Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
30.11.2014
0
397
0

Сейльханова Гайни Амангельдиевна, замдиректора по учебной части, учитель казахского языка и казахской литературы средней школы №7 города Аксу Павлодарской области, Казахстан

Орыс тілді мектептің қазақ тілі сабағы, 6 сынып.

  Сабақ мақсаттары:

Тақырыбы:Ұлттық тағамдар                                                                                               

 Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік  дағдыларын қалыптастыру.

 Дамытушылық: Оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге дағдыландыру,

 сөйлету жолдарын   ұйымдастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

 Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.

 Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Формасы:  Топпен жұмыс                          

 Сабақтың  құрылымы:

                   1.  Мәтінмен жұмыс

                    2.  Кластер құру

                    3. Топтық жұмыс

                    4. Компьютермен жұмыс.

 Сабақтың  барысы:

Мұғалімнің сөзі:  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайық. (Презентацияны көріп, оқушылар сабақ тақырыбын өздері ашады, мақсатын анықтайды)

Мұғалімнің сөзі:  Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.                  “Ас – адамның арқауы ” , “Астан үлкен емессің” – деген ұғымдар бар.
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген.                                                              

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.                                                                Сол үшін   үш топқа бөлінеміз, 1-топ  «Сұнқар» тобы, 2-топ «Пырақ» тобы, 3-топ «Қыран» тобы деп аталады.                                                                                                                                           Үш топқа тапсырма: «Тағамдар», «Дастархан» дегенде көз алдарыңа не елестейді?           Ой қозғау жұмысы: мақал-мәтелдер жазылған  сұрақтың орнына тиісті сөйлем мүшесін қойып оқы.                                                                                                                          «Сұнқар» тобы

     1.   Ас атасы-не /нан/ зат есім.

     2.   Ас кімнің арқауы/адамның/  зат есім

   «Пырақ» тобы

  1.       Арпа –бидай ас екен.

            Алтын –күміс  не екен /тас/ Зат есім

  1.       Тату үйдің тамағы қандай  /тәтті/ сын есім

«Қыран» тобы

  1.       Не  өсірсең қой өсір. /қой/ зат есім

     Өнімі оның  көл-көсір /мал/ зат есім

  1.       Неден /наннан/ артық тағам жоқ

  Мәтінмен жұмыс:  Әр топ өз мәтіні бойынша кластер кұрып, топпен қорғайды   

«Сұнқар» тобы:                              Ет тағамдары

 Құрметті кісілерге ұсынатын кәделі әрі орны бөлек тағамдардың ең бастысы  - қазақша ет (бесбармақ). Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді.  

   «Пырақ» тобы:                            Ұн таағамдары

Нан – ас атасы. Ұлт дастарханында нанның орны мен бағасы өте зор. Нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге  тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзудің өзі күнә. Нан астың басы, құдыреті әрі символы. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде де алдымен нан ұсынады. 

«Қыран» тобы:                                 Сүт тағамдары

Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол. Қазақ халқы “ақты төкпе”, “ақты аттама” , “ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді” деген қағида қалыптасқан ел ішінде.

Ұлттық тағамдар

 

                                  Кластер құру

 нан  

 

ет

 

 

 

 

 

 

REFLEX:  Компьютерде картамен жұмыс.Дұрыс жауап - ұпай арқылыбағаланады.       

Сұрақ- жауап

 

 

 

 

Әйелдерге

Қазақша ет (бесбармақ)

Дәрумендерге бай

Ұн тағамдарына

Шұбат

Шипалы,емдңк

Құдаларға

Еттен ,сүттен, ұннан

  малдан

    Құрметті кісілерге ұсынатын кәделі әрі орны бөлек тағамдардың ең бастысы қандай тағам?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ас, тамақ дайындауды қазақ кімдерге жүктеген?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бауырсақ қандай тағамға жатады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қымыздың қандай қасиеті бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағамдардың қандай медициналық қасиеті бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық тағамдар неден жасалады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйе сүтінен дайындалатын  ұлттық сусынның түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айран, қатық, сары май,қазы қарта неден алынады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құйрық-бауырды кімдерге береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұн тағамдарын ата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысы: Өзіңе ұнайтын ұлттық тағам туралы баяндау

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения