Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
09.11.2014
0
811
0

Жаңа жылды көргісі келген көбелек

Қазақстан,Ақтөбе қаласы

«Еркемай» бала бақшасы

Тәрбиеші

Ермагамбетова Шарбану Мынжасаровна

Кейіпкерлер:                          

                                    Ақшақар.

                                    Аяз-ата.

                                    Ұлпақарлар.

                                    Балалар.

                                    Қыс.

                                    Көбелек.

                                    Жылқы.

Қыс:    Салеметсіздер ма балалар, ата-аналар, қонақтар!

Шыршаларыңыз қандай әдемі, көрікті екен!

- Балалар мен кіммін, білесіңдер ме?

- Мен Қыс мезгілімін.

- Балалар айтыңдаршы қыста неше ай болады?

(Балалар жауап береді:    желтоқсан, қаңтар, ақпан)

- Дұрыс!

- Ал, бүгін сендер нені тойлауға келдіңдер?    («Жаңа жылды»)

- Дұрыс! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

(«Жаңа жылды қарсы  алуға» - деп балалар жауап береді)

Жаңа жылды сезіну үшін , «Көрікті шыршамыз» әнін орындайық.

1.  ӘН:  «Көрікті шыршамыз»

(Ортаға  Көбелек  кіреді таңғалып)

Көбелек:  Ах ------- Қандай әдемі қыс!  Мынау Жаңа жыл ма?

- Балалар сендер Жаңа жылға келдіңдерме?

(«Иә»)

Көбелек:  Керемет! Мен ешқашанда Жаңа жылды көрген емеспін.

Қыс: Сен мұнда не істеп жүрсің көбелек? Көбелектер қыста қуыршаққа айналып, қардың астында ұйқыға бататын еді ғой? Солай ма, балалар?

(«Иә»)

Көбелек:  - Иә, мен әжемді тыңдамай осында келдім. Жаңа жылды қатты көргім келді. Мен ешқашан  Жаңа жылды көрген емеспін.  Жаңа жылда осындай әдемі шыршаны, әппақ қарларды көргім келді.

Қыс:  Олай болса, көре ғой көбелегім. Кәзір балалар саған «Көбелек» биін билеп береді.

2. БИ: «Көбелек»

Көбелек:  Ой, қандай керемет би. Маған қыс ұнайды. Бірақ мен тонып қалған секілдімін.Әжем айтып еді «қанаттарың үсіп қалады»- деп.  Шынымен қанаттарым үсіп қалыпты – (деп дірілдеп сөйледі)

(Ортаға ұлпа қар жүгіріп келеді .)

Ұлпақар:  Көбелек сен «Күлімшар» тобының балаларынан көмек сұра. Олар сені күлімсіреп, мейіремімен,жылы лебімен жылытады.

Қыс:  Иә, біздің балаларымыз сені жылытады. – Солай ма балалар?

        («Иә»)

(Көбелек балаларға барады)

Қыс: Балалар көбелегімізді  жылытайық. Ауызымызбен үрлеп, жылы бу жіберейік. Жарайма?

(Балалар үрлеп, жылы бу жіберіп, көбелекті жылытады.)

Көбелек:  Жылындым, мен жылындым! Рахмет сендерге балалар! Сендер қандай мейірімдісіңдер! Ал, енді  мен сендермен бірге ән айтуға дайыңмын.

Қыс:  Онда, біздің балаларымыз  саған «Көбелек» әнін орындап берсін,- солай ма балалар?  Ал сен ортаға шығып биле.

Көбелек:  Маған арнап айтама? Ой,қандай керемет!

Қыс:  Иә, иә!

3. ӘН:  «Көбелек»

Қыс:  Балалар, балалар бізге Жаңа жыл келе жатыр!

-  Келе жатқан жыл, қандай жыл балалар айтың даршы?

Балалар:  Жылқы жылы!

Қыс:  Дұрыс! Жылқы жылын қошеметтеп қарсы алайық.

(Ортаға  Жылқы жылы  кіреді)

Жылқы:  Сәлеметсіңдер ме бүлдіршіндерім!  Күлімдеген көздерінді, тәп-тәтті тілдерінді сағындым ғой сендердің!

Жаңа жылға дайындалып, әп-әдемі киініп келіпсіндер. Тақпақтарын да сендердің дайын шығар?

(Балалар  5,6  тақпақ айтады.)

Жылқы:  Балалар, шыршаның шырақтары қайда?

Қыс:  Балалар, шынымен шыршамыздың шырақтары жанбай тұр ғой.

Бәріміз бірге «Шырша, шырша, жарқыра, шамдарыңды жарқырат» -  деп  бәріміз бірге айтайықшы.

(Балалар бәрі бірге айтып, шыршаның шамдарын жағады)

 

Қыс:  Ал, енді Жаңа жылымызға, шыршамызға  арнап ән  айтып берейік.

4. ӘН:  «Көрікті  шыршамыз»

( Шыршаның  аржағынан түлкі  көбелекті қуып келеді, ұстап алғысы келіп:)

Көбелек:  Ой, ой көмектесіңдер,  көмектесіңдер!  Түлкі мені ұстап алғысы келеді.

Жылқы: Ей, түлкі саған не болды?  Осы сен тыныш жүре алмайсың ба?  Біздің мерекеміздің шырқын бұздың ғой!

Түлкі: Мен ешкімге тиіскен жоқпын. Шын айтамын! Мен жәй, серуендеп келе жаттым. Бір қарасам шыршаның қасында көбелек тұр екен. Ойыншық  шығар деп ұстап көрейін деп едім. Ал ол, шынымен көбелек болып шықты.

Қыс:  Сен түлкі сонда ойыншық  көбелек пен шын көбелекті  айыра алмайсың ба?

Түлкі:  Қайдан білейін!  Қыста көбелектер ұшама?  Не  істеп жүр қыста бұл көбелек?

Қыс:  Сен оған тиме түлкі. Ол біздің қонағымыз. Ол бізге  Жаңа жылды көру үшін келді.

Түлкі: А, солай ма? Сүйтіп манадан  айтпайсыңдарма, басымды қатырған ша. Жамандықтың бәрін тек меннен көресіңдер. (- деп ренжіп айтады)

Жылқы:  Жәрәйді түлкі! Сен ренжіме, біз білмей  қалдық. Солай ма балалар?

Қыс:  Одан да бізбен бірге Жаңа жылды қарсал, ойын ойна. Балалар бәріміз бірге ойын ойнайықшы!

1. Ойын:  «Қыс қызығы»  2 топқа бөлініп, 5,6 баладан ойнайды.

Аяқтарына байпақ киген 2 бала, шыршаны айналып, келесі балаға байпағын шешіп береді. Сүйтіп келесі де айналады)

Қыс:  Балалар  бізге Ақшақар келе жатыр. Ақшақарды қарсалайық балалар!

(Ортаға әппақ Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме бүлдіршіндерім.Қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер? Жаңа жыл құт, береке әкелсін сендерге.

(Тақпақ айтылады)

Қыс:  Ал, енді балалар ойнаймыз, шанамен зырлаймыз, әнімізді әндете бастаймыз!  

5. ӘН:  «Зырлайды шанамыз»

(Ортада балалармен бірге түлкі, көбелек, жылқы билеп, ән айтады)

Қыс: Ақшақар біздің  Аяз-атамыз қайда? Балаларымыз манадан тақпақ айтып, ән айтып, би билеп дайындалуда. Аяз-атамыз да біздің өнерімізді көрсін!

Ақшақар:  Туу,Мен ұмытып кетіппінғой!  Атам дорбасын көтере алмай келе жатқан шығар. Көмектесем деп едім.

Көбелек:  Мен барып Аяз-атаға дорбасын көтеруге көмектесейін.

Түлкі:  Мен де көмектесейін.

Ақшақар:   Жарайды! Рахмет сендерге Көбелек, Түлкі.

(Көбелек пен Түлкі  шыршаның ар жағына Аяз-атаны ерітіп алып келуге кетеді)

Ақшақар:  Балалар, ал біз – «Аяз-ата» - деп  дауыстап шақырайық.Ол үлкен адам ғой , естімей басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.

(Балалар  «Аяз-ата» - деп шақырады. Ортаға Аяз-ата кіреді. Қасында көбелек пен түлкі дорбасын ұстап, көмектесіп келеді.)

Аяз-ата:  Амансыңдар ма балақандарым? Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарын мықты болсын!

-  Ой, шаққа дегенде сендерге жеттім ғой! Түлкі мен Көбелек болмаса адасып кетер едім. Рахмет сендерге достарым! (- деп Түлкі мен Көбелекке қарайды)

Қыс:  Аяз-ата біздің балаларымыз сізге «Сантаклаус» биін дайындап отыр. Отырып өнерімізді тамашаланыз.

6. БИ: «Сантаклаус»

7. ӘН:  Жанеркенің орындауында «Кішкентай шырша»

Аяз-ата:  Ой, жарайсыңдар! Керемет! Өркендерің өссін!

Ақшақар:  Балалар, енді Аяз-атамен бірге ойын ойнайық, жарайма?

2. Ойын:  (-Музыка әуенімен  Аяз-ата балалармен бірге таяғымен түртіп би билейді.Кімнің қасында Аяз-ата тоқтайды сол өзінің тақпағын айтады.

Қыс:  Ал, енді балалар барлығымыз шыршаны айналып «Шырша жырын»  әндетейік.

8. ӘН: «Шырша жыры»

Аяз-ата:  Қандай керемет ән! Бүгін сендер нешетүрлі өнер көрсеттіңдер .Ән айттыңдар, би биледіңдер, тақпақ айттыңдар, әдеміленіп киініп келдіңдер.

Сол үшін мен сендерге сыйлықтар әкелдім.

 -  Менің дорбам қайда? Алып келіңдерші.

(Аяз-атаның қасына көбелек пен түлкі дорбаны алып келеді. Ақшақар мен Аяз ата сыйлықтарын таратады. Түлкі мен Көбелекке де сыйлығын береді.

Көбелек:  Рахмет саған Аяз-ата сыйлығына! Рахмет сендерге балалар! Жаңа жыл мерекесін сендермен бірге қарсы алғаныма қуаныштымын. Енді мен кетуім керек. Әжем мені уайымдап күтіп отырған шығар.  Сау болыңдар балалар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения