Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
19.03.2012
0
3853
1

Өзіндік талдау

Год: 2012

Страна: Казахстан

 

Алматы  облысы, Талдықорған  қаласы

№9 орта мектептің  технология  пәнінің мұғалімі

Асылбаев  Батырбек  Тұрсынбайұлының 

өткізген ашық сабағына

 

Өзіндік  талдау


«Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде  жасау»  атты сабағымның  масқсаты: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, халқымыздың ұлттық аспабы  домбыраны сыйкәде ретінде жасау технологиясын үйрете отырып,  бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларға ағаш  өңдеу технологиясы мен қолөнерге баулу.             

Білімділік: Ағаш  өңдеу арқылы қазақтың  ұлттық аспабы домбыраның  суретін  салып, бейне арқылы заттың формасын қалыптастырып, домбыраны сыйкәде  ретінде жасау.

     Дамытушылық: Еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық  қабілеті мен көркемдік талғамын, қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін  дамыту. 

    Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлттық өнерді бағалауға, патриоттық тәрбие қалыптастыру  арқылы  тиянақтылыққа, мұқияттылық пен  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың  түрі: Интерактивті кіріктірілген сабақ.

    Сабақтың  әдісі: Пәнаралық  байланыс, топтық, ұжымдық.

    Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, технологиялық нұсқау  картасы.

    Техникалық  жабдықтар: компьютер, интерактивті  тақта, диск, үнтаспа, ағаш, сүргі, сызғыш,  қарындаш,  бояу, лак, зімпара  қағаз, пышақ  түрлері, түрпі.

   Жалпы  сабақ өту  барысында  алдыма  қойған мақсатыма жеттім.

    Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Оқу бағдарламаларында жеке  пәндердің оқу  материалдары басқа  пәндердің  тақырыптарымен, ұлттық  өнермен өте  тығыз байланыста. Осы орайда, сабақтың өн бойында пәнаралық байланысты  пайдаланып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу арқылы патриоттық тәрбие  беруге мүмкіндік туады. Осындай сабақтардың танымдық міндеттері басқа пәндердің мазмұнын пайдалануды қажет етеді. Технология пәніне мұндай туыстас пәндер  бейнелеу  өнері  мен  музыка  пәні. Сондықтан  да, кіріктірілген сабақ  түрінг  таңдадым.

      Өйткені бұл үш пән бір-біріне ұқсас, сол арқылы бірі-бірін мазмұнды байытатын тақырыптар жиі кездеседі.      Бұл сабақтың ерекшелігі - бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту барысында оқушыларды тұрмыстық бұйымдар арқылы, қоршаған ортада кездесетін нақты заттардың мысалы негізінде үйреткен жақсы. Күнделікті өмірде кездесетін заттармен жұмыс істеу барысында оқушылар тарапынан  қызығушылық  туғызады. Жалпы осы  туыстас үш пәнді оқытуда өзіндік  үйлесімді  ұқсастық та бар. Мысалы: бейнелеу  өнері  пәні - оқушыларға нақты сурет, тақырып бойынша еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамытуға, заттардың формасын және түсін ажырата білуге  үйретсе, технология пәнінде қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін  дамытады. Бейнелеу  өнері  пәні  арқылы заттың формасы, көлемі және  түсі зерттелсе, технология пәнінде жасаған заттың нобайын салу, ағаш өңдеу арқылы сол заттың моделін жасайды. Ал музыка пәнінде оқушылар ұлттық аспапта ноталардың үйлесімі  арқылы  күй, әуен тыңдап,  оны  нотаға  салуды,  қағыс  қағуды  үйренеді. Мен ұсынып отырған бұл әдістер оқушылар тарапынан, бір заттың қағазға  түскен бейнесінен формалы затқа айналу процесіне куә болғандықтан, қызығушылықпен қатар, оқушылардың бойына ұлттық–патриоттық тәрбие қалыптастыру арқылы  тиянақтылық пен  мұқияттылық, ұқыптылық қасиеттерін  дарытады.

       Соңғы жылдары оқыту үрдісін жаңа анағұрлым тиімді  незізде ұйымдастыру бағыты тәжірибеде кеңінен орын алып келеді. Осыны негізге ала отырып, Тәуелсізідіктің 20 жылдығына орай пәнаралық байланысты  пайдаланып өткізген, интерактивті «Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде жасау»  атты  сабағым сәтті  өтті  деп  ойлаймын. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения