Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
10.12.2014
0
812
0

Зиянды әдет-қоғамдық дерт

Қазақстан,Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,Күршім ауылы
"Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі"КММ
Математика пәні мұғалімі
Салимбаева Гуляим Сейтказиновна

Мақсаты:

Білімділік оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,оларды зиянды заттарды қолдануға теріс көзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық туралы ой қозғау,өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;
Дамытушылық– оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;
Тәрбиелік оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнесюжеттер,оқушылардың дайындаған слайды,суреттері.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сахналау.

Барысы:

Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім. Кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, қонақтар! «Зиянды әдет-қоғамдық дерт» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

Қоғамды ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдердің бірі – маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу екенін білесіздер. Осы зиянды әдеттен аулақ болуымыз керек.

Негізгі бөлім: Оқушылардың дайындаған слайды.

Ажар: Спирт (ішімдік, арақ)- (ағыл alcoholsлат. spiritus — күш) көмірсутек молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарын гидроксил топшаларымен алмастырғанда алынатын қосылыстар.

Жүзім шырынынан-шарап, коньяк, ал қамыс қантынан-ром, арақ крахмалға бай дәндерден (арпа, бидай)-сыра, квас, виски, арақ алынады.

Жасөспірімдердің алкоголь ішімдігін қабылдауының негізгі себептері:

-күйзеліске төзе алмауы;

-көңіл күйі жаман болуы;

-өзін үлкендер сияқты көрсеткісі келетіні;

-отбасылық сәтсіздік;

 

«Ішімдік ішіп, көлік жүргізіп келе  жатқан жүргізушінің Жаклин Сабуридоны қағып кеткеннен кейінгі қыз тағдыры туралы» слайдтар көрсетілді.

Оқушылар қойылған сауалдарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.

 

Назерке: Темекінің толып жатқан зиянын, ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген жаман жақтарын біле тұра жасөспірімдер әуестенеді.Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, жүйке ауруларына көптеп шалдығады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.

Никотин– наркотикалық зат, өз-өзіне еліктіргіш. Ағзаны улайды.Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсе, өкпедегі қатерлі ісіктің пайда болуы шылымның түріне, адамның күніне неше қорап тартатынына тікелей байланысты.Соңғы кезде темекі тартатын қыз-келіншектердің саны өскені өкінішті. Аналардың шылым шегуінің зардабын жас нәрестелер көріп келеді.

 

«Шылымның зияны өлімге басталған сапар» атты бейнесюжет көрсетілді.

 

Еркетаң: Нашақорлық – бұл қабылдауды тоқтатқан кезде айырылу синдромы дамитын құштарлық. Түрлері: гашиш, героин, анаша, кокаин, апиын, марихуана. Нашақорлық отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарға зардабын тигізеді. Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан қысымы жоғарылайды, қолы дірілдеп, жүрек соғысы жиілейді.Иіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астына, тамырға енгізу арқылы қолданады. Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9 да екен.

 

Шығармашылық жұмыс: Темірлан мен Жандостың, Исламның, Ажардың, Арнұр мен Абзалдың салған суреттері ортада талқыланады.

 

         « Болады-болмайды! » кезеңі.

  1.       Оқушылар «Автобуста ұрланған ұялы телефон» көрінісін сомдайды.

Көріністегі оқушының жасаған ісін, ұялы телефон пайдасы  мен зияны туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.

  1.       «Мектептегі үзіліс» атты бейнесюжетті көрсетіп, пікірлерін ортаға салды.

 

«Ойды аяқта!» кезеңі.

 

1.  Заңның құрығы -----------------------

2.  Әр адамның құдайы ----------------

3.  Әділ істің ------------------------------

4.  Атаның баласы болма----------------

5.  Әдепті бала арлы бала,--------------

6.  Ақырын жүріп ------------------------

7.  Ұрлық түбі-----------------------------

8.  Тәрбие ---------------------------------

9.  Дені саудың----------------------------

10.Өш алғаннан гөрі---------------------

 

        «Қонақтармен сырласу» кезеңі.

 

Мектептің әлеуметтік педагогы, психологы, инспекторы қойылған сұрақтарға жауап берді.         

 

         Қорытынды.

 Оқушыларсабақты қорытындылап, өз ой-пікірлер стикерге жазып, ортаға салды.

 Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения