Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
19.03.2012
0
5294
0

Технология пәнін оқытуда пәнаралық байланысты қолдану арқылы оқушыларға патриоттық, ұлттық тәрбие беру

Год: 2012

Страна: Казахстан

Алматы  облысы, Талдықорған  қаласы

№9 орта мектептің  технология  пәнінің

 мұғалімі Асылбаев  Батырбек  Тұрсынбайұлы

 

Технология  пәнін  оқытуда пәнаралық  байланысты  қолдану арқылы  оқушыларға  патриоттық, ұлттық  тәрбие  беру

  Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Оқу бағдарламаларында жеке  пәндердің оқу  материалдары басқа  пәндердің  тақырыптарымен, ұлттық  өнермен өте  тығыз байланыста. Осы орайда, сабақтың өн бойында пәнаралық байланысты  пайдаланып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу арқылы патриоттық тәрбие  беруге мүмкіндік туады. Осындай сабақтардың танымдық міндеттері басқа пәндердің мазмұнын пайдалануды қажет етеді. Технология пәніне мұндай туыстас пәндер  бейнелеу  өнері  мен  музыка  пәні.

      Өйткені бұл үш пән бір-біріне ұқсас, сол арқылы бірі-бірін мазмұнды байытатын тақырыптар жиі кездеседі. Соңғы жылдары оқыту үрдісін жаңа анағұрлым тиімді  незізде ұйымдастыру бағыты тәжірибеде кеңінен орын алып келеді. Осыны негізге ала отырып, төмендегі Тәуелсізідіктің 20 жылдығына орай пәнаралық байланысты  пайдаланып өткізген, интерактивті «Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде жасау»  атты  сабағымның жоспарын  ұсынамын.

      Бұл сабақтың ерекшелігі - бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту барысында оқушыларды тұрмыстық бұйымдар арқылы, қоршаған ортада кездесетін нақты заттардың мысалы негізінде үйреткен жақсы. Күнделікті өмірде кездесетін заттармен жұмыс істеу барысында оқушылар тарапынан  қызығушылық  туғызады. Жалпы осы  туыстас  үш  пәнді оқытуда өзіндік  үйлесімді  ұқсастық та бар. Мысалы: бейнелеу  өнері  пәні - оқушыларға нақты сурет, тақырып бойынша еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамытуға, заттардың формасын және түсін ажырата білуге  үйретсе, технология пәнінде қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін  дамытады. Бейнелеу  өнері  пәні  арқылы заттың формасы, көлемі және  түсі зерттелсе, технология пәнінде жасаған заттың нобайын салу, ағаш өңдеу арқылы сол заттың моделін жасайды. Ал музыка пәнінде оқушылар ұлттық аспапта ноталардың үйлесімі  арқылы  күй, әуен тыңдап,  оны  нотаға  салуды,  қағыс  қағуды  үйренеді. Мен ұсынып отырған бұл әдістер оқушылар тарапынан, бір заттың қағазға  түскен бейнесінен формалы затқа айналу процесіне куә болғандықтан, қызығушылықпен қатар, оқушылардың бойына ұлттық–патриоттық тәрбие қалыптастыру арқылы  тиянақтылық пен  мұқияттылық, ұқыптылық қасиеттерін  дарытады.

    Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде  жасау».

    Сабақтың  мақсаты: Тәуелсіздіктің  20 жылдығына орай, халқымыздың ұлттық аспабы  домбыраны сыйкәде ретінде жасау технологиясын үйрете отырып,  бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларға ағаш  өңдеу технологиясы мен қолөнерге баулу.             

Білімділік: Ағаш  өңдеу арқылы қазақтың  ұлттық аспабы домбыраның  суретін  салып, бейне арқылы заттың формасын қалыптастырып, домбыраны сыйкәде  ретінде жасау.

     Дамытушылық: Еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық  қабілеті мен көркемдік талғамын, қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін  дамыту. 

    Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлттық өнерді бағалауға, патриоттық тәрбие қалыптастыру  арқылы  тиянақтылыққа, мұқияттылық пен  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың  түрі: Интерактивті кіріктірілген сабақ.

    Сабақтың  әдісі: Пәнаралық  байланыс, топтық, ұжымдық.

    Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, технологиялық нұсқау  картасы.

    Техникалық  жабдықтар: компьютер, интерактивті  тақта, диск, үнтаспа, ағаш, сүргі, сызғыш,  қарындаш,  бояу, лак, зімпара  қағаз, пышақ  түрлері, түрпі.

 

                                                             Сабақтың  жоспары:

  1. 1.     Ұйымдастыру  кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу,  сабаққа  қатысуын  тексеру.
  • Сабаққа  дайындықтарын  бақылау.
  1. 2.     Өткен сабақты  еске  түсіру:
  • Үйге  берілген  тапсырманы сұрау.
  • Қауіпсіздік  ережесін  еске  түсіру.
  1. 3.     Жаңа  сабаққа  кіріспе:
  • Жаңа  сабақтың қанатты  сөздерімен  таныстыру.

Сабақтың  қанатты  сөзі:  «Шеберлердің қолында  кәсіп  болған  бұл  ағаш»

                                                                                              Қашаған  жыраудың  сөзі.

Балғам менен қашауым -  қос  қанатым,

Өлең, өнер  бәйгеге  қосқан атым.

Мен  үшін  осы  екеуі  болмай  қалса,

Секілді  мынау  жалған бос  қалатын.

 

Сомдадым сөз асылын  қаламыммен,

Аздаған  аллам  берген талабыммен.

Қос  қанатым-қашауым,  балғам  барда,

Қалайша қол қусырып қаламын мен, -деп ақын Шоқпарұлы жырлағандай  « Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» қарсаңында өткізілгелі отырған  бүгінгі  сабақта біз қазақтың  ұлттық аспабы  домбыраны  сыйкәде  ретінде  жасап  сыйға  тартамыз.

  • Жаңа  сабақтың  мақсатымен  таныстыру.
  • Ағаштың  түрлері,  ағаш  өңдеуді  түсіндіру.
  • Домбыра  аспабы туралы  түсінік  беріп,  құрылысымен  таныстыру.
  1. 4.     Машықтандыру  кезеңі:
  • Нұсқау  картасы  арқылы домбыраның  моделін  жасау. 
  • Ұнатқан  түстерді таңдап,  ою-өрнектер  ою. 
  • Домбыра  моделіне  ою-өрнектер  сызу. 
  • Домбыраның астыңғы тұғырына «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты  жаспырманы жапсыру. 
    • Музыкалық сауат: Домбырада  қағыс  қағып  үйрену. 
    • Үнтаспа  арқылы  қазақтың  күйлерін  тыңдау. 
  1. 5.     Сабақты  бекіту:
  •  Жаңа сабақтар  бойынша бекіту  сұрақтарын  қою.
  •  Жасалған  домбыра сыйкәделерін жинау,  сыйға  тарту.
  1. 6.     Оқушыларды  бағалау.
  2. 7.     Үйге  тапсырма  беру.

Сабақтың  барысы:

 

1. Оқушыларды  түгендеп, оқу-құралдарының дайындығын тексеріп, сабақты  бастау.

 Технология  пәнінің  мұғалімі: Бүгінгі  сабақты Қашаған жыраудың қара  сөзі   мен  ақын Шоқпарұлының  жыр шумағымен бастағалы  отырмын. Бұл  жыр  шумағы  мен  қара сөз біздің бүгінгі «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» қарсаңында өткізілгелі  отырған сабағымыздың сәтті өтуіне көмек беріп, әр оқушыға ой салады деген  үміттемін.

Сабағымыздың мақсаты: Халқымыздың ұлттық аспабы домбыра жайлы  мағлұмат  беру. Бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларға ағаш өңдеу технологиясын үйре отырып, қолөнерге баулу.  Ағаш  өңдеу арқылы қазақтың ұлттық аспабы домбыраның  суретін  салып, бейне  арқылы заттың  формасын қалыптастырып, домбыра жасау. Еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық қабілеті мен көркемдік талғамын, қарапайым  құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін  дамыту. 

    Сабақты бастамас бұрын өткен сабаққа шолу жасайық. Өткен сабақта ағаштар  тарихына  терең  тоқталғанбыз. Осыған  орай  ағаштың  қандай  түрлері  бар?

Сүргімен  жұмыс істеу  кезіндегі қандай  қауіпсіздік  ережесін  білеміз?

1-    слайд.  Бүгінгі өтетін  сабағымыз  дәстүрлі  сабақтан  өзгеше. Бұл  сабақта  біз  қазақтың  ұлттық  аспабы  домбыраны  сыйкәде  ретінде  жасап  үйренеміз.

2-    Слайд. Ағаш  түрлері, ағаш  өңдеуді  түсіндіру.

Ағаш  түрлерін  Қашаған  жыраудың мына  жыр  шумағымен  таныстырайын.

Қолымдағы  қу  ағаш,

Сайрап  отыр  бұл  ағаш.

Асылы  емен  қарағай,

Шыққан  жері су ағаш.

Пайғамбарлар  туғанда,

Бесік  болған  бұл  ағаш.

Мұнаралы  әр  жерде,

Мешіт  болған  бұл  ағаш.

Шеберлердің қолында,

Кәсіп  болған  бұл  ағаш. –дей  келе ағаштың  қасиетіне  тереңдей  тоқталсақ, енді  ағаш  түрлерін атап  өтейік.

Ағаштың  түрлері: Қарағай, емен, тұт ағашы,  қараағаш, терек, қайың, тал және  жеміс ағаштары болып бірнеше түрге бөлінеді.Ағаш шеберлері ағаштың  ерешеліктерін, әр ағашқа тән  қасиеттерін жақсы білуі шарт. Олар ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпінділігі, түсі, дәмі, тұтқырлығы, жарылғыштығы,  шайырлығы, дыбыс  өткізгіштігі т.б.

       Бүгінгі сабағымызда домбыраны сыйкәде ретінде жасайтын болғандықтан, музыка  аспаптарын дыбыс  өткізгіштік  қасиеті жоғары  ағаштардан  жасайтынына мән  беру  қажет.  Домбыраны қандай  ағаштардан  жасайтынына  тоқталайық.

Мысалы  қарағайдан  домбыраны  тұтас  шауып  жасайды. Немесе басқа ағаштан  жасалған  домбыраның  қақпағын  міндетті  түрде  қарағайдан  салады.Ағаштардың ішіндегі  ең «шешені» сөйлегіштігі қарағай  деп  санайды шеберлер.Оған  дәлел Шал ақынның:   Домбыра  қолда  қарағай,

                    Қолға  да  оны  алған  соң,

                    Жүйрік  туған ағаңыз,

                    Арыдан  бері  тербетер,- деген  жыр  шумағын айтуға  болады.

Музыка пәнінің  мұғалімі: Балалар, шертпелі  аспаптар дүниежүзі  халықтарының барлығында  бар. Қазақ  халқында  да  кеңінен  тараған. Соның  бірі- қазақтың  киелі  домбырасы.

3-слайд. Домбыраның  шығу  тарихы, домбыра  түрлері көрсетіледі.(Күй  ойнап  тұрады).

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» деп ақын жырлағандай,  халқымыздың  ғысырлар  бойы  жинақтаған ұлттық  құндылығы мен  дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. Ұлттық  аспаптардың ішінде қазақтың  жүрегіне,  жан  дүниесіне  жақыны  да  домбыра. Оған куә қазақтың  «Отырар  сазы»  ұлт-аспаптар  оркестрінің әлемдік деңгейде өнер  көрсетіп, қазақтың  киелі  домбырасының  үнін  шарықтатып  журуі.

Технология  пәнінің  мұғалімі: Сендермен  бүгінгі  сабақта  домбырыны  сыйкәде  ретінде  жасап  үйренеміз. Ол  үшін  сенедерге  домбыра  жасаудың  технологиялық  нұсқау  картасын  ұсынамын.

 

р/с

Жұмыстың  орындалу  барысы

Қажетті  құралдар

1

Ағаштың  бетін  өңдеу, тазалау.

Сызғыш,  қарындаш,  ара, сүргі

2

Өлшемдерін  түсіру

Қарындаш,  үлгі

3

Кесіп, жону  жұмысы

Шапқы  түрлері,  пышақтар

4

Өңдеу  жұмыстары

Зімпара  қағаз

5

Ою-өрнек  салу

Үлгі  бояулар

6

Лау  жағу

Лак, қылқалам

7

Ішек, тиек, құлақ орнату

Сызғыш, ішек, ағаш

 

4-слайд. Домбыраның  құрылысы мен  түрлері.

  1. 1.     Домбыраның  мойыны-  пернелерді  орналастыру.
  2. 2.     Шанағы- дыбыс  шығару  үшін  қажет
  3. 3.     Құлағы- ішектерін бекіту.
  4. 4.     Тиегі- ішекті  көтеріп  туру  үшін  қажет.
  5. 5.     Ішегі- дыбыс  шығару үшін  қажет.
  6. 6.     Пернелер- нота  теру  дыбысы.

Жасалған домбыра моделіне пернелерді орналастыру  орнын  сызғышты  пайдалана  отырып  белгілеу. Домбыраның  жасалу  ретіне  қарай  бірнеші  түрі  болады. Атап  айтсақ, балашық  домбыра, күй  домбырасы, Абай  домбырасы,  ән  домбырасы т.б.

Бейнелеу өнері  пәнінің  мұғалімі: Балалар, сендер ою-өрнектердің  түрлерін өткен  сабақтардан білесіңдер. Ою-өрнектерді әр-түрлі  қолөнер  түрлеріне  қолданатынын  да сендер жақсы білесіңдер. Ал бүгін сабақта біз, музыкалық аспапты яғни  домбыраны  оюмен  өрнектеп  көреміз.

5-слайд. Мына өрнектерге назар аударайық. Осы өрнектердің барлығы  симметриялы  өрнектер. Симметриялы  өрнектерді  ою  үшін  не  істейтін едік?

- Ия  алдарыңыздағы  әр  түрлі түсті қөағаздың  ішінен өздеріңе  ұнаған  түсті  алып, ортасынан  бүктейміз. Тақтадағы үлгіге  қарап,  өрнекті  қағаздың  артқы  бетіне бейнелейміз. Қағаздың бүктеуін жазбай қиямыз да, дайын өренектің  жапсырмасын алып,  домбыраға  жапсырамыз.

Технология  пәнінің  мұғалімі.  Нұсқау  картасын келесі  рет  бойынша белгіленген  орындарғы пернелерді  орналастырып, ішегіне тиек  қоямыз.

Музыка пәнінің мұғалімі: Нұрғиса Тлендиевтің «Аққу» күйін құлақ салып  тыңдаймыз. Күйдің орындалу барысында домбыраның қағыстарын анықтау, күйдің  өлшемін  анықтауға  мән  береміз.

6-слайд. «Отырар  сазы » оркестрінің  орындауында бірнеше  күй  орындалады.

Технология  пәнінің  мұғалімі. Балалар  бүгінгі  берілген  тапсырманы жақсы  орындап, сабақта өздерінің шеберліктерін танытып оқушылардың жасаған  сыйкәделері дайын болды. Олай болса, бүгінгі сабағымыз Қазақстан  тәуелсіздігінің 20 жылдыған орай өткізілгендіктен, сабақты мына  жыр  шумағымен  қорытындылайын.

     Тәуелсіздік!

     Тәуелсізбін мен бүгін,

     Келді , міне, азаттығым,  теңдігім.

     Бостандықта байлығым  мен  елдігім,

     Шешіл енді шемен  болаған  шерлі  үнім!

     Өзіңдікі- Елің де,

     Өзіңдікі-Жерің  де.

      Өзіңдікі өзің еккен Бақ-Тәуелсіздік төрінде!,-дей келе Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.  Осы бір ұлы үш ұғымның салатанат  құруы үшін кімдер бас  тікпеді, кімдер  құрбан  болмады?! Сонау  ықылым заманннан  бері ата  жұрт, атамекен  үшін шейіт  болған боздақтар  көкейден  кетер  ме? Олай  болса  желтоқсаннның құрбандарына  мың  тағзым  етіп, еске алайық. ( Еске  алу  сәті)

 Сабағымыз аяқталды. Сыйкәделеріңді  сыйға  тарту мүмкіндіктерің  бар. 

 

Скачать урок

batyrbek-saba-zhospary.doc [71 Kb] (cкачиваний: 63)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения