Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
12.12.2014
0
850
0

Кайсанова Санияш Наурызбаевна, учитель начальных классов КГУ «СОШ № 33 имени Кайрата Рыскулбекова» города Семей, Восточно-Казахстанской области, Казахстан





 

ШҚО Семей қаласы

«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы

 орта білім беретін мектеп»КММ

С.Н. Кайсанова

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Тақырыбы:     Білімділер сайысы

Мақсаты:      1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,   

                   қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін

                    дамыту.

                  2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге

                    шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

                  3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

   Барысы:  Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.

 Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.

 Ендеше  бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Олай болса «Білімділер бәйгесіне» қош келдіңіздер!  Ортаға сайысқа қатысушы 4  «а»  4 «б» және 4 «ә»класс оқушыларын шақырамыз.

Бүгінгі  сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Сайыс  кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1.Ой жүйрігі(Сұрақтарға жауап беру)

2. «Математикалық домино»

3. « Сөзжұмбақ » шешу

4. «Тамаша төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)

5.Көрермендермен жұмыс.

6. «Сиқырлы сөздер әлемі»  (капитандар сайысы)

7. «Ребус шешу »шығармашылық жұмыс

2-ж  -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.

Мысалы:

4 «Ә»класс     ТАПҚЫРЛАР ТОБЫ

   Толағайдың тасындай,

   Ұландардан тұрамыз.

   Сөзге жүйрік баламыз,

   Тапқырлар тобы осындай.

 

- Ендеше ойынға қатысушыларға сәттілік дейміз.

1-кезең  Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру) Неше сұраққа жауап бере аламыз.

Ұзындық бірліктерін ата

Жиырма мың санында неше ноль бар? /4

Қ.Р Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991

 

Әнұран авторларын ата.  (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,  әні: Ш.Қалдаяқов)

Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

Көбейту амалдарының компоненттерін ата?

а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш   S=? /8см/

350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/

1м-де неше см бар /100см/

 10. 1 кг мақта ауыр ма?

1кг темір ауыр ма?

11. Қай құс өз атын қайталай береді?  (көкек)

12. Мәтін түрлерін атаңдар?    (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

13.Жеңіс қай күн / 9 мамыр/

14. 1ғасырда неше жыл /100ж/

15.Ең үздік баға?

Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/

Мыңда неше нөл бар?/3/

Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/

Тудың авторын ата.    (Ш.Ниязбеков )

Құрманғазының шәкірті кім? /Дина/

Азайтудың компонеттерін ата

а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см  /18 см/

750-350дің айырмасы  400

1т неше кг бар? /1000 кг/

Бір жұмыртқа  5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.

Түйе арқасында нені көтеріп жүреді?     (ӨРКЕШ)

Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, сан есім).

 Қыстың бірінші айы

1 жылда неше ай бар /12 ай/

Ең нашар баға

Масса өлшем бірліктерін ата

50 мын санында неше ноль бар?

3.  Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).

4.Қ.Р Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991

5.Елтаңбада не бейнеленген?

6.Бөлу амалдарының компоненттерін ата?

7.а=7см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см  /21 см/

8.750-250 дің айырмасы  500

9.1ц неше кг /

10.Тауық  бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?

ІІ кезең « Математикалық домино» / көбейту кестесін есіне түсіру/ бұл сайыста эстафеталық жарыс сияқты ІІІ топтан 1-1 ден топ мүшелері шығып домино құрастырады.         

                                                           

40:8

 

5

 

7

 

63:9

 

4

 

54:9

 

 

3

 

160:40

 

 

 

 

 

 

3-кезең. «Әуенді тап»

Музыка тыңдап,шығарманың атын атау.

4-кезең  «Тамаша төрттік» Пәндер бойынша сұрақтар.Экранға назар аударайық.

5-кезең  Көрермендермен жұмыс.

6-кезең.  «Сиқырлы сөздер әлемі»  (капитандар сайысы)

Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде тобына жасыру.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар            

        Қуанып шаттанып,күлу де бар.

       Білімдерін тамашалап,отыр қауым, 

        Сайыста әділқазы тағы да бар.

2.ж.«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,

       Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

       Ойлама білім алсам қор болам деп,

       Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,

        Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

        «Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,

          Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

1-ж.Осымен  «Білімділер бәйгесі»өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения