Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
17.12.2014
0
753
2

Рахимова Толкын Едылшаиховна, учитель начальных классов Больше-Владимировской средней школы села Бескарагай Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области , Казахстан





Қазақ тілі.2 сынып

Тақырыбы: Түбір мен қосымша

Мақсаты:

Білімділік:Түбір мен қосымшаны бір - бірінен ажыратуға дағдыландыру.
Қосымшалы және түбір сөздерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.Грамматикалық талдау арқылы ой-өрісін дамыту.Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік:Топпен жұмыс істей отырып,ұйымшылдыққа,сауаттылыққа, білімділікке. мейірімділікке баулу

Көрнекілігі: «Алтын балық», мақалдар,сергіту сәті,интерактивті тақта,

Сабақтың түрі:ертегі-сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал «Алтын балық»

Балалар,сендер «Алтын балық»туралы ертегіні білесіңдер ме?Яғни, ол балық -кез-келген тілектерді орындайды.Ал сендердің алдарында жатқан қандай балық деп ойлайсыңдар?(Алтын балық) Ендеше,қазір әрқайсыларын бүгінгі сабаққа қатысты бір тілектен айтып ,сол балықтарыңды мына үлкен балыққа жапсырайықшы.

Тамаша.Барлығымыз тілектерімізді айттық.Ендеше мен де өзімнің балығымды жапсырып  бүгінгі сабақта сендерге де,өзіме де сәттілік тілеймін.

ІІІ.Сабақтың барысы:

-Балалар,сендерді үйде қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары)

-Тамаша.Ендеше қазір біз «Ботақандар», «Қошақандар» және «Балапандар» топтарына бөлінеміз.

Жұмысты бастамас бұрын топпен жұмыс істеудің ережелерін  есімізге түсіріп  алайықшы.

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Уақытты үнемдеу

ІҮ.Жаңа сабақ

Бұл ертегінің оқиғасы Италия  мемлекетінде болған екен.Бір күні Джузеппе деген ұстаның қолына бір бұтақ түседі.Ол оны балтамен  жөңкелей бастағанда,ол бұтақ  адамның дауысымен шиқылдай бастады.Ол осы дауысты ести салысымен,әлгі бұтақты өзінің музыкантшы жолдасы Карлоға сыйға тартты.Карло оны өзінің үйіне әкеліп,бір кештің ішінде одан қуыршақ жасады.Ол қуыршақ оның қолында тірі балаға айналды.Карло оған Буратино деген ат қойды.

(Осы кезде сыныпқа Буратино мен Мальвина келеді)

Мальвина:

(Буратиноның қолынан сүйреп)

-Жүр,деймін жүр.Мен саған балалар мектепте қалай оқиды екенін көрсетемін.

Буратино:

-Мектеп,мектеп деп немене қақсап қалдың.Мен онысыз-ақ бәрін білемін.

-Бәрін деймісің?Ал ережелерді білесің бе?

-Ережелер?(Буратино басын қасиды)

Мұғалім:

-Сәлеметсіңдер ме Буратино мен Мальвина!Сендер қайдан келе жатсыңдар?

Мальвина:

-Міне,Буратиноны мектепке жетектеп әкелдім.Ол мүлдем сабақ оқығысы келмейді.Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.

Мұғалім:

-Мұның қалай Буратино.Егер сен мектепте оқымасаң,білімсіз әрі сауатсыз адам боласың.Ал сауатты болу үшін,ережелерді жақсы білу керек.Тыңдап көрші,біздің балалар ережелерді қалай біледі екен.

(«Миға шабуыл»ойыны)

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Қатаң,ұяң,үнді  дыбыстарды атап беріңдерші?

4.Сөйлем деген не?

5.Сөйлемнің түрлері.

6.Хабарлы сөйлем деген не?

7.Сөз құрамы.

8.Түбір дегеніміз не?

9.Жалғау,жұрнақ дегеніміз не?

Мұғалім:Көрдің бе,Буратино Біздің оқушылар ережелердің бәрін біледі.

Буратино:

-Ережелер?Олардың қажеті қанша?Мен онысыз-ақ сауатты жаза аламын.

Мұғалім:

-Сауатты жаза аламын дейсің бе?

Буратино:

-Иә.Сеңбесендер тексеріп көріңдер.

 Мұғалім:

-Ендеше,Буратино,мына тапсырманы орындап көрші.

Тапсырма: Сөйлемнің шегін тауып,тыныс белгілерін қою.)

Қыс мезгілі далада қар жауып тұр балалар сырғанақ теуіп жүр олар көңілді қыс мезгілі қандай тамаша

 (Буратино кез келген жерге тыныс белгілерін қойып тастайды)

Буратино:

-Қалай?Әдемі емес пе?

Мальвина:

-Түү,Буратино!Мынауын,тіпті ұят екен!Сен өзің дым білмейді екенсің!

Мальвина мұғалімге қарап:

-Мүмкін сіздің оқушыларыңыз бұл тапсырманы орындай алатын шығар?

(Оқушыларға орындату)

Мальвина:

-Көрдің бе,Буратино!Балалар бәрін біледі.ал сен болсаң,үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!

Буратино:

-Иә,расында да ұят болды.

Мұғалім:

-Жарайды,Буратино,уайымдама.Бүгінше осында отырып біздің балалармен бірге сабаққа қатыс.Ал сен,Мальвина біздің балаларды тағы да тексеріп көрші.

Мальвина:Ендеше балалар, 100 беттегі 270-жаттығуды орындап көріңдерші.

(Жаттығу орындату)

(Буратино қолын көтереді)

-Мына ,балалар шаршаған сияқты.Мен оларды сергітіп алсам қалай қарайсыңдар?(Сергіту сәті)

Мұғалім:

-Енді,балалар,топпен мына тапсырмыны орындап көріңдерші.

Тапсырма: Түбір және қосымшалы сөздерді ажырату

Кітап,дос,қасықтар,кітапхана,орманда,дәптер,ағаш,ақылды,оқушы.

Буратино:

-Таптым,таптым.Мен қазір балаларға бір қиын тапсырма беремін.

Топпен жұмыс.Сурет бойынша мәтін құру)

Әрбір топ өзінің құрған мәтінін оқиды.

Мұғалім:

-Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды.Олар қандай болсын тапсырмаларды орындай алады.Оның бәрі білімнің арқасында.

-Балалар,қазір мен әрбір топқа бір мақалдан беремін.Сендер ақылдаса отырып,осы мақалдардың мағыналарын түсіндірініп беріндерші.

І топ.Күш - білімде, білім - кітапта.

ІІ топ.Білегі күшті бірді жығады,
          Білімі күшті мыңды жығады.

ІІІ топ.Оқу инемен құдық қазғандай.

Сондықтан Буратино ақылды болу үшін білім керек екен.

 Сен ертеңнен бастап мектепке келіп білім ал.Келістік пе?

Қорытындылау

 «Шляпа»ойыны.Музыка ойнап тұрған кезде, оқушылар кезек-кезек  шляпаны  бастарына кигізеді.Музыка тоқтаған кезде шляпа кімнің қолында қалса,сол  оқушы сабаққа байланысты өзінің пікірін айтады. 

Бағалау

Үйге тапсырма:100 бет 272 жаттығу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения