Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
27.11.2014
0
471
0

Оқу құралдарымен жұмыс істеу

Қазақстан Республикасы,Қызылорда қаласы
№212 мектеп-гимназиясы
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Батырбекова Зарина Нурланқызы

Білімділігі: Оқушыларға бояу түрлері туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылығы:

              Оқу  құралдарын дұрыс пайдалану керектігін , білімділігін дамыту.

Тәрбиелілігі:  Әдемілікке, ұқыптылыққа, сұлулыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Оқулық, плакат

Түрі:   Жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, үйрету

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесі.

Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Жаңа сабақ:

Натюрморт бірнеше заттар мен әр түрлі нәрселердің жиынтығынан тұрады. Әрбір жеке заттарды бояу түсімен бейнелеуде алдымен талдау жүргізуіміз қажет.

Ең алдымен заттың өзіне тән түстік ерекшелігін оны қоршаған ортаға байланысты байқау. Мысалы, қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек, онда суық түс басым болады, ал қызыл түсті шүберек ілсек, жылы түс басым болады.

Әр нәрсенің басым түсінің қалың болуына байланысты түстік реңді ажыратуға болады. Мысалы, сары шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра бояуы қанық  болады, ал сия көк шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра жарықтау болып көрінеді.

Бояу түстерін бір – бірімен араластыруда табиғи өз түсін қолдану керек. Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Әрдайым таза, өте ұқыпты жұмыс істеуге үйренген жөн. Алдымен заттың өзіне тән түсін солғын бояй отырып, біртіндеп қоюлата жағуға көшу керек.

Заттың түсін анықтау үшін ең алдымен бояу түстерін шағын ақ қағаз бетінде (политрада) іздеу керек. Ойдағыдай болған жағдайда ғана бояу түстерін қолдануға болады. Натюрморт орындауда заттың түстік реңін, кеңістіктегі ауқымды көлемін табуға үйрену қажет. Нәтижені жұмыс жасаудың  бәрі живопись құралдарын ұқыпты пайдалануға байланысты. Оқушылар жұмыс істеу барысында өздері жіберген қателіктерін түзетуге дағдылануы керек.

 

Жаңа сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения