Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
26.03.2012
0
2650
0

Баяндауыш

Год: 2012

Страна: Казахстан

 

Астана қаласы № 28 орта мектебі

қазақ тілі мұғалімі

Нарбаева Меңдігүл Жетайқызы

Сабақтың тақырыбы:

Баяндауыш 

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауыш туралы түсініктерін кеңейту. Оның бастауышпен байланысын, сөйлемдегі атқаратын қызметін түсіндіру.

Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:

  1. Тұрлаулы мүшелерді біледі
  2. Сұрақ қойып, сөйлем ішінен бастауышты, баяндауышты ажырата алады

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

 

Сабақтың түрі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ұйымдастырылған интерактивті сабақ

 

Стратегиялар: «Ой шақыру», «Топтастыру», «Жолаушының қойын дәптері», «Автордың орындығы», «Сезімнен шыққан өлең»

 

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар, маған қарап күлімдейміз,

Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.

Қонақтарға қарап күлімдейміз.

Бүгінгі күнгі сабағымызда

Бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

 

Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1-бала: Еліме тыныштық тілеймін!

2-бала: Күніміз жарық болсын!

3-бала: Аспанымыз ашық болсын!

4-бала: Деніміз сау болсын!

5-бала: Нанымыз көп болсын!

6-бала: Көк туымыз биік болсын.

 

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

Балалар, бүгінгі сабағымызда баяндауышқа байланысты түрлі жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Сөйлем мүшелеріне байланысты өткен ережелерді еске түсірейік.

Қойылатын сұрақ:

1)    Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

2)    Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3)    Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?

4)    Тұрлаусыз мүшелер нешеге бөлінеді?

(Оқушы сызбаны өзі толтырады)

 

Қане, балалар төмендегі сызба арқылы баяндауышқа тоқталайық.

- Баяндауыш қай сөз табынан болады?

- Етістік

- Оның сұрақтары қандай?

- Не істеді? Не қылды? Қайтті?

- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

- Дара баяндауыш, күрделі баяндауыш

- Сұраққа жауап бере отырып, сызбаны толтырайық.

 


Сабақтан шығып, үйге кетіп бара жатқанда жолда кездескен оқиға туралы әңгіме жазуға бергенмін. Айнала қандай, не болды, не байқадың? Жазған әңгімелерін оқыту.

 

Жазып келген әңгімелерін «Автордың орындығында» оқиды.

 

ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Дәптерлерін ашқызып, бүгінгі күнді жазғызамын.

 

           

                      Сынып жұмысы


Тақтада күз мезгілінің суреті тұрады.

Мұғалім: - Ал балалар, тақтада қандай мезгіл бейнеленген?

-         Күз мезгілі

     - Осы суретке қарай отырып, күз мезгілінің күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайық.

 

  1. Күннің суықтығы;
  2. Жаңбырдың жиі жаууы;
  3. Жапырақтардың сарғайып түсуі;
  4. Құстардың жылы жаққа ұшып кетуі
  5. Егін жинау.

 

Мұғалім: - Осы сөз тіркестерін басшылыққа ала отырып, күз мезгіліне байланысты өз ойларыңнан 1 шумақ өлең шығарыңдар.

 

Скачать урок

urok-kazahskogo.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 40)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения