Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
10.11.2014
0
371
0

Зиядина Кенжегул Сабитовна, учитель казахского языка школы-гимназии №32, г. Астана, Казахстан





 Менің педагогикалық ұстанымым

  

... Бақытты балалыққа толы қызық жылдар, анықтап айтсам, өткен ғасырдың сексенінші кезеңі

....Өзімнен үлкен аға-апаларым мектеп табалдырығын аттап, білім нұрына шомылып, таңғажайып күйді бастан кешіп жүргенде, бала болсамда менің тәтті қиялыммен «шашыма ақ бантик тағып, ақ фартук киіп, қызыл сумка асынып білім ордасына асығып бара жатқан бейнемді» елестетіп, жиі армандап отыратын едім. Сол тәтті шақтардың үзік-үзік белестері айнадай жарқырап көз алдым да әлі тұр. Демек, бала кезде көрген, сезінген дүниелер адам санасынан мәңгі өшпейтіні анық екен. Сөйтіп, менің де мектепке баратын жасым толып, алғаш анаммен құшағыма гүл толтырып, киелі орданы аттағаным, жылы жүзді, мейірбан ұстазымның мені күлімсіреп қарсы алғаны, ескілеу болса да екінші партаға апарып отырғызғаны, қасымдағы томпақтау келген қара баланың маған көзі мөлдіреп жымия қарағаны – не керек, соның бәрі қаншама жылдар өтсе де әлі күнгі жүрегімінің түбінде сағыныш болып көңілімді тербейді.

            Біздің ауыл ұзыннан сұлаған күре жолдың бойында қоныс тепкен, жан-жағын жал-жал құм басқан алақандай елді мекен. Осы жерде биікке қанат қағып, алыс өмір жолына сапарға шықтым. Мектебіміз де анау айтарлықтай көп қабатты емес, шағын ғана ғимарат болатын.  Бізге білім берген ұстаздарымыз да мейірбанды жандар еді. Бала кезімізде үлкендерге қолғабыс жасаған кездері олар «қарағым, мұғалім болып, елдің көсегесін көгерт» деп бата беретін. Міне, сол үлкендердің батасы қабыл болып, орта мектепті ойдағыдай тәмамдап, Ы. Алтынсарин атындағы Педагогикалық институттың филология  факультетіне  оқуға  түсіп, оны жақсымен аяқтап, ұстаздық деген киелі жолға түстім.                   Міне, содан бері оқтай зулап, 16 жыл өтіпті. Былай қарасаң, енді көгеріп, көктеп келе жатқан жас жеткіншектің кәмелеттік жасқа жақындаған ғұмыры. Әрине, ұстаз болу жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық. Жоғары оқу орнын бітірген адамдардың бәрі ұстаз бола бермейді. Сондықтан, осы жолда өзім білімін алып, тәрбиесін көрген ардақты ұстаздарымның асыл өнегесін жас балаларға үйреткім келді. Үйреттім де, әлі де осы жолдан таймай, талай бала бұлақтың көзін ашып, еліміздің дамуына бір кісідей үлес қосатын азамат тәрбиелеп шығару  - басты борышым екенін анық айтқым келеді. Мен үшін ұстаздық өмірдің мәні де осында жатыр.Ұстаздық жол-қызығы мен шыжығы қатар жүретін жемісті де жеңісті,қиын да шуақты жол.Өйткені педагогикалық іс – өте нәзік,қасиетті іс.Ол ұстаздан өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді.Сонымен қатар қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған,әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. « Ел болам десең,бесігіңді түзе» дегендей  менің алдымдағы басты ұстанымым XXI ғасырдың есігінен еркін енетін рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең,жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Қорыта айтқанда менің әлі де білгенімнен білмегенім көп.Шәкірттерім барда алда әлі асар тауым,көтерілетін шыңдарым,алар асуларым көп.

 

№32 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Зиядина К.С.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения