№207 мектеп
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
20.11.2014
0
826
0

Интеллектуалдық сайыс

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,Байсын ауылы

№ 207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

Сыныбы :11

 

Пәні: Химия

 

Пән мұғалімі: Бодықова Гүлшат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:  «Интеллектуалдық сайыс» 

Мақсаты:

·             Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау;

·             Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту;

·             Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Типі: Білімдік шара

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.

Барысы:

1.Зымыранды сұрақтар

2.Есептер додасы

3.Жұмбақ ыдыстар

4.Ойлан тап

5. «Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері» жоба қорғау

 

                                                 «Интеллектуалдық сайыс»

Жүргізуші: Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары» демекші, шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 11 сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «Білім сайысына» сайысына қош келдіңіздер!

     Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтейік.

Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:

Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:

1.Зымыранды сұрақтар

2.Есептер додасы

3.Жұмбақ ыдыстар

4.Ойлан тап

5. «Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері» жоба қорғау

 

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Ұлсана : 1- шітопқа.

1.    Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»

2.    Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»

3.    Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»

4.    Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иә»

5.    Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»

6.    Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»

7.    Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иә»

8.    Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иә»

9.    Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иә»

10.                       Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»

Меруерт : 2-шітопқа.

1.   Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»

2.   Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»

3.    Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»

4.   Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»

5.   Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»

6.   Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»

7.   Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па?  «Иә»

8.   Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»

9.   Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»

10.                      Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»

11.                       

Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз кезегін әділ-қазы алқасымен  берсек.

Әділ-қазы сөзі:_________________________  

Тағы келді сыналар шақ айналып,

                   Тереңіне білім теңіз бойланып,

                    Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр

                    Есеп шешер кезегіде келіп тұр,-деп есептер додасы турына кезек береміз.Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам,әр топ тақырып таңдайды.Әр тақырып төңрегінде 10,20,30 ұпайлық есептер жасырылған.Тақырыпты ұпайы көп топ таңдайды.

 

   

Химиялық формулалар -10

Метанның құрамындағы элементтердің

массалық үлестерін тап?

 

Химиялық формулалар -20

Темір(ІІІ) оксидінің 40 грамында қанша грамм темір бар?

 

Химиялық формулалар -30

117 г бензол концентрлі күкірт қышқылы қатысында 81,9 г конценртлі азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін нитробензолдың массасы қанша?

 

Газ заңдары-10

49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін есептеңдер?

 

Газ заңдары-20

0,4 моль 1- пропанол жанғанда көмірқышқыл газының қандай көлемі (қ.ж.) қажет?

 

Газ заңдары-30

50 мл (тығыздығы 0,9г/мл) метанолды жағу үшін ауаның қандай көлемі қажет?

Химиялық реакциялар-10

Күкірт қышқылымен әрекеттестіріп 80 г мыс сульфатын алуға болатын мыс оксидінің массасын тап.

 

Химиялық реакциялар-20

Сахароза гидролизденгенде 45 г глюкоза алынды. Гидролизге түскен сахарозаның массасын есептеңдер.

 

Химиялық реакциялар-30

Көлемі 2 л (қ.ж) метанды (СН 4) айырғанда сутектің қандай көлемі түзіледі?

 

Шығым- 10

 

108г глюкоза ашығанда 41,4 г этил спирті алынды. Бұл теориялық мүмкін шығымның қандай мөлшерін құрайды?

Шығым- 20

18,4 г құмырсқа қышқылы 14,4 г метил спиртімен әрекеттескенде түзілген өнім шығымы 78% болса, қанша грамм күрделі эфир алынды? 

 

Шығым- 30

Егер моносахарид шығымы 75 % құрайтын болса, 143,64 г сахарозаны гидролиздегенде қанша грамм алынды?

 

 ІІІ тур «Құпия ыдыстың кілтің аш»

 Ал,оқушы балалар,

Ойланып бір көріңдер,

Сендерге сұрақ беремін,

Толғанып жауап беріңдер

Әр бір дұрыс жауапқа 10 балдан берілетінін естеріңізге сала кетейін.  сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар:

1-ші ұяшық:

Дәрігерлер беретін анттың авторы?(Гиппократ)

2-ші ұяшық:

Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?

(Калий)

3-ші ұяшық:

Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?(Бром)

4-ші ұяшық:

«Спирттің сумен қосылысы»  тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.(Д.И. Менделеев)

5-ші ұяшық:

Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент(Йод)

 6-ші ұяшық:

Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?(Активтелген көмір)

7-ші ұяшық:

Бұл заттың 0,9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағамдайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?(Натрий хлориді)

8-ші ұяшық:

 

Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)

9-ші ұяшық:

Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз.

Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын-свинец - плюмбум)

10-ші ұяшық:

Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.(Тұз қышқылы)

 

 

Рахмет,топтарымыздың ұпай санын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

 

ІҮ тур «Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері» жоба қорғау.

30 ұпай

 

Білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

 

Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения