Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
27.11.2014
0
561
0

Патриоттық тәрбие берудің оқу орнындағы маңызы мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Ақтау Технологиялық Қызмет Көрсету Колледжі

Өндірістік оқу шебері

Қаршыға Күләш

Бүгінде «Патриоттық тәрбие жұтаң», «Жастарды отансүйгіштікке баулудың жаңа жолдарын қарастыру керек», «Жаһандану мен еліктеушіліктің жетегінде кеткен оқу орнындағы оқушылар ана тілінен алшақтап барады» деген пікірлерді жиі естиміз. Бұл мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясында да айқын көрініс тапқан. Мұнда Елбасы жас қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесіне тұтас бір тарау арнаған. Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде де Нұрсұлтан Әбішұлы отансүйгіштік тәрбиені сынға алып, жауапты министрлікке тапсырмалар жүктеген болатын.

            Байқап қарасақ, қазіргі кез - патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ. Қазіргі жастар ел сенімін, ата-ана үмітін ақтап жүр ме? Бүгінгідей жаһандану кезеңі мен қоғамның аласапыран шағында жастарды оқу орындарында патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке тәрбиелеу өте маңызды екені рас.

Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:         
- рухани адамгершілік         
- тарихи - өлкелік

- азаматтық-патриоттық тәрбие    
- әлеуметтік –патриоттық    
             «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.

Сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түседі. Оқу орындары барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді.

Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді.  Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу өрісі.

Таза біржақты ұлттық тәрбие ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер «ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал кейбіреулер «ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен», дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.

«Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең».  Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шаруашылық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.

Бүгінгі егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер       


1. «Әдеби әлем» Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.     
2. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет.        
3. Патриоттық тәрбие // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 - 73 бет.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения