Гулзира Ильясова Кенесовна
Должность:учитель музыки
Группа:Посетители
Страна:Байконур.Казахстан
Регион:г.Байконур
04.12.2014
0
514
0

Урок по музыке: Кавказ халықтарының музыкасы

Пән :  музыка

Класс: 4 «В»

Өтілген  уақыты: 18.02.13ж

Сабақтың  тақырыбы: Кавказ   халықтарының   музыкасы

Сабақтың  мақсаты:

 Білімділігі:   

                        Кавказ халықтары және оладың музыка жанрларымен таныстыру,

                        әнді динамикасымен үйрену

      

Дамытушылық:

             Музыкадағы ырғақты орындау,есте сақтау қабілетін қалыптастыру,

             әнді интонациясымен таза орындауға баулу

                            

Тәрбиелік:    

                 Халықтар арсындағы достықты нығайту,музыканы  

                 сүйуге, адамгершілікке үйрету

Типі:       аралас сабақ

Түрі:       дәстүрлі  сабақ

Әдісі:      сұрақ-жауап,  ой  толғау, ақпаратты құралдар,ойын әлемент-

                тері, музыка  тыңдау

Көрнекілігі: магнитофон, баян, мультимедия,  презентация

                          Сабақтың  жоспары:  

I.Ұйымдастыру  кезеңі.Психиологиялық  дайындық

II.Өткен  сабақты  қайталау

III.Үй  тапсырмасын  сұрау

IV. Жаңа  сабақты  түсіндіру

V.Жаңа  сабақты  бекіту

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Ұнады

-Не себептен  ұнады?

Қызықты өтті

-Тағы қалай  түрлендіруге болады?

-Болады

-Не себептен деп ойлайсың?

-Әр түрлі себептердан болуы мүмкін

VI.Қорытындылау

VII.Үйге  таспырма

VIII.Бағалау

           

I.Барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық  дайындық.

Ойын: «Досыңды сүйемелде»

Ойын шарты:екі топқа оқушыларды бөлеміз,Бірінші топ шапалақтау арқылы,ырғақты соғып тұрады,екінші топ әнді орындайды.

Келесіде екі топ орын алмасады.

II.Үй тапсырмасын қайталау

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

-Музыкада  тіл болады деп ойлайсың ба?

-Музыка тілі  қайда орналасуы мүмкін?

-Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

 

III.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылырды үш топқа бөліп үй тапсырмасын жарыс түрінде қайталап шығу.

а)Музыка тілі достық тілі.Оқушылар ой бөліседі.

Тірек сөздерді пайдалана отырып,тақырыпты баяндайды.

 б)  «Кім білгір?»мұғалім сұрақтарына жауап беру

в) «Кім әнші?»   айдары бойынша: «Су тасушы қыз»муз:Б.Байқадамовтікі

әнін орындап жарысу              

Бүгінгі сабағымыздың  мақсаты:  « Кавказ халықтарының музыкасымен танысу»

Жаңа сабақ

Музыка тыңдау

 «Лезгинка»тыңдап отырып.музыка характерін ажырату,қай елдің музыкасы екенін

ажырату. «Музыка тарихын айта кетіп, жаңа сабаққа ену»

(Мультимедияны қосу,Кавказ халықтарының  музыкасы) 1слайд

Мұғалім сөзі:

Кавказ тауларының етегінде  армян,әзірбайжан,грузин халықтары мекен етеді.

Олар бір-бірімен араласып жатқандықтан салт-дәстүрлерінде,музыкаларында, аспаптарында ,киім киістерінде,ұқсатықтар байқалады. Бүгінгі сабағымыз әзірбайжан халқына арналмақ.Олар әнді бір дауыста керемет орындайды екен. 2слайд

 

Музыка тыңдау: 3слайд

 «Качури»әзірбайжан халқының биі

Би ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.4слайд

-Би ырғағы қалай орындалып тұр?

-Қандай көңіл күйді білдіреді?

-Қандай би түріне жатады деп ойлайсыңдар?

-Качури биінің шығу тарихымен таныстыру.5 слайд

Музыкалық аспаптары:

Балабан-ең көне аспаптарының бірі .Үрлеп ойнайтын аспапқа жатады.6слайд

Гавал-ұрып ойнайтын аспап7слайд

Саз-шертіп ойнайтын аспап.8слайд

(Әр аспаптың суретімен бірге үні естіліп тұрады)

Дауыс жаттығулары.

До мажор дыбыс қатарын орындап шығу.

Арпеджиомен орындау.

Жаңа әнді үйренбес бұрын композиторларымен таныс болайық.9 слайд

Гамбар Гусейнли әзірбайжан композиторы.

Қазақшаға аударған ақын М.Әлімбаев 10слайд

Бұл  ән бірнеше елдің тіліне аударған.Орыс.өзбек,қазақ,армян тілдерінде орындалып жүр.

Ән  үйрену: 11 слайд

«Шөжелерім» музыкасы:Г.Гусейнли,қазақшаға аударған:М.Әлімбаев

а)  әнді  хормен  оқу, мағынасын  түсіндіру

б) әуенімен  тыңдау.хормен  орындау

в) әннің динамикасымен жұмыс  жасау

г) әннің  темптік  дамуын  салыстыру.

д)дәптерге  жаздыру

Бекіту:

Рефлексия 12слайд

Бүгінгі сабақ туралы ойымызды айтайық?

-Сабақ ұнады ма?

-Неге ұнады?

-Ұнамаған жақтары болды ма?

Қазір үш тілде әнді тыңдап жіберейік.

Қорытынды:

Бұл әнді тыңдай отырып музыка арасында өте алмайтын шекара жоқ

екенін тағы да дәлелдедік.

 Қай елдің музыкасымен таныстық?Қандай  музыканы  тыңдадық? Музыка  нені  бейнеледі?Қандай  ән  үйрендік?

Үйге  тапсырма:

Әнді  жаттап  , музыкалық тағы да аспаптардың аттарын тауып жазып келу.

 

Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения