Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
12.12.2014
0
769
0

Кадиркешова Куралай Есимхановна, учитель начальных классов КГУ «СОШ № 33 имени Кайрата Рыскулбекова» города Семей, Восточно-Казахстанской области, Казахстан





 

 

                                               Пәні:    Сауаттылық елінде

                                       Тақырыбы:    «Дауыссыздар  елінде»

                                                   Вакультатив сабақ

2 «Б»  сынып

ШҚО Семей қаласы

«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы

 орта білім беретін мектеп»КММ

Кадиркешова  К.Е.

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыздар  елінде»

Сабақтың  мақсаты:       Оқушылардың өткен дауыссыз дыбыс туралы білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру, оның түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру, сөздерді талдау, сауатты жазуға төселдіру, ой-өрістерін,есте сақтау,   шығармашылық қабілеттерін дамыту, құстарға қамқорлық  жасауға, оларды аялауғатәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  ертегі сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу
Көрнекілігі:   грамматикалық , дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, бағалау картасы.

С а б а қ т ы ң    б а р ы с ы :

Балалар, бүгін  біздің  сабағымыз  ертегілер  желісі  бойынша  өтеді. Ертегіні  жақсы  көреміз бе? Ендеше  бастайық. Ең  алдымен ертегілер еліне  бару  үшін  «Сиқырлы  қорап»  ойынын ойнайық. Сен бір күні саябақта  серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше  бір  қораптың үстінен  түстің.  Оның сиқырлы  қорап        екенін  ұқтың  ашып  қарағанда  сен  тамаша  бір---.  Не  көрдің?

Ал,енді  біздің  сиқырлы  сандығымызда  не  бар  екенін  көрейік,

Мына  сиқырлы  таяқшамен  ертегілер  еліне  сапар  шегеміз.

Бүгінгі  сабағымыздың   тақырыбы: «Дауыссыз  елінде»  деп  аталады.

Сабағымыздың  мақсаты: «Дауыссыз  дыбыстардың  түрлерін  қайталау,  сөйлем  құрау  дағдаларын  арттыру,  тіл  байлығымызды  дамыту»

Бұл  мақсатқа  жету  үшін біз  түрлі  ойындар арқылы тапырмалар  орындаймыз.

Ең  бірінші  ертегіміз «Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар»  Ертігінің  кейіпкерлерін  кім  атайды.   Жақсы.

-         Биыл бізде  жылан  жылы.  Жылан  жылының  сендерге  әкелген тапсырмасы  бар екен. Ол  сендерді  тапсырманы  орындай алама  деп  уайымдап  тұр  екен.

 

  1.      «Кім  ән  айта  алады?»  ойыны. Дыбыстар жиыны болады. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген бір дыбыс ән  айтайықшы  дейді, біз ән айта алмаймыз  деп  сыбырлады бір  топ  дыбыстар.  Біз  ән айтуға  қосыламыз  деді  келесі  дыбыстар.

Тапсырма: қазір мен әріптерді таратып беремін ал сіздер ән  айта  алатын дыбыстарды мына  үйге,  ал  ән  айта  алмайтын  дыбыстарды  келесі  үйге  орналастырамыз.  Жақсы  тапсырманы   тез  орындадық  енді  кім  айтады  неге  ән  айтатын,  ән  айтпайтын  дыбыстар  деп  бөлеміз?

Өте  жақсы,   Балалар  жыланның  келесі  тапсырмасы  бер  екен.   Бізге  хат  жіберіпті . Кімге  және  кімнен  келді екен? Конверттің  сыртында  біздің  мектептің   және  біздің  сыныптың  мекенжайы  жазылыпты. Хат  негештен  келіпті.  Негеш  кішкентай  бала.  Ол  үнемі  «Кім? Не? Қайдан?» деген  сұрақ  қояды? Ал  хатты  оқиық.

«Балалар мен  тұратын  жерге қыс  түспейді.  Менің қыс  мезгілі  туралы білгім  келеді,  әңгімелеп  беріңдерші  дейді» Сендердің  Негешке көмектескілерін  келе  ме? Олай  болса  сурет  бойынша  кім  көп  сөйлем құрайды  екен?  Жақсы  сонымен  жыланның  тапсырмаларын  орындадық.

Келесі  ертегіміз «Мақта  қыз  бен  мысық». Екеуін  татуластыру  үшін, мынандай тапсырма,  енді  осы  дауыссыз  дыбыстарды   дұрыс  айта  алаласыңдар ма? Қане біріміз  орнымыздан  тұрып,  артикуляциялық  жаттығуларды  орындайық. Барлығымыз  тақтаға  қараймыз.

-         Ара  қалай  дыбыстайды? ---- з –ұяң

-         С – қатаң

-         Р – үнді.

Жақсы  балалар,  орнымызға  жайғасып  отырамыз.

Мына  сиқырлы  таяқшамыз  келесі  «Түлкі  мен  қасқыр» ертегісіне  көрсетіп тұр.  Түлкі  қандай  жануар? Ал  енді  қасқырды осы  түлкінің  құлығынан  құтқарайық. Тапсырманы  тез,  әрі  шапшан  орындайық.

1-    ші  тапсырма: Құмыраға  гүлді  саламыз.Үнді  дауыссыздар- ды  құмыраға  саламыз.Гүлдердің  ішінде  дыбыстар жазылған  сіздер қайсы  үнді  дыбыс, соны  құмыраның  ішіне  саласыздар.

2-    ші  тапсырма:   Көбелектерді   бұлт  тамшыларынан  құтқарамыз. Ол  үшін  қатаң  дауыссыз  дабастар  жазылған  көбелектерді, жауыннан  құтқарып  жапырақтың  астына  жасырамыз.

Ал,  келесі  ертегіміз, барлығымызға  таныс  «Бауырсақ»  ертегісі

Бауырсақты  аюдан  құткару  үшін, қазір  дәптер мен  жұмыс жасаймыз. Дәптерімізді  ашамыз. Бүгінгі  күнді және көркем  жазуды  жазамыз. Енді  мен  мәтін  оқимын, сендер  дәптерлеріне  жазасыңдар.

Жануарлардың арасындағы  ең  көзі  өткірі-бүркіт. Ол өзінің  жемін  үш  километр  қашықтықтан  көре  алады.

Мәтінді барлығымыз  жаздық па? Енді  сіздерге  тапсырма. Мәтіндегі    қатан,  ұян,  үнді  дауыссыз  дыбыстарды тауып, астын  сызамыз.

Жақсы  біз  көп  жұмыс  атқардық. Енді  ертегілер  елінде  сәл  демалып  қалайық.                                                 СЕРГІТУ СӘТІ.

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді  бүгейік.

Ыршып алға  түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше  ұшамыз

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге  мың  алғыс!

Келесі  ертегіміз, «Құйыршық»  ертегісі. Атасы  мен  әжесіне  жету  үшін  мынандай  тапсырманы  орындаймыз.

Мына  қыз  бала  көпірден  өте  алмай  тұр екен, Көпірді  біреу  бұзып  кетіпті.  Көпірді  жөндеу  үшін   мына  тапсырманы  орындау  керек.   Көпе  нүктенің  орнына дауыссыз  б  дабысын  жазып,   көпірді  тұрғыз.

-  Балалар,  мынандай  тапсырманы  орндайық, Сөздер  беріледі,  балалар қ әрпін  ғ  әрпіне  айналдыр жаз. Қандай ереже  бар,    Ғ әрпі  сөздің  соңында  жазылмайды. Қ-ға  аяқталған  сөзден  кейін   дауысты  дыбыс  келсе,  Қ дыбысы,   ғ-ға  айналады.

Соңғы  ертегіміз  «Алдар  көсе». Ол  қандай кейіпкер. Жақсы.  Егер  бүгінгі сабақта  не  өткенімізді айта  алмасақ.   Алдар  көсе  бізді  алдап  кетейін  деп  тұр. Сабақта  не  туралы  айттық? Сабақ  сізге  несімен  ұнады? Алдар  Көсе  бізге  ала  дорбасын  тастап  кетіпті, онда  не  бар  екен көрейік.  Бүгін  сабаққа  барлықтарын  белсенді  қатысып  отырдыңдар,  Алдардың   сендерге  сыйлығы  бар.

Оқушыларды  мадақтау

Сабақты  бекіту.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения