Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
20.12.2014
0
501
1

Сманжина Жадыра Нурлановна, учитель изобразительного искусства Курчумской средней школы №4 им. Н.Островского, Курчумский р/н, Восточно-Казахстанская область, Казахстан





Казақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Сманжина Жадыра Нурлановна

 

 

 

Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Өткізген сынып: 4 «а»

Сабақ мақсаты:

     Ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыру;

     Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту, оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, сыни тұрғыда ойлау, ойдан құру қабілеттерін дамыту, ынталарын, қызығушылықтарын арттыру;

    Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдері бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру;

Әдіс-тәсілдері: жеке, топтық, сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, көңіл-күйлерін сұрау.

Сергіту сәті:

-         Өткен сабағымыздың тақырыбы қандай еді?  (Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері)

-         Бүгін сол сабағымыздың жалғасы, үйге мен өздерің жақсы көретін ертегігің кейіпкерлерін салып келуді тапсырғанмын, кане сол жұмыстарыңды өткізе қойыңдар.

Ертегі кейіпкерлерінің мекені – әрине ертегілер әлемі. Бүгін біздің сабағымызға сол ертегі әлемінің бір кейіпкері – сиқырлы қыз (фея) келіп отыр.Және оның сендерге сәлемдемесі бар сияқты. (сиқырлы қыз шығып хаттарды таратады).

Хатта жағымда нәрсе жазылған-ау деймін иә, көңіл-күйлерің қалай?

ІІ Жаңа сабақ

-         Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, топқа (командаға) бөлініп алайық.

Суреттер таратамын.

-         Тақтаға қарайықшы...

«Бауырсақ» ертегісі,  «Алдар көсе» ертегісі деп тұр иә, ендеше әркім өз қолындағы жазудан қай ертегінің кейіпкеріне жататынын анықтап, топқа бөлінеміз.

1 тапсырма. – «Ертегі құрастыр» деп аталады. Бұл тапсырмада уйден салып келген суреттеріңнен екі топқа екі сурет таңдап алып, беремін. Сол суретте бейнеленген ертегі кейіпкерлеріне тағыда басқа кейіпкерлер қоса отырып, жаңа ертегі құрастырып шығуларың керек және оған ат қою керек. Топ болып орындайық. (15 мин)

Орындап болған соң қорғайды (5 мин+5 мин).

2 тапсырма. Тағыда ек топқа екі суре таңдап алып топ басшысын ортаға шақырамын.Топ басшысы суретті ешкімге корсетпей, ондағы кейіпкерлердің атын атамай, ертегі желісін баяндайды. Нәтижесінде өзінің тобы қай ертегі екенін табулары керек.

Сергіту сәті. Ортаға шеңбер жасап тұрамыз. Ойынымыз «Орын ауыстыр» деп аталады.

Ойын шартын түсіндіремін.

- Суреттерінде кім күннің суретін салды?

- Кімнің суретінде 3 кейіпкер бар?

- Кім суретінде көк түс қолданды?

- Кім сабаққа жақсы көңіл-күймен келді?

- Кімнің суреті акварель бояуымен салынған?

- Кімнің суретінде үй бар?

- Бастапқы орынымызға қайта келеміз.

 

3 тапсырма. Енді әр топ бір қатарға сап түзейік те, сол тұрған қалпымызда тақтаға бұрылайық. Тақтада екі плакат ілулі тұр, екеуінің үстінде  кейіпкерлер аты жазылған. Енді команда боп сол кейіпкердің суретін салайық. Не бейнеленуі керек екені ретпен көрсетіліп тұр. Енді кезекпен шығып мына рет бойынша суретті салып шығайық. Бұл командалық жарыс, тезірек бітіруге және жақсы салуға тырысайық.

 

Әр тапсырма аяқталғаннан кейін әр топ қарсыластарын смайл арқылы бағалап отырады.

 

4 тапсырма. Осы сапта турған қалыптарында ертегі аттарын атап жарысу

 

Қорытынды.  -  Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда қандай ертегілерді қайталадық?

-         Жаңа ертегі құруда бұл ертегілердің көмегі болды ма және қандай?

Бүгінгі сабағымызда біз екі топқа бөлініп жұмыс жасадық, арасында сайыс та болды, нәтижесінде, әр топтың жұмыстарына сай өз бағасы шықты деп ойлайм.

 Нәтижесін айтамын.

Бағалау.

-         Әрқайсымыздың бүгінгі сабаққа деген өзінің ойы, пікірі, сұрағы, өтініші бар деп ойлаймын. Ендеше Сиқырлы қызға соның жазып берсек қалай болады?

Кері байланыс жазып, Сиқырлы қызға береді.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения