса, басқа салада яғни басқа пәндерден қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың  бір кезеңінде-белгілі бір жас арлығында өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Баланың дарындылығы мен қабілетін мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Баланың қабілетін, біліктілігін, мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында баланың өзі үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

         Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы  бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ, зияткерлік тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойларын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақытты қажет ететініне мысалдар бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында, яғни өзінің сыныбында  көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар.

         Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша бірқатар ерекше қабілеттері дамыған болуы мүмкін.

         Ғалымдардың  жүргізген зерттеулерін пайымдайтын болсақ, талантты және дарынды балаларды анықтау барысында тексеру парақтары мұғалімдерді шатастыратынын байқауға болады. Бірақ, тексеру парағы арқылы зерттеулерге негізделген ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді пайдалануға болады.  Ол қандай өлшемдер?                         

·        есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады.  

·        өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің яғни процесінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;

·        ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

·        мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

·        икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

·        күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

·        шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

·        ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей оқи және жаза бастайды.

           Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.

         Өзінің оқуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл дегеніміз- «ынталандыратын» немесе «күрделі тапсырмалардың болуын көздейді. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Ғалымдар  тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндіктен  олардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады.

         Қазақстан мемлекетінің алдында қазіргі кезде дамыған 30 елдің құрамына кіру мақсаты тұр.  Осы ретте жан-жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеуде мектеп мұғалімдері мен  тәрбиешілерінің алдында атқарылар қыруар жұмыс тұрғаны белгілі.       

         Осы орайда Астана қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсында оқыған кезімізде бізге екінші бетпе-бет кезеңге талантты балаларды зерттеп келу тапсырылған болатын.

         Жаратылыстану пәні бойынша сабақ берген қазіргі 6 «А» сыныбында талантты балалар өте көп екен. Мен солардың ішінен Асхат деген оқушыны зерттей бастадым. Ол өте тиянақты, қызығушылығы мол, білімге құмар бала екен. Екеуміз тез тіл табысып кеттік. Ол өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындап, жан-жақты зерттеп келіп отырды. Ол тек қана білімге ғана емес, үстіне киетін киімі мен шаш үлгісіне дейін мән беретін оқушы болды.

         Осы оқуды бітірген соң маған мынадай ой келді. «Әр қазақ менің жалғызым» дегендей талант пен дарынды аспаннан, айдан, жұлдыздан іздеп шаршамай, алдымыздағы балалардың арасынан іздеп тауып, солармен жұмыс жүргізуге әбден болады. Талантпен, дарынмен жұмыс жүргізу оңай шаруа емес, ол үлкен білімді, талғамды, үлкен ізденімпаздықты, аянбай тер төгуді  қажет етеді. Бұл жолда үлкен-үлкен кедергілердің кездесуі әбден мүмкін. Сол кедергілерді жеңе білген адам ғана жетістікке жетеді деп ойладым.

2. Ұзартылған күн тобының атқаратын жұмыстары

  Ұзартылған күн тобының жұмыс жоспарына келетін болсақ, ол төмендегідей құрылған.

 

 

Уақыты

                                       

                                        Жұмыс түрі

 

13.10-13.40

13.40-15.40

 

15.40-17.40

17.40-18.10

 

Түскі ас

Таза ауада серуендеу,

қимыл-қозғалыс ойындары

Дайындық кезеңі

Сыныптан тыс жұмыс

 

Таза ауада серуендеп, қимыл-қозғалыс ойындарынан соң оқушылар сергіту жаттығуларын кезектестіре отырып, дайындық кезеңіне кіріседі. 

         Дайындық кезеңінде  балалардың икем, дағды қабілеттерін анықтауға болады. Мысалы: қай сабаққа қай бала қабілетті екені сабаққа дайындық барысында белгілі болады. Қабілетін анықтап болған соң, ол баламен қалай жұмыс жүргізу керек деген сұрақ туады.

         Осы кезде таңдау пәндері мен үйірмелердің жұмысының пайдасы өте мол. Математика пәні бойынша пәнге қызығатын балалармен Гүлзипаш апай жұмыс жүргізіп келеді.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ертегілер, билер мен шешендердің сөздерін оқып, үйрену балалардың қызығушылығын туғызуда. Осыған байланысты балалар үй тапсырмасын тек ауызша айтып беру емес, рөлге бөліп ойнауға ықылас білдіреді. Бұл-олардың бойында әртістік қабілет дамып келе жатқанының көрінісі. Бұл тұрғыда Бағлан, Асылхан, Алтынайлардың бойынан әртістік қабілетті байқадым.

         Орыс тілі пәні бойынша да балалардың пәнге қызығушылығын байқауға болады. Оған дәлел «Русский медвежонок» байқауына сыныптан көптеген оқушылардың қатысуы.

         Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың табиғатқа, онда болып жатқан өзгерістерге қызығушылығы өте жоғары. Балалардың үй тапсырмаларын топта талдап, постер жасап, ол постерлерін қорғауда белсенділіктері өте жоғары.

         Баланың қабілеті мен икем, дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Ұзартылған күн тобында сынаптан тыс жұмыстар бес бағытта жүргізіледі.

Олар: ұлттық ойындар, бейнелеу және қолөнері, спорт, музыка, сыныптан тыс жұмыс

         Ұлттық ойындарға келетін болсақ, біз бірнеше ұлттық ойындарды өткіземіз деп жоспарладық. Ауа райының өзгерістерін, спорт залының мүмкіншілігін ескере отырып, бірнеше ұлттық ойындарды өткіздік.

         Олар кім түртті, тымпи-тымпи, санамақ, т.б ойындар. Ұлттық ойындарды өткізудің басты мақсаты: баланың бойында өз ұлтына, салт-дәстүріне құрметпен қарай отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Бұл ойындарды ойнату барысында балалардың қабілет, икем, дағдысы қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар,  бала бойында өз ұлтына,  ұлттық ойындарға деген сыйластық, жанашырлық қалыптасады.

         Сыныптан тыс жұмыстың музыка бағыты бойынша айтатын болсақ, сыныптағы Аққамар, Әсел, Аида арнайы музыка мектебінде оқыса, Алтынайдың бойында ән айту шеберлігі қалыптасуда. Сыныпта әнді жақсы айтатын балаларды анықтау үшін «Қазақстан дауысы» тележобасына ұқсатып, жоба ұйымдастырдық. Бұл жобаны ұйымдастыру үшін әуелі балалармен бірігіп бағалау критерийін жасадық. Критерий бойынша

1. Әннің сөзін анық айтуы

2. Дауыс ырғағы

3.Орындау шеберлігі бойынша ұпай қойдық.  Осы критерийлер бойынша жеңіске жеткен Қарабалаева Алтынай болды. Бұл біздің әншілік өнерге аттаған алғашқы баспалдағымыз. Бұл жобаны әрі қарай жетілдіру, музыка мамандарын шақыру жоспарымызда бар.

         Бейнелеу және қолөнеріне қызығушылық танытатын балалар сыныпта өте көп:  Мұратбек, Самат, Сымбат суретті өте жақсы салады. Ұстаздар күніне арналған мерекелік газетті, сыныпты оқушылар өздері безендіріп, ұстаздарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

         Ұзартылған күн тобында жоспарлы түрде өткізілген «Алтын күз айшықтары» сурет көрмесіне сыныптан Самат пен Сымбат қатысып мақтау қағазын алды. Бұл байқауға бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптар белсене қатысып, мақтау қағаздарын алды.

    Спорт бағытындағы жұмыс мектепте жыл сайын ұйымдастырылатын денсаулық күнінен және дене тәрбиесі пәнінен бастау алатыны белгілі.

         Денсаулық күніне сыныптан сақадай 10 оқушы іріктеліп алынып, спорттың әр түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Осы жарыста спортқа бейімділігімен Дархан, Меруерт, Жарас, Асылхандар ерекше көзге түсті.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения