Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
13.02.2012
0
4787
0

Абайдың қара сөздері

Год: 2012

Страна: Казахстан

 

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Рустемова Жайна Жарасовна


 

 

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың қарасөздері

Сабақтың мақсаты: Абай қарасөздері туралы толық мәлімет бере отырып, қарасөздерінің жанрлық ерекшелігін, абайдың өзі тапқан прозаның жаңа түрі екенін, өмір,тәрбие,тірлік тәжірибесінен туған педагогикалық талғам екенін оқушыларға жеткізу.

Оқушылардың қарасөздерді талдауда сыни тұрғыдан баға беруге дағдыландыру.

Турашылдыққа, әділеттілікке, сыни көзбен қарауға, топта бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,топтастыру, тізбектеп жазу, Венн диаграммасы, 7 жолды өлең, эссе, т.б.

Сабақтың құрал-жабдықтары:  интерактивті тақта, аудиоматериал, Абай альбомы, мәтіндер, ватман, түрлі-түсті қағаз, қаламдар, т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Оқушыларға бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күй тілей отырып, алдарына берілген жапсырма қағазға бүгінгі сабақта алғысы келген бағаларын жазып, партаның астына жапсырып қоюларын сұраймын.

І. «Ой шақыру»

А) «Философия» деген сөзді тізбектетіп, топта талдатамын, өзім тақтада топтастырамын.

 

Балалар, осының ішінен Абайға жақын,  Абайға тән төрт сөзді таңдап алайық. «Жүрек», »Қайрат», «Ақыл», «Ғылым», міне, осы төртеуі Абай поэзиясына да, қарасөздеріне де тән сөздер.  Сондықтан біз өз топтарымызды Абайдың сүйікті сөздерімен атаймыз.

ә) Балалар, біз осы сөздер туралы тереңірек білу үшін 17-қарасөзін тыңдап көрейік. Әр топ Абай сөздерінен өздеріне тән қасиеттерді түртіп алсын. Әр топ мұқият тыңдап отырып, қажетті сөздерді түртіп алады.

ІІ. Мағынаны тану:  Әр топқа Абайдың қарасөздері беріледі, Сол қарасөздерін талдай отырып, 17-қарасөзінен естіген мәліметтермен байланыстырады.

І. Топ «Жүрек»  7-қарасөзі

  1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
  2. «Жүрек» сөзімен байланыстыру
  3. «Жүрек» сөзінің лексикалық мағынасын ашу (қазақ тілімен байланыс)
  4. Осы тақырыпқа ұқсас өлеңдерін талдау «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»

 

ІІ. Топ  «Ақыл»     18-қара сөзі

  1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
  2. «Ақыл» сөзімен байланыстыру
  3. «Ақыл» сөзінің лексикалық мағынасын ашу (қазақ тілімен байланыс)
  4. Осы тақырыпқа ұқсас өлеңдерін талдау (Әсемпаз болма әрнеге «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»)

 

ІІІ. Топ «Қайрат»   44-қара сөзі

  1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
  2. «Қайрат» сөзімен байланыстыру
  3. «Қайрат» сөзінің лексикалық мағынасын ашу (қазақ тілімен байланыс)
  4. Осы тақырыпқа ұқсас өлеңдерін талдау «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», «Жүректе қайрат болмаса»

 

ІҮ. Топ «Ғылым» 31-қара сөзі

1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.

2. «Ғылым» сөзімен байланыстыру

3. «Ғылым» сөзінің лексикалық мағынасын ашу (қазақ тілімен байланыс)

4. Осы тақырыпқа ұқсас өлеңдерін талдау «Білімдіден шыққан сөз», «Ғылым таппай мақтанба»

 

Топта орындап болған соң, әр топтан бір-біреуі шығып, қорғайды.

Мұғалім: Абайдың қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қарасөздерінде де көрініс тапқанына көз жеткіздік. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге оң бағыт берген биік тұлға. Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерімізді шығармашылық тапсырмалармен пысықтайық.

ІІІ. Рефлексия

І. Топ «Жүрек»   7 жолды өлең

ІІ. Топ  «Ақыл»     Ой толғау

ІІІ. Топ «Қайрат»   Жүгіртпелі мәтін

ІҮ. Топ «Ғылым»  Абай ізімен

 

Автор орындығына шығып, шығармаларын орындайды.

Қорытынды. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай есімі ешқашан өлмек емес, Абай тірі, өйткені оның шығармалары мәңгі жасай бермек. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем!

 

Сабақты бағалау: оқушылардың өздерін бағалаған парақтарын алғызып, сабақ соңында өздерін тағы да бағалатамын.

 

Үйге тапсырма: «Абай және Әуезов» деген тақырыпта реферат жазып келу.

 

 

Скачать урок

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения