Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
28.11.2014
0
924
0

Жалқы және жалпы есім

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№138 Абай атындағы  орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ералина Орынкул Алмасовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстары орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:
оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілі: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: суреттер, слайд,
1  Топқа бөлу    1 – топ – Зат есім
                             2 – топ – Сын есім
                            3 – топ – Сан есім
                            4 – топ – Етістік
2  Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

3  Қызығушылықты  ояту
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
4 Мағынаны  тану
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Суреттер  көрсетіледі

Ыбырай  Алтынсарин    ағаш

аққулар  Аққу

 Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар.
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
  әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

1Мәтінді оқы.

2Алдымен бұйымдардың,содан кейін ыдыс атауларын теріп жаз.

3Бұйым мен ыдыс атаулары жалпы есім мен жалқы есімнің

қайсысына жатады.

      2-жаттығу

      1Сөздер тобын толықтырып жаз.

  2   Адамның аты-жөні: Оразұлы,......

Жер аттары: Сарыарқа, ...,....

Өзен-көл аттары: Балқаш,...,....

Тау аттары: Қаратау,...,....

Қала  аттары: Жаркент,....

3 Бұл сөздер неге бас әріппен жазылады?

Тағы да қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Бас әріппен жазылатын сөздер қалай  аталады

5-жаттығу.   Ертегіні аяқта

Бір күні Қоян орманда Қасқырға кез болыпты.

-Мен ашпын,қазір сені жеймін!- депті Қасқыр.

Аңдардың аты неге  бас әріппен жазылғанын түсіндір

Топпен Жұмыс

1-топ

Сөздер      Жекеше     Көпше

Астана

Құлындар

Жайық

Көлдер

Парта

2- топ

Суреттегі заттардың атын жаз, сөйлем құрастыр

Фартук, жұмыртқа, балық

3- топ

Сөздер  Зат есім   Сан есім   Сын есім  Етістік

Келді

Бес

Сұлу

алма

отыр

4-топ Сөздерге көптік жалғауды сызық арқылы жалға

Дүкен   су    толқын  тер   лар

Дер   кеме   көйлек    дар  лер

5 Ой толғаныс

Сөздер ішінен жалқы, жалпы есімді табу

Дәптер, айгүл, ұшқыш, құс, ертіс, мектеп, бурабай, ана, сабақ, абай, сынып

6 Өзін-өзі бағалау

7 Үйге тапсырма  4- жаттығу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения