Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
27.11.2014
0
2073
0

Ашық сабақ «Көктем гүлдері»

Қазақстан Республикасы,Қызылорда қаласы
№212 мектеп-гимназиясы
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Батырбекова Зарина Нурланқызы

Сабақтың мақсаты : Көктем айында айналада болатын өзгерістер,жер бетіне ең алғаш шығатын гүлдер жайлы,балалардың түсініктерін кеңейте анықтай түсінуге жетелеу.Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып,туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау,сурет салу жолдарын үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,өзара іздену

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта,суреттер,музыка,сөзжұмбақ кестелері.

Сабақтың өтілу барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу.

                                  Оқу құралдарын тексеру.

                                  Сабаққа назарын  аудартып,қызығушылықтарын арттыру.

Балалар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Қолдарыңнан ұстап бір-бірлеріңе қарап жақсы тілек айтыңдар.(Сәттілік тілеймін,бес ал,жақсы жауап бер)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Кезекшімен сөйлесу:

-Сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешесі?

-Сыныпта кім жоқ?

II.Үй тапсырмасын тексеру:

а)суреттерін тексеру,бағалау.

Үй тапсырмасын қорытындылау:

б)сөзжұмбақ шешу.

1.Адамдардың күнделікті тіршіліктерімен,шынайы өмірді көркем бейнелеу қалай аталады?

2.Бейнелеу өнеріндегі негізгі үш түстің біреуі қалай аталады?

3.Ойлап шығару,құрастыру қандай ұғымды білдіреді?

4.Адам бет-бейнесін бейнелеу жанры қалай аталады?

5.Табиғат көрінісін бейнелеу жанры қалай аталады?

6.Жан-жануарлар мен хайуанаттарды бейнелеу жанры қалай аталады?

 

С

Ю

Ж

Е

Т

Т

І

К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

Ө

К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

О

М

П

О

З

И

Ц

И

Я

 

П

О

Р

Т

Р

Е

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

П

Е

Й

З

А

Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

Н

И

М

А

Л

И

С

Т

І

К

 

 

 

Сонымен балалар,өткен сабақты пысықтау,жаңа сабаққа өту мақсатында біз сөзжұмбақты шешіп,жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.

Енді,мына видео роликке назар аударайық балалар!

III.Жаңа сабақ :

Сабақтың эпиграфы ретінде “Көктем” өлеңінен үзінді.

Көктем. П.Чайковскийдің Көктемі жүріп тұрады.

Көктем дегенде қандай гүлдер елестиді?

Қандай жеміс ағаштары ең алғаш гүлдейді? Әрине,сары өрік,алма ағашы,шие ағаштары.

Ал жер бетіне ең алғаш шығатын гүлдер қатарына:бәйшешек,қызғалдақ,нарцисс т.б. жатады.

Қызғалдақ гүлі-көп жылдық шөптесін.Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі.Қызғалдақтың біздің жерімізде 36 түрі бар.Қазақ даласының барлық аймақтарында ақ,қызыл,сары қызғалдақтар жиі кездеседі.

Қызғалдақтың кең тараған атауы-«тюльпан».Бұл парсы сөзі «толибан».Мағынасы : басқа тартатын орамал.Қызғалдақтың тұқымы қызыл кітапқа ие.

Бәйшешек негізінен таулы ормандарда,ылғалды топырақта өседі.Ақ түсті негізгі бәйшешектің отаны-Еуропа.

Грек сөзінен аударғанда : «гала»-сүт,»антус»-гүл дегенді білдіреді.

Көпжылдық өсімдік.80-ге жуық түрі бар.Қазақстанда Іле,Жетісу,Қаратау жерлерінде өседі.

IV.Топтық жұмыс :

I топ. Қызғалдақ гүлінің суретін салу.

II топ.Бәйшешек суретін салу.

III топ.Көктем гүлдерінен аппликация жасау.

Оқушылар жасаған жұмыстарын салып,мағлұмат береді.

V.Сергіту сәті :

   «Цыплятки» биі.

 

VI.Бекіту :

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

1.Көктем айлары : наурыз,шілде,тамыз.

2.Көктемде қар еріп,сай-салаға су толады?

3.Көктемде егін,бақша егеді,малдар төлдейді,құстар ұшып кетеді?

4.Күн жылы,түн әлі салқын болады?

5.Мал көк шөпке тойынады?

Жұмбақтар шешу :

1.Күн  ұзарып,

  Қар еріп.

  Су сайларға толады

  Бұл қай кезде болады?       (Көктем)

 

2.Бірі құяды,

  Бірі жұтады.  (Жаңбыр мен жер) 

 

3.Аяғы жоқ,қолы жоқ,

  Бірақ тыныш тұрмайды,

  Сақтамасаң қорын тек,

  Барша тірлік қурайды.  (Су)

 

4.Талдың басында

   Жемі бар қасында.

   Там тұр саялы,

   Достарға аялы. (Құс ұясы)

 

5.Көктем келсе күлімдеп,

   Ол да шығар үлбіреп.

   Көңіл мен көше сәні ол

   Ол не?  (Гүл)

 

 

Адасқан әріптер

Қай топ бірінші ойлап табады?

1.Т Л Ы Ғ З Ы Қ    (Қызғылт)

2.Ы Ж А Л С   (Жасыл)

3.Ң Е П Ө К К Е Б К  (Көкпеңбек)

 

VII.Бағалау:

Оқушылардың жинаған палитрасы бойынша, қай топтың сайысқа белсене қатысқанын байқау.

Үйге тапсырма : Өздеріңе қалаған дала гүлдерінің суретін салып,реферат жазып келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения