Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
10.11.2014
0
385
1

Кизатаев Канат Муханович, учитель физ.культуры Курчумской средней школы №4 им. Н.Островского, Казахстан





Дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістемесі

 

    Мектеп - жас ұрпақты біліммен бірге дені сау, мықты, жан-жақты дамыған салауатты азамат етіп тәрбиелеуде басты рөл атқарады. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктеріне тәрбиелеу болып табылады.

    Дене тәрбиесі сабағында жетілуге тиісті барлық міндеттер үш бағытта жүргізілетіні барлығымызға белгілі. 1. Үйрету; 2. Тәрбиелеу; 3. Білім беру.

 

І.    Мен 2-11 сыныпқа дейінгі оқушыларға сабақ беремін. Бастауыш сыныптарға дене тәрбиесі сабағын өткізгенде көбірек қимыл-қозғалыс ойындарын жүргіземін. Оның шінде ұлттық қозғалмалы ойындар.

Ойын түрлері: «Аударыспақ», «жаяу көкпар», «арқан тартыс», «аңшы мен үйрек», «жамбы ату» т.б.

-          Ұлттық қозғалмалы ойындарды үйреніп, игеру кезінде кәсіби педагогикалық тәсілдерді қолданып, тиісті дайындықтар жүргіземін.

-          Дене шынықтыру сабағы алдына қойылатын мақсаттарды оқушылардың есіне міндетті түрде жеткіземін.

-          Ұлттық қозғалмалы ойындар, дене шынықтыру жаттығулары мен спорт түрлері бойынша толық мағлұмат беремін.

-          Қозғалмалы ойындарды көбірек қолдану арқылы, оқушылардың бұлшық ет топтарының нығаюына мән беремін.

-          Ойынның көбірек болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де дамыта түседіі.

-          Оқушылардың дене бітімінің, тұлғасының дұрыс қалыптасуы ұлттық ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп байланысты.

-          Бастауыш сынып оқушыларына 4 жыл ішінде 50-60қа жуық ойын түрін өткіземін.

-          Ойын түрін меңгеру арқылы оқушылардың дене қабілеттері мен денесінің жалпы дамып жетілуі, ерік-жігер қасиеттері, алғырлығы, зерек және сергек болып өсуіне ықпалы мол болады.

-           

ІІ.    Жоғары сынып оқушыларына жеңіл атлетикалық жаттығулармен спорттық ойындарды көбірек ойнатамын. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ашық ауада өтуін жөн көремін, мұның өзі жүйелі сауықтыру-шынықтырудың тиімділігіне қол жеткізеді. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды толық жетілдіру үшін спорттық ойындарды ойнатып, олардың дағдыларын нығайтып, бекітіп отырамын.

Дене тәрбиесі пәнінен алға қойған мақсатым:

-          Салауатты өмір салтын ынталандырып, Қазақстанның спорт саңылақтарының жетістіктерінен әр сабақта айта отырып, оқушылардың спортқа деген ынтасын, қызығушылығын арттырып отыру;

-          Осы бағытта спорттың әр түрінен материалдар жинақтап, оқушыларға сабақ барысында таныстырып отыру;

 

ІІІ.   Мектептегі жүргізілетін дене тәрбиесі сабағы оқушылардың денсаулығының деңгейін қамтамасыз ете алмайтынына байланысты сыныптан тыс үйірме жұмысын жүргіземін. Аптасына 3-4 рет «армрестлингтен» үйірме жұмысын өткіземін. Қол күресі спортына ұлдар мен қатар қыздар да қатысады.

-          Әр спортшыны дене бітіміне, салмағына байланысты жаттығу кезінде, жүктеме мөлшерін есеппен беремін;

-          Спортшылар жаттығуды қол күресі үстелінен басқа түрлі тренажерлерде жұмыс жаттығуын жасайды;

-          Қанатқа өрмелеу;

-          Гір тасымен жаттығу;

-          Гантельмен;

-          Жгутпен;

-          Штангамен жаттығу;

-          Кроссқа жүгіру (аптасына 1 рет)

 

    Оқушыларымның көрсеткіштері де жоқ емес. Қол күресінен аудан, облыс чемпиондары және Республикалық жарыстың жүлдегерлері де бар.

 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, дене тәрбиесі сабағында үйрету, тәрбиелеу, білім беру арқылы салауатты өмір салтын  оқушылар бойына қалыптастыру менің басты міндетім деп білемін.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения