Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
23.11.2014
0
2625
3

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары "Перспектива заңдылықтары"

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Сманжина Жадыра Нурлановна

Сабақтың мақсаты: Перспектива заңдылықтарымен танысу

Сабақтың тәсілі: Жеке, топтық жұмыс

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Кітап, А3 қағазы, бейнефильм, ресурстар

Р/с

Уақыт

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1

2 мин

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-          Сыныпта кім кезекші? Оқушылар түгел ме?

-          Сабаққа деген көңіл-күйлерің  қалай?

-          Сабаққа дайынсыңдар ма?

Оқушылар сәлемдесті.Кезекші сыныпта екі баланың жоқ екенін баяндады. Сабаққа дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің жақсы екендігін байқадым. 

2

2 мин

Топқа бөлу

Балаларға түрлі-түсті өшіргіштер таратамын, алған түстері бойынша топтасып отырады.

-          Балалар топтастық па?

-          Қолдарыңа тиген өшіргіштер сендерге жақсы сурет салуға көмектеседі деген үміттемін.

Оқушылар шулады тағы. Алған өшіргіштеріне қуанып қалды.

3

4 мин

Сергіту сәті

Оқушыларды ортаға шақырамын да, шеңбер құрып тұрамыз.

-          Мына жіпті кез келген бір баланың атын атап, тілек тілеп, соған лақтырасыңдар, қолдарыңа  тиген ұшын ұстап қалып, ол келесі балаға солай істейді, сөйтіп барлығымыз соны жасап шығамыз.

Өзім бастаймын, оқушылар жалғастырады. Болған соң қолдарына ұстап тұрған жіпті барлығы жоғары көтереді, мен оларға тілек айтамын.

Шаттық шеңберін құрдық, оқушылар тілек айтқан кезде біраз ойланып тұрып қалып жатты. Жіпті жоғары көтергенде барлығы қуанып, жұлдызға ұқсатты.

4

10 мин

Жаңа сабақ

Стратегиялар

Оқушылар алдарында жатқан бейнелеу  өнері кітабынан перспектива заңдылықтары атты тақырыпты ашып , оқиды. Оқып болған соң тақтаға сұрақтарды шығарамын.

-          Перспектива дегеніміз не?

-          Сурет салғанда оның қандай маңызы бар?

Осы сұрақтарға жауапты оқушылар алдарында жатқан қағазға топтасып отырып жазып сурет салады. Артынан қорғайды.

Олар қорғап болған соң мен бейнефильм көрсетемін, артынан перспективаның түрлері туралы түсінік беріп өтемін, сызықтық және ауа перспективасы жайлы.

Оқушылар постерлерін жасады, бірақ аса мағыналы болмады және дұрыс қорғамады.

Бейнефильм оларға ұнады.

5

3 мин

Сергіту сәті

«Жұлдыздармен сергіту сәтін» өткіземін.

Оқушыларға сергіту сәтін жасаған қызықты болды.

6

15 мин

Бекіту

Сурет дәптерлеріне бөлме ішінен көрініс салады. Бір бала тақтаға шығып Activstudio бағдарламасында перспективалық қатынас көрсетілген бір суретті өз ойынан салады.

Тақтаға Әнел сурет салуға шықты, ол суретін ойдағыдай салды. Оқушылар сурет дәптерлеріне берілген тапсырманы орындай бастады, бірақ кейбіреулерінде кемшіліктерде болды.

7

4 мин

Қорытындылау

-          Перспективаны қолданбай сурет салуға бола ма?

-          Перспективаның қандай түрлері бар?

Оқушылар топ болып жауап берді.

8

1 мин

Үйге тапсырма

Аяқтау

Күнделіктеріне жазып алып жатты.

9

4 мин

Бағалау

Оқушыларға бағалау парағын сабақ басында беріп қоямын, олар сабақ барысында өздерін-өздері бағалап отырады.

Оқушылар бүгін түгел бағалады, үй тапсырмасын орындамағандар өздеріне «2» деген де баға қойып жатты. Және кері байланыс жасады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения