Дауленова Гульнара Зейнулловна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
20.11.2014
0
1974
2

«СӘКЕННІҢ СЫР САНДЫҒЫ» атты ӘДЕБИ – ТАРИХИ КЕШ

ҚАЗАҚСТАН  БІЛІМ                                                                           «БАЛДАУРЕН»                           

ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ                                                                                    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ                РЕСПУБЛИКАСЫ                                                                                 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

                      МИНИСТРЛІГІ                                                                                      ОРТАЛЫҒЫ                                                                                         

 

 

БІЛІМ КЕШЕНІ

 

 

«СӘКЕННІҢ СЫР САНДЫҒЫ» атты

ӘДЕБИ – ТАРИХИ КЕШТІҢ СЦЕНАРИІ

Авторлары:

 Байбурова К.Б.

Дауленова Г.З.

Қаиржанов С.М.

Қалиева С.С.

Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО, концерт залы

Өткізілу уақыты: 30.10.2014 г. 20.00

Қатысушылар: «Балдәурен» РОСО 2014 жылдың 14-ауысымы қатысушылары

Ұйымдастыру формасы: әдеби-тарихи кеш

Мақсаты: Қаламгердің шығармашылық өмірбаяны, ақындық қыры туралы жан-жақты білім беру.

Аақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың сезімтал, сыршыл қасиеттерінің дамуына ықпал ету;

Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ой-пікірін дәлелдей алатын қабілеттерін шыңдау арқылы отаншылдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу

Қажетті жабдықтар: слайдтар, бейнематериалдар, костюмдер, фонограммалар, микрофондар, театр реквизиттері.

Дайындық жұмысы:

  1. Әдебиетпен, ақпаратпен жұмыс.
  2. Сценарий жазу.
  3. Қажетті жабдықтарды дайындау.
  4. Балалармен жұмыс.

 

ҚАЗАҚ БИ (ұл мен қыздар)

           

Слайд № 1«СӘКЕННІҢ СЫР САНДЫҒЫ»

С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңінен үзінді

Бір сандық бар емес түрде,

Емес түрде көрнекті.

Бір түкпірде беті перде,

Беті перне өрнекті.

Бір сандық бар,ол сандықта,

Ол сандықта бір сандық.

Сырдың кілті қолсандықта,

Қолсандықта сыр сандық.

Сандық іші қызыл-жасыл,

Жасыл жібек перделі.

Толған қымбат сақтаулы асыл.

Асыл сым бар пернелі.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!

Сұлу сымда перне әуені,

Перне әуені жыр айтар.

Көңіл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.

Шыққанбыз дос, шыңға талай,

Талай сырды ойланып,

Ақтарарлық алтын сарай,

Алтын сарай қойманы.

1926 ж.

 

Слайд№2 Қазақ поэзиясының Альбатросы         

1-жүргізуші:

Сеніп көрер сенгіш халық едік қой,

Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарың,

О, ғаламат, халық жауы делік қой! – ХХ ғасырдың қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ұлттық әдебиетке мол мұра, өшпес із қалдырған, асқақ идея ұсынып,  халқымыздың рухани қазынасын байытқан айтулы тұлғаларының бірі, қазақ поэзиясының Альбатросы – Сәкен Сейфуллин. Бүгінгі кешімізде ақынның сыр сандығына тереңірек үңіліп, сарқылмас дариясын ашайық.

 

2-жүргізуші:

Жизнь выдающегося казахского поэта, прозаика, драматурга и крупного общественного деятеля С.Сейфуллина замечательна, поучительна  и трагична. Она похожа на высверк молнии или полет альбатроса. Известная русская писательница Галина Серебрякова в 1936 году писала: «Сакен  Сейфуллин, которому тогда было немногим более сорока лет, поразил меня своей мужественной, красивой внешностью. Он был очень высок и статен. Смуглое сильное лицо его часто меняло выражение. Особенно запомнились искрящиеся, умные черные глаза. Смотрел он прямо, честно и смело, и походил на олицетворявших  отвагу и волю воинов с древнеперсидских фресок»                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 (Күй ойнап тұрады)

Слайд №3 - Бейнебаян (Видео)

Слайд №4 Эпиграф  

1-жүргізуші:

Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ   әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби,мәдени мұра қалдырған ақын, қазақтың ірі қоғам қайраткері, революционер, жазушы, сазгер, әнші, әрі өте сымбатты, сән салтанатын сақтаған сері Сәкен, сұлу Сәкен. Сырбай ақынның Сәкенге арнаған төрт таған жыры бар:

                    Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

                    Өлеңнің құшағына сия алмайтын,

                    Жігіті қазағымның осындай – деп,

                    Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

 

Слайд№5 Сейфуллин- поэт и писатель

2-жүргізуші:

Творческий путь Сейфуллина тесно связана с его биографией. Сакен Сейфуллин  родился 15 октября 1894 года в кочевом казахском ауле Нильдинской волости Акмолинского уезда. Настоящее его имя - Садвакас, но  любя и балуя родители называли его Сакеном. В возрасте 11 лет он был отправлен в школу Нильдинского рудника для обучения русской грамоте. Позже поэт вспоминал...

 

Слайд№6 Нильдинская школа

Сценка-воспоминание

«В Нильде я провел три года, уроки я получал с одной стороны, в школе, с другой стороны – черпал знания из жизни: видел как работают в кузне, как трудятся люди в шахтах под землей, как тяжело приходится им наверху, где они воздвигают горы из каменного угля и руды; бывал в общежитиях, в домах рабочих, знал их быт. Многое слышал от них. Все это оставило во мне неизгладимое впечатление».

1-жүргізуші:
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. 

Слайд №7 Сакен с русскими поэтами  

2-жүргізуші:

Он был первой страницей новой казахской литературы советского периода. Он был национальным поэтом Казахстана:как Есенин в России;

- он написал первую поэму о революции, как Блок в России;

- первую поэму о советской власти в Казахстане, как Маяковский в России.

- Сейфуллин написал первую повесть о рабочем классе Казахстана, первый роман социалистического реализма в Казахстане, как Горький в России;

-  первую в истории казахской драматургии пьесу,

- первые учебники по литературе,

- первые критические статьи.Он был ученым-фольклористом, публицистом, литературоведом, он был одним из основателей первого в Казахстане ВУЗа – Казахского педагогического института имени Абая и одним из первых его педагогов.

 

Слайд№8 Памятник

Музыкальный номер домбыра

1-жүргізуші:

Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.

 

Слайд№9 Родители

2-жүргізуші:

Сакен писал о своем отце, Сейфулле, и матери, Жамал: «Мой отец был жизнерадостным человеком, хорошим домбристом; он любил охоту, содержал ловчих птиц, а мать была приветливой женщиной, хорошей рассказчицей». 

Слайд №10 Хат-письмо

КӨРІНІС-СЦЕНКА

Күй ойнап тұрады. Бала келіп Сәкенге: «Аға, сізге хат келді.» Ортаға Сәкен шығады. Қолында анасынан келген хат болады. Хатқакөз жүгіртеді (голос за кадром «Ананың хаты» өлеңі оқылады).

 

Ананың хаты

Байғұс ана хат жазыпты,

Депті «Балам, сағындым».

Ұмыттың ғой бізді тіпті,

Бір келмедің не қылдым?

Жас күніңде көп ойлаушы ем,

Сені әлдилеп, тербетіп.

«Арманым жоқ деп ойлаушы ем,

Қалқам өссе ер жетіп.

Қызық еді ойындарың,

Бәйге тігіп жарысқан.

Ұзын шыбық сойылдарың,

Жаумен ел боп алысқан.

Пәлен жерде сені сырттан,

Ұлық болды деседі.

Ағайының естіп жұрттан,

Гулеп желдей еседі.

Қалжырадым, сағындым мен,

Бір кеп көрін көзіме.

Ұмытқандай неқылдым мен?

Жауап қайыр сөзіме!

 

(Үстел басына отырып, өзі анасына жауап хат жаза бастайды. («Анаға жауап» өлеңінен үзінді оқылады.)

Анаға жауап

Амансың ба, байғұс апа?

Денің сау ма, әп-ке»

Қайтардың ба болып қапа?

Әжемдей боп Тәп-екең?

Қалжырадым, сағындым деп,

Елге қайт деп жылайсың?!

Ұмытқандай неғылдым деп,

Тез хат сал деп сұрайсың.

Апа-ау, бұл не қайғың тағы?

Неге сонша, қапасың!

Балаң қайда жүрсе дағы,

Неге ұмытсын апасын!

Әлі есімде мені талай,

Аш бауырыңа басқаның.

Ұмытылады, айтшы, қалай,

Талай тамған жастарың.

Қайт деп, апа, жылай берме,

Жүремін ғой, жазып хат.

Жазғұтұрым барам елге,

Партком берсе рұқсат!

 

Слайд №11 Революция

 

1-жүргізуші:Қазақ даласының астан кестенің шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіңдірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкен өмірінде оқытып, қазақ тұрмысынан әр түрлі өлеңдер жазып жүрген, тіпті әлі балалық арылмаған жас ақын ақпан революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін, Ақмолаға келеді. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік билік иелерін тізгіңдеу, кедей кепшік, жұмысшы жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады.

2-жүргізуші:  А вот июнь 1918 года для Сакена выдался плохим. После внезапно проведенного белогвардейцами переворота в Акмолинском уезде, Сакен был арестован, а в январе 1919 года двинулся по этапу из тюрьмы Акмолинска в сторону Петропавловска. Однако уже 3 апреля того же года писателю удался побег из омской тюрьмы и возврат на малую родину.

 

Слайд№12 Орел

«Побег из тюрьмы»

Я не выдержал неволи,

Клетку темную разбил.

Словно конь в широком поле,

Вновь на Землю я ступил.

Уф! Как взмахну крылами,

Словно сокол, полечу.

Зелю вместе с небесами,

Я в объятья заключу.

Не по мне темницы мерка,

Мне тюрьма сжимала грудь.

Как в неволе вольный беркут,

Я не мог крылом взмахнуть.

Без предела и без края,

С табунами и с людьми.

Степь свободная, родная,

Ты к груди меня прижми.

 

Слайд№ 13 Біржан, Мағжан...

 

1-жүргізуші: С.Сейфуллиннің сұлулық, тазалық идеалы, сұлулық пен әсемдіктің ғаламат символы – Көкшетау. Көкшетауды әнге, жырға қосқан ақын, әнші, жыршы, сазгер қазақта аз болған жоқ. Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мағжан. Олай болса, бір сәтке Сәкеннің Көкшетауына серуендеп қайтайық.

Слайд№ 14 Жұмбақтас

2-жүргізуші:Написанная в Бурабае поэма Сакена Сейфуллина «Кокшетау» вобрала в себя краски, запахи и звуки легендарного оазиса в степи:

                        Здесь седыми легендами дышит простор

                        Здесь легенды звучат в гулких волнах озер.

                        Ты услышишь легенду из уст старика,

И юнец про нее начнет разговор.

Не записан нигде этот песенный клад,

Им владеет народ, им он горд и богат,

И сокровище это певцы берегут,

Старики его в памяти сердца хранят.

 

1-жүргізуші:

Ортаға бүгінгі кешімізге арнайы келген  «Оқжетпес» дуэт ансамбілінің әншісі, жерлесіміз Макинск қаласының балалар шығармашылық үйінің директоры -  Қалиев Қазбек Боранбайұлын шақырамыз.

 

Слайд№15 Видео Боровое

«Көкшетау» әні

Слайд№16 Сакен

2-жүргізуші:

В своей поэзии Сейфуллин предстает перед народом как тонкий лирик, как пламенный просветитель, друг и наставник. Бурные годы борьбы за установление советской власти в Казахстане Сакен Сейфуллин создает проникнутые революционным пафосом стихи «Мы спешно собрались в поход», «А ну-ка, джигиты!», «Товарищи!», «В степи», «Рабочему». Стихотворение «Товарищи!», переложенное на музыку, стало боевой песней широких масс. 
Он издал ряд сборников стихов и поэм: «Домбыра», «Экспресс», «На волнах жизни», написал пьесу «На пути к счастью». 

 

(Стихи С.Сейфуллина читают наизусть)

 

Слайд№17 Книга и перо

 

САҒЫНДЫМ

Туғалы қапас көрмеген,

Көкіректе кектер кернеген.

Талпынып құлаш сермеген

Айтайын ішкі сырымды.

Қайырымды қалың елі бар,

Сарыарқа сары белі бар,

Өрісті шалқар көлі бар,

Сағындым мен қырымды.

Өзенді көлді жайлаған,

Кермеге тұлпар байлаған,

Хабарсыз арам ойлардан,

Сағындым мен ауылымды.

Айналып-толғап өсірген,

Ақ сүтін беріп кешірген,

Тастамайтын есінен

Сағындым ғаріп анамды.

Таулары биік қиялы,

Орманы шалғын миялы,

Жылқы, қой, сиыр, түйелі

Сағындым Арқа-жерімді.

 

 

 

 

Слайд№ 18Аққулар

 

АҚҚУДЫҢ АЙРЫЛУЫ

Арқада бір жер бар еді,

Жібек самал саясы.

Саяда бір көл бар еді,

Сырлы кесе аясы.

Маржан құмы,күміс суы,

Көл еді кең айнадай.

Мұнарытқан торғын буы,

Көк кестелі айнала.

Айна көлді мекен еткен

Бір-екі аққу бар еді.

Мақсұтына бірге жеткен,

Екі ғашық жар еді.

Айна көлдің суы күміс,

Жұбайы аққу көркі еді.

Көрсе көзің алар тыныс,

Екі сәулем ерке еді.

Көлдің басы ертелі кеш,

Мың құбылған ән еді.

Екі ғашық ертегідей,

Көлдің көркі, сәні еді.

Слайд№ 19 Тулпар

МОЙ КРЫЛАТЫЙ СКАКУН
Мольба узника

Я изнываю от жестоких мук
В глухом мешке с решёткой на окне.
О мой крылатый конь, мой верный друг,
Примчись, сорвавшись с привязи, ко мне!

Мой талисман хранил тебя от бед,
Оглаживал я шерсть твоих боков.
Так выноси меня на белый свет,
Освободи от тяжести оков.

Умчи меня на волю, вороной,
поскачем, споря с ветром, в дальний путь.
Пусть пена серебристою волной
В пути не раз твою омоет грудь.

Пусть прогрохочет степью гром копыт
И отзовётся эхом среди гор.
Пусть по долинам топот прозвучит
И над водой моих родных озёр.
Помчусь к реке, синеющей вдали,
В леса, в предгорья, на простор степей
И поклонюсь поклоном до земли

 

 

Слайд№20 Джигит и девушка с домброй

 

НА ХОЛМЕ

На росистом холме на зеленом

Пел я песню под рокот домбры.

…Были степи светлы и щедры,

Но грустны были

Струнные звоны.

Простирал я задумчиво рук

Над домброю, над зыбкой струной.

Долго пел…

И подхватывал звуки

Буйный ветер –

Кочевник степной,

Бурей песня моя рождена!

Вечно жить и звенеть ей на свете!

И близка и понятна она

Лишь тому, кто неистов, как ветер!

 

Слайд №21 Жекебатыр

                                                                   ЖЕКЕ БАТЫР
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Сол батыр осы күні бір үлкен тау,

Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.

«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын,

Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау

Батырдың қырыққа таяу келген жасы,

Денесі биік жота таудай басы.

Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,

Киюлі баста жатыр дұлығасы.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

 

Слайд№22 Книги С.Сейфуллина

1-жүргізуші:

С.Сейфуллиннің 1927жылы ”Тар жол,тайғақ кешу ” атты мемуарлық романы,1928 жылы ”Жер қазғандар ” повесі,1933 жылы ”Альбатрос ” (поэма), т.б. кітаптары жарияланды.

Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде» өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып, оқырманды ерекше әсерге бөлейді.

 

Слайд№23 Фильм Бурабай    (Музыкалық номер)

1-жүргізуші:

С.Сейфуллиннің  «Тау ішінде» әні.  Орындайтын Қалиев Қазбек Боранбайұлы

 

Слайд№24 Конференция

 

2-жүргізуші:Жизнь и творчество Сакена Сейфуллина во все времена привлекали внимание исследователей. И сегодня, вокруг имени талантливого человека идут жаркие споры. Одни видят в Сейфуллине сторонника советской власти, другие – художника, который одним из первых встал на защиту национального достоинства народа...

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения