Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
06.11.2014
0
539
0

Алина Алияр Искаковна, учитель истории и права Кокжайыкской СШ, Кокпектинский район, Восточно-Казахстанская область, Казахстан





«Менің педагогикалық ұстанымым»

(Эссе)

 

Ұстаз  болу  -   даналық пен адамдық

Содан  ғана  табылады  адалдық.

                                                                    Білім,  сүйкім,  тәлім – үлгі   соларда.

                                                                Ешкім  оған  ойламайды  жамандық,-

деп, ақын  жырлағандай ұстаз - даналықтың бастауы.

«Ел  есінде  бір  жыл  қалғын  келсе ― ас  бер,  он  жыл   қалғың  келсе ―ағаш  отырғыз,  ал  мәңгі  қалғың  келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.  Мен    үшін ең  қастерлі  де,  қасиетті  мамандық  ол ― ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай  атамыз  айтқан осынау   қастерлі   мамандықтың   иесі  атанғаныма  35  жыл   болды. Әр адамның өмірінен ең басты орын алатын ерекше жан ол ― ұстаз. Туған елдің азаматтарын тәрбиелеудегі жауапкершілікті ата-аналармен бірге бөлісетін ұстаз ― бала түсінігін қалыптастырудың басында тұрады. Жеке тұлғаның қалыптасуына ұстазбен отбасы тең дәрежеде мен Алина Алияр Искакқызы Шығыс Қазақстан облысының педогогтар династиясынан шыққан ұстаздың бірімін. Шәкірттердің моральдық сауаттылығының жоғары болуы, салауатты өмір салтын ұстануы және ел тарихын білуі, көбінесе мұғалімге байланысты, өйткені бүгінгі бала ертеңгі ел болашағы, сондықтан ұстаздық мамандықты таңдау мен үшін үлкен мәртебе. Династиямыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда, сондықтан мұғалім мамандығын таңдаудың басты себебі осында. Ұстаз ― адамды зерттеуші, бала жанының бағбаны, бағыттаушысы, өмірге жол сілтеушісі. 35 жылдан астам жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде тарих пәнінен дәріс беріп келемін.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым  ― үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

 Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртін Отанын сүюге, адамгершілікке баулитын, оның көкірегіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің нағыз тұлғасы деуге болады. «Ұстаздың абыройы мен білімі болмаса- шәкірттері оның сақалымен ойнайды» деген екен Сайф Сараи. Алдыңдағы  шәкіртің  құрмет тұту  үшін  мұғалім қазіргі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істеп, білімі мен білігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Менің ұғымымда нағыз ұстаз боламын десең, алдымен баланы жан тәніңмен сүйе біл. Оның бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көр. Жан дүниесіне терең үңіліп, баламен сырласу, оның сөзін құлақ қоя тыңдау, қойған сұрақтарына толық жауап беру арқылы мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Маған бұл тұрғыда әдеби кітаптарды көп оқығанның көмегі тиді. Әсіресе, еліміздегі  оқу- ағарту ісінің озаты  О.Қарабалинаның  «Ұстаз бақыты» деген кітабы арқылы мен тәрбие жұмысының ерекшеліктері, мектеп өмірінің қилы- қилы қырлары мен оқушы бойындағы  адами қасиеттерді танып- білуді үйрендім.

«Ұстаз- үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды»- деген екен К.Ушинский. Болашақта шәкірттерімнің  Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім.   

Ұстаздық жолымның бастау алғанына отыз бес жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Сол Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін? Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнаймын. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Сондықтан кәсіби шеберлігімді жетілдіру мақсатында Кембридж бағдарламасының I деңгейлік курсын аяқтадым. Шәкірттеріме әр сабақ сайын жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету арқылы, олардың көзқарасын сыни тұрғыдан қалыптастыру өзімнің алдыма қойған мақсатым деп білемін. Әліде жас ұрпаққа білім беруге өз үлесімді қосарым анық. Міне менің педогогикалық ұстанымым осындай.

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения