Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.12.2014
1
814
0

Ертегі сиқыр әлемі

Қазақстан, Жамбыл облысы, Шу ауданы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Әсем» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші
Тастандиева Акмарал Турсынбаевнаға

Сабақтың мақсаты: Балалардың білімдерін ертегі арқылы тереңдете отырып ұжымдық сезімдерін ояту. Ертегі өмірімен ұштастыра отырып жүйлі сөйлеп, берілген сұраққа нақты жауап ала отырып, адам, кішіпейлікке, табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелейді. 

 

Сабақтың барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

  Балалар біз бүгін ертегі еліне саяхатқа барамыз. Ертегіде балалар кейіпкерлер ғажайып әрі кездейсоқ жағдайларға душар болып жатады. Дегенмен мейрімді, қайырымды адамдар көмекке келуге әзір болады.

 

Бірақ біз ең алдымен кішкене демалайық.

 

Релаксация

 

Өз жүректеріңді тыңдаңдар еркін әрі жақсы сезінеміз. Айнала әсем табиғат, бізді орман, тау, талдар қоршап тұр. Бізге көптеген ертегі кейіпкерлер келді, бізде солармен бірігеміз. Кейіпкерлер көрінбей кетті. Енді терең  дем алып жұдырығымзды түйіп көзімізді ашамыз.

 

Тәрбиеші: Ал балалар біз демалдық, сендерге қандай ертегі кейіпкерлер келді?  Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?   Сұрақ-жауап (алтын сақа, жаман дос, бір уыс мақта)

 

-Балалар сендер жақсы іс жасағанды ұнатасыңдар ма?

 

-Бізді бүгін көмекке аңшы шақырыпты, ол қиын жағдайға душар болып қалыпты, біздің білімімізбен  ұйымшылдығымызды қажет етеді екен. Біз тапсырмалар орындау барысында аңшыға көмектеседі екенбіз.  Ол үшін біз балалар көзімізді жұмып, 1,2,3 сиқырлы кілем ұш-деп айтуымыз қажет, кілем бізді балалар қажет жерге алып барады.  (ұшамыз, келеміз)

(кілемде тапсырмалар бар)

 

-Балалар алдарыңа қараңдаршы сендерде түрлі бояулар бар, осы бояудан қандай түс ұнайды? (айтады) суық және жылы түстер туралы

 

-Дұрыс әр түрлі әдемі түстер адам жүрегін қуантады. Сендер кемпірқосақ түстерін білесіңдер ме? (балалар айтады)

 

Әрбір аңшы қырғауылдың қайда отырғанын біледі.

 

 

(Түстерге тоқталу)

Көк түс – ашық аспан

Қара түс – көңілсіз

Ақ түс – жақсылықты, адал

Сары түс – жылу, қуаныш

Сендер қандай түсті таңдар едіңдер?  (балалар айтады ақ, сары)

 

-Сендердің таңдаған түстеріңе қарай мен көңіл күйлеріңнің жақсы екенін байқадым. Олай болса ертегімізді бастаймыз:

(Тақтаға суреттерді ілу арқылы ертегіні оқып бастау)

 

 

Ерте заманда бір аңшы болыпты. Аңшы кедей болсада мейірімді, жомарт, ешқашан адамдарға көңілін түсірмейді екен, жан-жануарларға, адамдарға көмектесуге әзір болыпты. Аңшы бір күні аң аулауға шығады. Ол ұзақ жолдар жүріп бір сиқырланған ну орманға кезігіпті. айналаның бәрі сарғыштартқан шөптер, сынған талдар. Бұл орманға күн шуағы да түспейді екен, орман іші көлеңкелі суық болыпты. Аңшы қанша көңілді болғанымен өзін жайсыз сезініпті. Бұндай орманды бұрын көрмепті, бірінші рет көріп тұр екен. Енді бұл жерден қалай шығамын деп ойланыпты. Не болсада орманнан шығу жолын іздеп келе жатып орман аңдары мен жануарларына кездесіпті бұларда ерекше екен, онда жолбарыс, қоян, елік, қасқыр, түлкі барлығының   бірге жүргендерін көріп таңқалыпты. Бұл аңдар ерекше   болып көрініпті. аңшы аш болсада, бұларды атуға қолы бармапты. Бұл жерде бір үлкен құпия бар екенін түсінеді. Ол отырып ұзақ ойланады. Ертеде атасының айтқан оқиғасы еске түседі. Бірде қатыгез, мейрімсіз мыстан  өсімдіктерді әлсіз етіп, ал адамдарды аңдарға  айналдырыпты, бұндай әрекет сырын ешкім білмеген екен – деп айтқаны есіне түседі.

 

-         Аңшы ұзақ қарап сендер адамсыңдарғой деп айқай салады.

-         Аңдар мұңайып бастарын көтеріп қарағанда, көздерінен адамдардың бейнесін көреді. Аңшы мұқият қарап әр аңнан әр адамдардың бейнесін іздейді.

-         Сүйікмді әрі нәзік қояннан әдемі қызды көреді.

-         Жолбарыстан қайратты, батыр, ержүрек жігітті көреді.

 

Аңшы осылай аңдардың көзінен адамның жүздерін көрген сайын, аңдар адамға айнала бастайды – (Балалар қараңдаршы аңдар адамдарға айналғанымен орман әлі жадырамай қараңғы болып тұр, енді мұнда біздің көмегіміз қажет екен, аңшы бізден көмек сұрайды.

 

Тапсырма: №1 Математика (оң, сол, жоғары, төмен)

 

Тапсырма: №2 Сауат «тақта» сөзінен бірнеше сөз табу.

 

 

Тапсырма: № 3 Сурет (өздеріне ұнайтын аңдысалдыру) (күн шуақтарын ашу 1 2 3)

 

-Міне балалар сендер өз білімдерінің арасында қап-қара орманға күн шуағының жылуынан шаштыңдар. Орманға күн шуағы түсіп аңшы жүрегі қуанып, өсімдіктер  бас көтеріп жапырақ жайды, ал адамдар мейірімді аңшыға алғысын білдірді. Осылайша балалар ну орман одан қарай тіршілігін жалғастырады.

 

-Ертегі сендерге ұнады ма?

 

Сұрақ – жауап

 

  1.      Аңшы қайда барды?
  2.      Орман қандай еді?
  3.      Аңдарды кім сиқырлады?
  4.      Сендер мыстанды қандай түспен салар едіңдер?

 

-Ия  балалар біз ұйымшылдық және бірлікпен жақсы іске қол жеткіздік. Осындай көмек үшін, мейрімді   аңшы сендердің жақсы білімдерің үшін мынау жүректер жылуын сыйлайды.

 

Қорытынды: Сұрақ-жауап

Комментарии пользователей /1/
EugeneKn | 7 декабря 2014 14:47
Здравствуйте администрация сайта.
Предлагаем вам качетсвенное продвижение и раскрутку вашего ресурса.
Прирост обратных ссылок, увеличение показателей сайта, прирост посещаемости
наполнение магазина товарами, наполнение сайта уникальным контентом.
Также существуют несколько напрвлений бесплатного создания сайта:
Беслатное создание интернет магазина под вашу тематику
Бесплатное создание форума по нужной вам тематике
Беслатное создания сайта визитки для вашей компании
Беслатное создание вашего личного блога
Бесплатное создание варезного портала необходимой тематики

Подробнее в ICQ 667975366 или на почту scamskin@yandex.ru
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения