Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
10.11.2014
0
643
0

Мырзагалиева Ермек Кудайбергеновна, учитель начальных классов сш.им.Толегена Токтарова, Казахстан





           

Мырзагалиева Ермек Қудайбергеновна

 Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

 

Бітірген оқу орны: ЖМУ

Еңбек өтілі: 21жыл

Білімін жетілдіру курсы: 2011 жыл

 

Мінездеме

 

        Осы мінездеме Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзағалиева Ермек Құдайбергенқызына берілді.

Еңбек өтілі 21 жыл.

Ермек Құдайбергенқызы еңбек еткен жылдарында үнемі іздену үстінде. Мектепшілік өзара сабаққа қатысып, аудандық семинарға қатысып, өз сабағына тиімді әдістерді пайдаланып отырады.

Әдістемелік құралдарды, әдістемелік журналдарды пайдаланады. Сабағын түрлендіріп өтуге, тиімді технологияларды пайдалануға қызықты, тартымды етіп өтуге тырысады.

Мектепшілік байқауларға белсене қатысады. Апталық іс-шараларына қатысады, сыныптан тыс шараларда жиі, әрі тартымды өткізеді.

Ата-аналар арасында «Әжелер сайысы», «Қандай ата-анасыз?», баяндамалар оқылып талданып отырады.

         2013 жылы Аудан көлемінде «Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауына қатысып, Бас жүлдені  жеңіп алды .Облыстық деңгейде өткен «Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауына қатысып жүлделі 3-ші орынға ие болды.

Халықаралық сырттай конференцияға қатысып,сертификатқа ие болып,жұмысы жинаққа кірді.

 

Бос уақыттарын кітапханадан кітап алып оқумен,  интернетке шығу мен өткізеді.

Қорыта келе бастауыш пән мұғалімі Мырзагалиева Е.К. өте қабілетті, жаңашыл ұстаз деп мінездеме беремін.

 

                                          Түбекбаева Гүлнар Сәбетбекқызы әріптесі.

 

 

 

 

 

12 жылдық білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің орны

 

        Мырзагалиева Ермек Кудайбергеновна, бастауыш сынып мұғалімі , Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі     шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі .

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында

“XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық” дей келе

12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

    Баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.   Жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында — мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі,өзін — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.   Мұндағы мақсат – психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет – оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

           Инновациялық оқу үрдісін мектептің оқу процесіне енгізу мәселесі үлкен мәселе болып табылады. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысын басқарудың нысаны болып табылады. Дамымалы мектептерде басқарудың негізі, пәні ретінде оның мақсаты, мазмұны, әдістер мен түрлері алынады.    Кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты – әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.                                                                                                                                     Жеке тұлғаның өзін- өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

        Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі. Әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мұғалім мына төмендегі түсініктерді ескергені жөн:

-Қатарлас отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескерту;

-әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

-оқушының өз бетінше іс – әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

-сынып топтарының ерекшеліктерін ескерту;

-мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.

       Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.

Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді . Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. 12 жылдық мектеп мұғалімнің кәсіби тұлғасы (баяндама).

Касимов К. Р. Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының І санаты бастауыш сынып мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы.

2.Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу

Алимова Б. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қ.Ш.Шыңғысов атындағы №5 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

3.Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану.

Байғанат Р.  Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебі.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения