Рахимова Толкын Едылшаиховна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ВКО Бескарагайский район село Бескарагай
14.12.2014
0
1309
1

Дүниетану пәнінен "Балықтар"ашық сабақ

Дүниетану 3 сынып

Тақырыбы:Балықтар

Мақсаты :1.Балықтардың тіршілігі және олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру.

2.Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын  арттыра отырып,

сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Оқушылардың қиялдарын дамыту.

3.Балықтардың маңызын түсіндіре отырып,оларды қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:кіріктіру сабағы.дүниетану-бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекіліктері:интерактивті тақта, бейнеролик ,суреттер,сергіту сәті,слайдтар,музыка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,казір бізде дүниетану сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.Сабақты бастамас бұрын сендердің  назарларыңды интерактивті тақтаға аударамын .

(Психологиялық  дайындық.Бейнеролик көрсету)

-Балалар,сендерге ұнады ма?

-Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін. 

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.(интерактивті тақтадағы сөзжұмбақты шеше отырып,жауаптарын балалардың өздеріне жазғызу)                                                      

  Тапсырмалары :                                                   

   1. Қосмекенділердің басқаша атауы

   2. кенді пайдалы қазбалардың құрамында не бар

  3.ең кішкентай құс

  4.жердің өсімдік өсетін құнарлы беті.

   5.Қорегін ұшып жүріп табатын құс

   6. Бунақденелілер мен буынаяқтыларды бір сөзбен не дейміз

   7.Суды өткізбейтін тау жынысы

  8. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы

-Тамаша.Қанеки хормен ортада шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балықтар)

-Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Балықтар»екен.

ІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі:

 Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)

1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.

2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
 Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.

3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады

4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.

5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол  судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.

Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
 -Балалар,сендер сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады?

-Қазір Айым Ертіс өзені туралы сендерген әңгімелеп береді. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

-Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен?

-Біздің бірнеше оқушымыз осы балықтар туралы мәлеметтер жинаған еді,енді соларды тыңдап көрейік.(Оқушылар  балықтардың суреттерін көрсете отырып, хабарлама жасайды)

-Өте жақсы.Қанеки осы беттерді бір-біріне жапсырайықшы.Бізде балықтар туралы кітапша дайын болды.

ІІІ.Сергіту сәті(Интерактивтік тақта арқылы музыкалық сергіту сәтін жасату)

 

-Ал енді альбомдары мен бояуларыңды дайындап жіберіңдерші.

Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір алақандарына бояуды жағып,альбомның бетіне алақандарынды басыңдар.Сендер сол баспаға балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып салуға болады.Ол сендердің қиялдарына байланысты

ІҮ.Практикалық жұмыс.(балалардың суреттерін тақтаға іліп қою)

Ү.Сабақты бекіту

-Балалар,қазір оқулығымыздың 137 бетін ашып,мәтінді бір оқып шығайықшы.

(Тізбек бойынша мәтінді оқыту)

Ү.Қорытындылау.

   Сонымен,

1.балықтар қайда өмір сүреді екен?

2.балық қалай тыныс алады.                                    

3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?

4.қандай балықтармен таныстық?

5,Сендерген бүгінгі сабақ ұнады ма?

6.несімен?

-Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.

Бағалау.

Үйге тапсырма:137-138 бет.оқу,мазмұны 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения