Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
19.12.2014
0
1042
0

Мектепте көптілді білім беру арқылы нәтижеге жету шарттары

Казахстан,г.Астана

ГУ «Школа гимназия № 32»

Учитель казахского языка

Зиядина К.С.

Кіріспе:                       

Бүгінде кәсіби біліктіліктің басты шарты-маманның шетелдердегі әріптестерімен байланыс орнатып,күн сайын ашылып жатқан сандаған жаңалықтардан хабардар болып,озық тәжірибе алмасуды қызметінің тұрақты бір бөлігіне айналдыру қажеттілігі болып отыр.Мұндай талаптың үдесінен шығу үшін маманның тілдік біліктілігі жоғары болуы, яғни оның шет тілдерін,халықаралық тілдерді еркін меңгеруі шарт.Осымен байланысты, әлемге есігін айқара ашқан Қазақстан халқының алдына жаңа міндеттер қойылды.Өзге ұлттың мәдениеті мен тарихын, психологиясын т.б қырларын жетік білу,тану,әлбетте,сол елдің тілін меңгеруден басталады.

Еліміз егемендікке қол жеткізген кездегі мәселелердің бірі-бәсекеге қабілетті мамандардың жетіспеушілігі еді.Осы мәселені шешудің бір ұшы олардың кәсіби біліктілігін арттыру болса,екінші бір маңызды қыры-тілдік біліктілігінің барынша жоғары деңгейде болуы.Жеті жұрттың тілін білуді әуелден мақсат еткен елдің ұландары шартарапты шарлап, « өнер білім бар жұрттардан» өркениеттің өресі биік,танымы терең ұрпақ тәрбиелеуде тиімді пайдаланғаны мәлім.Сол себепті де халқымыз үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты (2007ж.) Жолдауында ұсынылған « үштұғырлы тіл» мәдени жобасы соншалықты тосын жайт болмады.Халықтың рухани дамуын ілгерілетуді ішкі саясаттың дербес бір бағыты ретінде белгілеп берген Елбасы еліміздің азаматтарына қазақ тілін мемлекеттік тіл,орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және әлемдік экономикаға жол ашатын ағылшын тілін меңгеруді міндеттеді.Бұл үштұғырлы тіл идеясы тіл саясатының жаңа бір сатысы ғана емес,уақыт талабынан туындаған қажеттілік еді.

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген,көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті,рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1.      Қазақ тілін оқыту,сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою.
  2.      Тілді оқытудың универсалдық әдістемесімен таныстыратын нұсқаулар жазылып,баспадан шығарылып,онда оқытушының мақсаты,міндеттері айтылып, оған қойылатын талаптар сараланып көрсетіліп, мұғалімдерге көмек беру.
  3.      Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен үдерісіне қойылатын талаптарды күшейту.
  4.      .Көптілді форматпен оқытуға арналған қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдар,электронды оқулықтар құрылуы керек;

           

Өзектілігі:      Қазіргі Қазақстан – дүниежүзі халықтарына есігін айқара ашқан,әлемдегі елу озық елдің қатарына енуді мақсат еткен,Стратегиясы айқын, зайырлы мемлекет болғандықтан,ондағы тіл саясатына айрықша мән беріліп отыр.Әсіресе көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекеттің бүкіл халқының басын біріктіру,олардың тілдік мүддесін бір арнаға тоғыстыру міндетінің жүктелуі-уақыт талабы.Себебі әрбір ұлт өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі ұлтаралық келісімнің берік орнығуы,түптеп келгенде,еліміздегі тұрақтылықтың кепілі болу рөлін мемлекеттік тіл ғана өз деңгейінде атқармақ.Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі-тіл қолданысын кеңейтіп,оның мәртебесін нығайтуға үлес қосу әрбір азаматтың борышы болып табылады.

   Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін еңгізудің өзектілігі мынада:

-         Бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;

-         Ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

-         Болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге,ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;

-         Мектеп бітірушілердің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу.

                                                                                    

Күтілетін нәтиже:

- көптілді меңгерген,өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге,өздігінен дамуға,өздігінен жетілуге қабілетті тұлға.

-ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген мектеп бітірушісі.

- Түлектің көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі;

-Ұлттық және жалпы қазақстандық құндылықтарды қастерлейтін,тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын ,отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға;

-Мектеп түлектері еңбек нарығында,өмірлік қызметте тілдік кедергілерге ұшырамайды.                  

Негізгі бөлім:

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету мәселесіне ерекше мән берілген.Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.Алайда еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру-басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес.Мәдениеттер мен тілдердің сан алуандығы,бұл-біздің ұлттық байлығымыз.Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар бұдан да тереңірек және нәтижелі болуы шарт.Яғни,бізге елімізде тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып,ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік саясат жүргізу қажет.Ол үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру бағытында жұмыс ұйымдастырылады.Бұл жүйе ең алдымен,мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді,содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне –мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғары және одан кейінгі оқу жүйесіне еңгізуді көздейді.Екінші жағынан, отандастарымыздың  орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуына да көңіл аударуымыз керек.Өйткені, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі.Ал «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.Жасыратыны жоқ,бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен үдерісіне қойылатын талаптарды күшейту керек.Сонымен қоса, жаратылыстану мен математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау, шетелдермен тәжірибе алмасу, шет тілдерде сөйлейтін мамандарды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру,арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену мен тәжірибе жинауға жіберу сияқты бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған жөн.Жоғарыдағы мақсаттар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты.

Жалпы алғанда, тілдерді меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетілдірілуіне батыл қадам жасағанымыз жөн.Әсіресе, инновациялық әдістерді іздеуіміз қажет.Мысалға, әрбір облыстарда үш тілде бірдей оқытатын мамандандырылған орталықтар ашып,оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз еткен жөн.

Түптеп келгенде ,Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты-бұл еліміздің,оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама.Іс жүзінде тілдердің үштұғырлығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады.Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр.

Көптілді білім беру үлгісін еңгізудің идеялық негізіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан «Бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек.Бұл –біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет» деген сөздері басшылыққа алынды.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан,Қазақстан халқына да  әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.Бұл талап мұғалімдер қауымына да үлкен жауапкершілікті жүктейді.Сол себепті біздер де әркез үлкен ізденісте жүріп,әр сабаққа жан-жақты дайындалуымыз қажет.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады.Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше.Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады.Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер-ақпараттық құралдар.

Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын,ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар ,аудио, видео кешені-оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру,сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту,толықтыру,ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен,ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар,педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері ,коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады.Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады,атап айтсақ ашық сабақтар,пікір-сайыстар,семинар,конференциялар,өзара сабаққа қатынасын талдау. Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді.Кәсіби педагогикалық шеберлікті,шынайлықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді.Яғни жаңаша білім беруде оқытушыларға қойылатын талаптар.Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты:

-әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.

-Әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды  қамтамасыздандыратын жағдай жасау;

-әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.

Ана тіліміздің әлем тілдерімен деңгейлес дамуына тағы қандай  жағдайлар жасалған дейтін болсақ, біріншіден, табиғи байлығымыз жеткілікті.Екіншіден, географиялық орналасуымыз жақсы.Үшіншіден мемлекетіміз-емін-еркін дамып келе жатқан егемен ел.Әлемнің елу бәсекелес елдердің қатарына қосылудан үмітті.Міне осы тұрғыдан алғанда, үштілділіктің қажеттілігі де сонда.Бәсекеге қабілеттілікке сол орыс, ағылшын тілдерін пайдалана отырып,еркін жетуге болады.Бірақ бұл-оған жетудің негізгі жолы емес,екінші жолы.Негізгі жолы-қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның атынан кез келген жерде қолдану.

«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып,ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз.Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін ,өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып,өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу-басты міндетіміз.

 

Қорытындылай келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін көптілді формат бағдарламасы бойынша оқытудағы мәселелер төмендегіше болды:

1.Көптілді мектептерге арналған арнайы оқулықтар шығарылуы қажет;

2.Көптілді мектептерге арналған маман кадрлар даярлау қолға алынуы тиіс;

3.Көптілді форматпен оқытуға арналған қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдар,электронды оқулықтар құрылуы керек;

4.Материалдық база жеткіліксіз;

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп,өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік деп айтар едік.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.Назарбаев. Қазақстан халқына арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы.2008ж.

2.«Ана тілі» газеті №11 2013жыл.

3.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №4/2014.      

4. .«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №5/2013.     

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения