Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.11.2014
0
546
0

Колледждерде өндірістік экономиканы оқытудың педагогикалық шешімдері

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Экономика ғылымдарының оқытушысы

Нургожаева Алтынай Куановнаға

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі — оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент — сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес Мемлекеттік стандартқа сәйкес мамандық бойынша пәнді оқытудың нәтижесі барлық экономикалық мамандықтардың студенттері оқуға міндетті:

ҰСЫНЫСЫ БОЛУЫ экономикалық теорияның пайда болу кезеңдері, мен оның зерттеу әдістері, экономикалық заңдар мен экономикалық категориялар, экономикалық өсу мен циклдық даму себептері, экономикалық мәселелер мен оларды тиімді шешу туралы .

БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ экономикалық теорияның ғылым ретіндегі орны, оның ішінде экономикалық теорияның фундаменталдық негіздері, жеке ұдайы өндірістің мәні мен заңдылықтары, ұлттық экономика негізіндегі ұдайы өндіріс, экономиканың реттеу құралдары мен циклдық ауытқулардың пайда болу себептерін анықтай білу.

БІЛУІ экономикалық теорияның негізін, оның практикада қолданылу ерекшеліктерін.

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ кез-келген салаларда кездесетін экономикалық жағдайларды жете түсініп, тиімді шешуде ұтымды пайдалану. Кездейсоқ экономикалық мәселелердің алдын алуға бағытталған, экономиканы реттеудің тетіктері мен құралдарын, әдістерін өндірістік ортада теориялық білімді практикалық жағдайларда оңтайлы қолдана білу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения