Анна Соколова
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан Акколь
Регион:не указан
14.12.2014
0
2244
5

Ашық сабақ Тақырыбы: «Киімдер» 2 сыныпта сабағы.

Тақырыбы: «Киімдер»

2 сыныпта сабағы.

Мұғалім: Соколова А.В.

№ 2 Ақкөл орта мектебі

Ақкөл қаласы

Ақмола облысы

Сабақтың мақсаты:

1.      «Киімдер», «Түстер» тақырыптарын қайталау, лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана, айта білу.

2.      Ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

3.      Қазақ тілін қастерлеруге тәрбиелеу, ұқыпты болуға баулу.

Сабақтың барысы:

1.      Сәлем бердім досыма   

Кел менің құшағыма

Қалың қалай? Жақсы ма?

Жақсы болса? Жасырма!

 

2.      - Сәлеметсіңдер ме балалар, ұстаздар, қоңақтар,әріптестер. Отырыңдар балалар.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек.

-          Бұл не?

-          Бұл көз.

-          Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қандай әріп қалды?

-          «И»- әріп

-          Бұл не?

-          Бұл тіс.

-          Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз.

-          Бұл не?

-          Бұл алма.

-          Алдынғы екі әріпті және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Түсінікті ме?

 

-          Бүгін сабақта біз «Киімдер» тақырыпты қайталаймыз.

 

-          Балалар, тақтаға қараңдар? Ал мынау не?

(тақтада үш категория бар) бір оқушы тақтаға шығады.

-          Сөздерді тиісті категорияларға орнатыңдар.

 

киімдер

ауа райы

түстер

 

           
  Овал: киімдер   Овал: түстер   Овал: ауа райы
 

 

 

 

 

 

 

 

-          Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.      Ауа райы қандай?

2.      Қар қандай түсті?

3.       Саған қандай киім ұнайды?     Маған көйлек ұнайды.

4.      Мектепке сен не киесің?           Мен мектепке көйлек, шалбар киемін.

5.      Күн суық саған қандай киім керек? Маған күн суық болса жылы киім керек.

6.      Саған джинсы ұнай ма?             Иә, маған джинсы ұнайды.

-          Балалар кәне, тақтадағы тапсырманы тексереміз.

Қараңдар, дұрыс па?

Иә, дұрыс. Жоқ бұл түс, киім емес.

 

3.      – Балалар, киім түрлерін қайталайық!

-          Мынау не?

-          Бұл шалбар. Қайталаңдар.

-          Сендерде  карточкалар бар. Сөздің басы мен соңын табыңдар. Бір түспен бояймыз.

көй

құлақ

шал

күр

шын

бар

лек

ғап

жей

те

қол

де

 

 

 

 

4.      Балалар тақтаға қараңдар, сұрақтарға жауап беріңдер.

-          Бұл қай жыл мезгілі?

-          Бұл қыс.

-          Қыста сендер не киесіңдер?

-          Қыста мен құлақшын, тон, етік, шалбар күрте киемін.

-          Сеңдер қандай қысқы киім білесіңдер?

-          Құлақшын, етік, тон, шалбар.

(на слайде зимняя одежда вылетает поочередно)

Бір оқушы қысқы киім туралы  әңгімелейді.

 

«Қысқы киімдер»

Қыста күн суық болады. Біз жылы киім киеміз. Мен қыста басыма құлақшын, аяғыма етік, қолыма қолғап, үстіме тон киемін.

 

-          Бұл қай жыл мезгілі?

-          Бұл жаз.

-          Сендер жазғы киім білесіңдер ме?

-          Иә, білеміз. Көйлек, туфли, қалпақ, жейде, шалбар.

-          Жазда сендер не киесіңдер?

(на слайде летняя одежда вылетает поочередно)

Бір оқушы жазғы киім туралы әңгімелейді.

 

« Жазғы киімдер»

Жазда күн ыстық болады. Мен жазда басыма қалпақ, аяғыма туфли, үстіме көйлек киемін.

5.      Балалар, кәне сергіту сәтті өткізейік.

Қыс келді, алақай!

Аяз соқты, бетімай!

Мен киемін тымақты

Анам берді жылы тонды

Қолға киемін қолғапты

Етікті тартамын аяққа

Мен дайынмын аязға!

Рақмет, балалар отырыңдар!

6.      - Балалар, кәне ойнайық! Мен мәтінді оқимын, сендер мәтінді тыңдап, керекті суретті көрсетесіңдер.

Бұл дүкен. Дүкен үлкен, жарық, таза. Дүкенде үш адам бар. Олар: екі қыз және ұл бала. Ұл бала киімге қарап тұр. Қыздар: Жанар мен Әлия киім сатып алды. Жанар көк шалбар сатып алды. Әлия қызыл көйлек сатып алды.   

7.      - Балалар, ал мынау не?  Киім дүкені туралы әңгімелесейік.

-          Сәлем Марина!

-          Сәлем Настя!

-          Сен қайдан келе жатырсың?

-          Мен дүкеннен келе жатырмын.

-          Сен не сатып алдың?

-          Мен көйлек, қалпақ, сатып алдым.

-          Қандай көйлек, көрсет.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения