Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
02.02.2012
0
11084
5

Ата-анаң – алтын тұғырың

Год: 2012
Страна: Казахстан

Класс: 11

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

     өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Акишева Дәметкен Аукенқызы

 

 

Ата-анаң – алтын тұғырың

Сабақтың мақсаты-міндеті: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету; ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу; махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, «Ана туралы жыр» әнін қосылып айтады.

Түйіндеме

М.Ғабдуллиннің  мәтінімен танысады. Осы ой-тұжырымдардағы негізгі көңіл аударатын тіркестер мен сөйлемдер анықталады. Ата-ана арманы туралы пікірлесудің мәні зор болмақ.

Мәтінмен жұмыс

Ғ.Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесінен алынған үзінді берілген, оқушы көркем мәтіннен мынандай көріністерді сезінеді:

  • Ақлима атты ананың баласы Қасым Ұлы Отан соғысында өліп, қара қағаз алған. Ендігі хатты Сапар деген беймәлім жауынгер жазып отыр. Мүгедек, аяғы жоқ, бет бейнесі қатты бұзылған. Қанаты қайрылған қыран алтын тұғырды ананың аялы алақанын іздейді. Сол жайларды бәрін саралай келе, оқушылардың ана туралы ойлары бекіп, сезімі нақтылана түседі. Сараптау, талдау, бағалау, өз сезіміне үңілу мүмкіндігі туады. Эмоциялық, сезімдік қабылдауы артып, оң түсінік-танымы қалыптасады.

-          Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

-          Өзгенің баласын өзіндікіндей сүю кез келген ананың қолынан келе ме? Неліктен?

Түйіндеме

Ә.Қайдардың шығармасынан алынған үзіндідегі ойды  тұжырымдап беру.

 

Дәйексөз

Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ.             Халық нақылы

Әңгімелесу

-          Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

-          Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?

-          Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

Мәтінмен жұмыс

Ш.Мұртазаның «Менің атым - Қожа» романына үзіндіні оқушыларға оқытып, фильмінен үзінді көрсету. Әкеге деген кейіпкердің сезімін пайдалана отырып, отбасындағы әкенің орны туралы балалардың пікірін олардың жан сезімін тербеуге пайдалану.

-          Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

-          «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

  Тапсырма

Т.Айбергенов «Перзент жыры» өлеңін жатып, отбасылық мерекеде ата-аналарына арнау тапсырылады. 

Түйіндеме

Кабуснамадан алынған үзіндіні оқытып, ұрпақ үшін атқарған ата-ананың еңбегін қайтару міндет екенін мәтінді оқыта отырып пайымдау, ойландыру, өзінің ішкі дүниесіне үңілуін талап ету, ішкі пайымын, жан сезімін шығаруына мүмкіндік жасау.

Тапсырма

Берілген нақыл сөздерді басшылыққа алып, өзінің сезіміндегі ой түйіндерін шағын көлемді эссе жазу сұралады.

  • «Ата-анам – берік қорғаным» тақырыбына эссе жазыңдар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.               Мақал сөз

 

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.                  Мақал сөз

 

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.          Мақал сөз 

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.     Ғ.Мұстафин.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, үнтаспаға «Әке туралы жыр» әніне қосылады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения