Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
28.11.2014
0
1013
0

Жалаң және жайылма сөйлем

Қазақстан,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Карина М.М.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың                      

                                         байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, жаңа 

                                        сабақты түсіндіру. Жалаң және жайылма сөйлемдерді 

                                        сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.

                                        ә) Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін   

                                       терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету,          

                                        оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

                                  б) Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта,аудио дыбыс,флипчарт

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.(психологиялық дайындық)

 

 

Ой қозғау

-         Балалар, қазір қай мезгіл?

-         Қазір күз мезгілі.

-         Күзден кейін қандай мезгіл келеді ?

-         Қыс мезгілі.

-         Қыс мезгілін сипаттап көріңдерші.

-          

-         Қыс мезгілі суық,аязды болады. Адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аналарымыз қысқа арнап банка жабады, ауылдағы адамдар малдың жем- шөбін, отын даярлайды, біздер шаңғы, шаналарымызды майлап, сайлаймыз.

-         Ал қыстың алғашқы күні қандай мейрам болатынын білеміз бе?

-         Дұрыс айтасыздар,Тұңғыш Президент күні.

           

-         Ал сауатты болу үшін, біз әрине білімді болуымыз қажет.

-         Балалар, жаңа өздеріңіз айтып өткендей қыс мезгілінде көптеген жұмыстар атқаруымыз қажет екен. Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз қысқа дайындық жұмыстарын жасайтын боламыз.

 

Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпқа шолу.

 

(Дәптерлеріне жазылған жаттығу ауызша тексеріледі.)

-         Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

-         Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?

-         Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

-         Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?

 

 

 

 Жаңа сабақ

 

 

-         Балалар, қыс мезгілінде де қыстап қалатын құстар болады.

-         Олар қандай құстар? Қане,есімізге түсіріп көрейікші.

-         Өте жақсы. Балалар, осы құстар сендерге хат жазып жіберген екен. Сол хатты оқып көрейік. Қалай, олардың өтініштерін орындаймыз ба? Ұяны дұрыс құрау үшін сендер тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

 

1-    жаттығу.

 

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.

Мұз қатты.

Өзенге мұз қатты.

Есік ашылды.

Есік айқара ашылды.

Бұлбұл сайрады.

Бақты бұлбұл сайрады.

Жазушы жазды.

Жазушы қызықты әңгіме жазды.

(Тақырыптың ережесін екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра отырып, оқушылар өздері шығарулары керек).

 

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атайды. Екі күн қатарынан боран соқты.

  Екінші бағандағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

-         Балалар, өте жақсы. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындап, құстарға ұя жасап бердіңдер. Құстар сендерге алғыстарын білдіруде.

 

-Енді анамызға қысқыға арнап көкөністер тұздауға көмектесу үшін келесі тапсырманы орындайық.

 

2-    жаттығу.

Берілген сызбалар бойынша төмендегі сөздерден сөйлемдер құрастыр.

 

 

Қарға қарқылдады. Суретші суретін бояды. Асқар ауылға атасына келді. Мұғалім сабақта білімді оқушыны мақтады. (Әр сөйлем ауызша сөйлем мүшелеріне талданады).

 

 

 

 

                                                                                                 

-Балалар, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап, анамызға да көмек көрсеттік.

- Олай болса, ойындар арқылы логикалық тапсырмалар орындайық.

«Жауапты сұрақтан ізде»

  1. Қолына раушангүл ұстаған қыздың атын білесің бе? (Раушангүл) (Осы сөзді қатыстырып жалаң сөйлем құра).
  2. Қоянбаев Әсет орманнан қандай аңды көрді? (Қоян) (Осы сөзді қатыстырып жайылма сөйлем құра).
  3. Ертеде талдың қорғаны болған қала қазір қалай аталады? (Талдықорған) (Осы сөзді қатыстырып сөйлем құра).
  4. Естіген дыбысыңды қатыстырып жалаң сөйлем құрап көр.

                                                         «Адасқан әріптер»

 

                              А М Р Н А                            У Ж А Ы Д       

 

                            А Ж Ң Р Б Ы                        Ы Қ О Ы Д 

(Сөздерді меңзермен сәйкестендір. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр).

Арман                    жауды.

 

Жаңбыр                 оқыды.

 

 Арман қызықты ертегі оқыды. Түнде толассыз жаңбыр жауды.

 

Сергіту сәті.

-         Балалар, қыста сендердің барлығыңның асыға күтетін қандай мерекелерің бар, кім айтады?  Әрине, Жаңа жыл. Жаңа жылда біздер нені айналып би билеп, ән саламыз? Жақсы, қане бәріміз орнымыздан тұрып, шыршаға қосылып, сергіту сәтін жасайық.

 

-         Енді қысқыға арнап шана мен шаңғыларымызды дайындап қояйық. Спортпен шұғылдансақ, деніміз сау, дене мүсініміз сымбатты болады. Дайынбыз ба? Олай болса, келесі тапсырманы орындаймыз.

 

3-    жаттығу.

              Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

 

    Жалаң: Бағдаршам жанды. Оқушы жазды. Нұргүл сырғанады.

    Жайылма: Демалыс күні анам дәмді бауырсақ пісірді. Қыста жер ақ  қарға оранады. Жаяу адам соқпақ жолмен келеді.

 

                Бұл кедергіден де өттік. Тапсырмаларды бұл жолы да дұрыс орындадыңдар.

 

      Енді киетін жылы  киімдерімізді әзірлесек, қысқыға дайын боламыз.

Ол үшін келесі жаттығуды орындайық.

 

4-    жаттығу.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

 

  1.                                        жауды.
  2.  

                                                -ды                      -пен     күреді.

 

  1.                           пен                              мұзайдында                               тепті.

 

 

  1. Асхат                                жасады.       Оны                           - қа    ілді.

 

 

  1.                                                                   –ға   ұшып келді.

 

 

 

-         Жарайсыңдар! Тапсырмалардың барлығы орындалды. Міне, киіміміз де дайын болды.

-          

                                                                   

 

 

-             Бүгін қысқа дайындық жұмысын жасап, әбден әзірлендік. Енді қысты қарсы алуға дайынбыз.

Жаңа сабақты қорытындылау.

-         Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-         Жалаң сөйлем дегеніміз не?

-         Жайылма сөйлем қалай жасалады?

-         Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-          

 

Үйге тапсырма.

5-    жаттығу. (87 бет).

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

Венн диаграммасын толтыру.

                                  Жалаң        Жайылма

 

 

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Сабаққа белсене қатысып, барлық тапсырмалады дұрыс орындағандарыңызға рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения