Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.02.2012
0
4640
0

Сутек. Табиғаттағы таралуы. Физ. қасиеттері. Тығыздық, салыстырмалы тығыздық

Год: 2012
Страна:
 Казахстан

 

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

Мұғалім: Кабыкеева Г.Д.

Тақырыбы: Сутек. Табиғаттағы таралуы. Физ. қасиеттері. Тығыздық, салыстырмалы тығыздық.

Мақсаты:

  1. Сутектің таралуы және өнеркәсіпте , лабораторияда алу жолдары мен реакция теңдеулері туралы оқып-үйрену әрекетін ұйымдастыру; Сутектің тірі ағза үшін және жану үрдісіндегі маңызы  мен  өнеркәсіптегі алу жолдары туралы өздігінен білім алуын қамтамасыз ету;
  2. Жаттығулар орындай отырып, теңдеу құру сауаттылығын арттыру арқылы, танымдық қабілеттерін дамытуға әсер ету; Өз бетімен жұмыс істеу және сутекті  алу теңдеулерін құра білу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;
  3. Сутектің маңыздылығын сезіндіре отырып, экологиялық тәрбие алу мүмкіндігін туғызу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс:   әдебиет, тарих

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. 1. « Кім жылдам? »

n  1.Заттар нешеге жіктеледі? 

n  2.Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

n  3.Химиялық элемент дегеніміз не?

n  4.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

n  5.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

 2. « Семантикалық карта»

 

Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

 басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

   Са + О2    =  2СаО

+

 

 

 

 

 

   Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

 

 

+

 

 

 

   CaCO3 = CaO  +  CO2 - Q

 

+

 

 

 

+

   HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q 

 

 

 

+

+

 

    2H 2O =   2H2  + O2 - Q 

 

+

 

 

 

+

    2H2  + O2  =  2H 2O + Q 

+

 

 

 

+

 

  1. 1.      «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда  92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам.     (Сутек)

  1. 2.      Жаңа тақырыпты талдау

Химиялық таңбасы :   Н ,  Ar ( Н ) = 1,008  м.а.б.  

Н2 , Mr (Н2) = 2 м.а.б.

Н2   ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда -  2V Н2 ериді).

Табиғатта таралуы

n   Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

n   Күн жүйесі планеталарының 92%-ын сутек атомы құрайды.

n    Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

n  Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

 

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

Минералдар мен тау жыныстарында

Мұнай құрамындағы метан газында

Жануарлар мен өсімдіктер организмінде

 

Ашылу тарихынан

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС  ашқан.

 ▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

 ▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

 

Генри Кавендиш                             Антуан Лавуазье

Б затының салыстырмалы тығыздығы дегеніміз – эталон болып алынған А затымен Б затының тығыздықтарының қатынасы.

Da(B)=Mr B/ MrA

Салыстырмалы тығыздық барлық салыстырмалы шамалар тәрізді бірліксіз шама.

Сұйық және қатты заттар үшін тығыздық эталоны ретінде таза су тығыздығы алынады. Онық тығыздығы 1 г/мл.

Газдар үшін эталон ретінде құрғақ ауа тығыздығы алынады. Қалыпты жағдайда оның тығыздығы 1,293 кг/м3 немесе 0,001293 г/см3.

Келесі есептерді шығарып көрелік:

  1.  Сутек бойынша а) аммиактың, б) метанның, в) көмірқышқыл газының салыстырмалы тығыздығын анықта.
  2. Егер белгісіз газдың сутек бойынша тығыздығы 35,5 болса, оның молекулалық массасы нешеге тең?
  3. Газдың құрамында кремний мен сутек бар екені белгілі. Оның сутек бойынша тығыздығы 16ға тең. Осы газдың молекулалық формуласын құрастырыңдар.

Үйге: салыстырмалы тығыздық бойынша есеп ойластырып келу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения