Жунусова Ардак Советовна
Должность:Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан г. Астана
Регион:Астана қаласы
14.11.2014
0
1259
3

Коучинг жоспары

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ

 

Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің  басты дағдыларын  және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік;
  • күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын  сыни бағалау;
  • өзіңнің пікірінді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу;
  • идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеуге ұмтылу.

Балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту:

  • қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі;
  • қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді

Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

 

  1. Ақылдың алты қалпағы

АқылдыңалтықалпағыЭдварддеБоноәзірлегенәдістеме, оләртүрлішешімдердіңішіненойдыбір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласыпойлауүдерісі болып табылады. 

white thinking hat Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

yellow thinking hat Сары қалпақ айқындылық пен  өмірге сеніммен қарауды  бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды,  күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.   

six thinking hats Қара қалпақ– бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен  кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

red thinking hat Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

green thinking hat Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

 Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді. 

 

  1. «Дананың кілттері» (Thinker's Keys)

Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.

Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.

  • «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
  • «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (Rremove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
  • «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
  • «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
  • «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін  қиялыңызды  пайдаланыңыз.
  • «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін  осы қасиеттерді біріктіріңіз.
  • «Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз  пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

 

  1. Сананың әдеттері

Санаәдеттерін(Ойлау ерекшеліктерін) жасағанАртКостабылай деген екен: «Сана әдеттері» - бұл шешімдерібірдентуындамайтынпроблемаларғатапболғандаақылдыадамжасайтыніс-әрекеттердіңсипаттамалары.

Олар көптеген  дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:

  • Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау.
  • Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну.
  • Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну.
  • Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру. 
  • Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу.

 

Сананың 16 әдеті бар:

  1. табандылық таныту;
  2. қызбалықпен күресу;
  3. басқаларды тыңдау  – түсіністікпен және тілектестікпен;
  4. ойлау икемділігін таныту;
  5. ойлау үдерісіміз туралы ойлау  – метатану;
  6. дәлдік пен шынайылыққа қол жеткізу;
  7. сұрақ қою және проблеманы тұжырымдау;
  8. бар білімін жаңа жағдайға қолдану;
  9. анық және дәл ойлау және өз ойын білдіру;
  10. барлық сезім азғаларыныңң көмегімен ақпарат жинау;
  11. инновацияларды жасау, қиялдау және енгізу;
  12. таң қалып, ілтипат білдіру;
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения