Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
05.12.2014
0
864
0

Ботанова Гулжан Онгаровна, учитель казахского языка и литературы. Актюбинская область, Мартукский район, село Мартук, Казахстан





 Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

 

Мақсаты :

Оқушылардың салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту,шығармашылық қабілетін жинақтау,есте сақтау дағдыларын,логикалық ойлау қабілеттерін,іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау. Топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.  Сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

Салауатты өмір салты туралы толық ақпарат алады, сөйлеу тілін дамытады. Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс істеуге машықтанады.

Әдіс – тәсілдер: Кембридж тәсілі

Көрнекіліктер: парақшалар,ватман,фломастер,оқулық,интерактивті тақта

                           Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті /2 минут/     /1-слайд/

                    Арайланып таң атты

                       Алтын шапақ таратты

                       Қайырлы таң,балалар!

                       Аман Отан-панамыз,

                       Аман ата-анамыз

                       Қайырлы таң,балалар!

 

Психологиялық тренинг өткізу /смайликтер  арқылы топқа бөлу/      /2-слайд/

Миға шабуыл /2минут/      /3-слайд/

Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Денсаулық дегеніміз не? Ол туралы не айтасыңдар?       /4-слайд/

 «Топтастыру» стратегиясы. Кластер құрастыру.            /5-слайд/

Д – дұрыс тамақтану

Е – ерінбей еңбектену

Н – ниеттену

С – спортпен шұғылдану

А – ағзаны шынықтыру

У – уақытты дұрыс ұйымдастыру

Л – лайықты өмір сүру

Ы – ынта – ықылас алға жетелейді

Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады

Қызығушылықты ояту /2 минут/

Ой қозғау: Салауатты өмір салты дегеніміз не? Сен оны қалай түсінесің? 

Ассоциация құру.        /6-слайд/

Мағынаны тану. 

Сөздік жұмысы.         /7-слайд/

 Мәтінмен топтық жұмыс ұйымдастыру. /15 минут/

ДЖИГСО әдісімен мәтінді топта,ұжымда талқылау.

Жұптық жұмыс /сұхбат әдісі/

Дәптермен жұмыс /2-тапсырма/

«Блум таксоманиясының сұрақтары» стратегиясы.    /8-слайд/

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Салауатты өмір салтына нелер жатады?

2.Ересек оқушылар неше сағат ұйықтау керек?

3.Ұйықтар алдында не істеу керек?

4.Неден аулақ болу керек?

Сергіту сәті.

«Жағдаят шешу» стратегиясы. /5 минут/   

     /9-слайд/

1.Алмас  мен Жарас  далада футбол  ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар,  Жарастың іші неге ауырды?

    /10-слайд/

 2. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.

Талғатты бай деп айта аламыз ба?

Шығармашылық жұмыс. /14 минут/

Постер жасап, қорғау.  /11-слайд/

1-топ: Денсаулықтың достары     /12-слайд/

2-топ: Денсаулықтың қастары     /13-слайд/

3-топ: Салауатты өмір салты

Рефлексия  /5 минут/        /14-слайд/

«Венн диаграммасы» стратегиясы.Тақырып бойынша түйін шығарту. /3-тапсырма/

«Қалам үстелдің ортасында» стратегиясы.     /15-слайд/

«Денсаулық  жақсы болу үшін ...»  өз ойын аяқтау.

«Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы.     /16-слайд/     /17-слайд/

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения