Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.11.2014
0
533
0

Разработка урока на тему «Моя специальность»

Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, г.Уральск

ГККП «Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий ЗКОУО»

Преподаватель казахского языка и литературы, русского языка и литературы высшей категории

Байменова Тамара Булатовна

Сабақтың мақсаттары:     

білімділік: мамандыққа байланысты терминдердің мағынасын түсіндіру, терминдерді мақсатты қолдану үлгілерін үйрету

тәрбиелік: өз мамандығына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,  еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу, мәдениеттілікке үйрету

дамытушылық: коммуникативті дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қасиеттерін дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, рөлдік ойын

Сабақтың көрнекілігі: сөздіктер, үлестірмелі материалдар, мультимедиа

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқу іс-әрекетіне мотивация туғызу.

Тақырыпты белгілеу: Менің мамандығым.

Мақсаттарды белгілеу: «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша жан-жақты түсінік қалыптастыру, оның қазіргі уақыттағы рөлі мен қажеттілігі. Мәнерлеп оқу дағдысын, өз бетінше ойлау, талқылау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Кластермен жұмыс

-         «Кәсіп» деген сөздің аудармасы?

-         Бұл сөзді айтқанда ойыңызға не келеді?

 

 

                        мұнайшы                      ұстаз                   есепші 

 

            бағдарламашы                     Кәсіп                            құрылысшы

 

 

 

 

                           жұмыс                         іс                             еңбек

 

-         Бұл кәсіптердің маңыздылығы неде?

-         Кәсіп пен мамандықтың айырмашылығы неде?

-         Мамандықты таңдау біздің мемлекетімізде немен ерекшеленеді?

-         Сіздердің мамандықтарыңыз қандай?

-         Оны таңдауына не әсер етті?

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Мамандықты таңдаған себебім...

III Жаңа сабақ

Мақал-мәтелменжұмыс

Кластерде еңбек деген сөз айтылған болатын. Еңбекке байланысты қазақ халқының мақал-мәтелдерін еске түсірейік. Жазып алып, орысша аудармасын айтамыз.

Жаттығу жұмыстары

2. Сөздікпен жұмыс. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз

  1.      мамандық
  2.      газ-мұнай құбырлары
  3.      газ-мұнай қоймалары
  4.      салу
  5.      пайдалану
  6.      жобалау
  7.      біліктілік

3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз

 

Мәтінмен жұмыс

 

Менің мамандығым

          Менің мамандығым «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану». Оқу мерзімі - үш жыл он ай. Біліктілігім -  техник-механик. Болашақта мен мынадай кәсіптік қызмет нысандарында жұмыс істей аламын:

-         газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалануымен айналысатын басқармалар;

-         мұнайды дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармалары;

-         мұнай базалары;

-         сораптық және компрессорлық стансалар;

-         мұнай және газ сақтағыш орындары;

-         жөндеу-механикалық кәсіпорындар;

-         ГМ құбырлары мен сақтағыш орындарына қызмет көрсету басқармалары және т.б.

    

         Оқу бітіргеннен кейін мен осындай кәсіптік қызмет түрлерімен айналыса аламын:

-         газ-мұнай құбырларын жобалау, салу және пайдалану;

-         газ-мұнай құбырларын күрделі жөндеуден өткізіп, техникалық қызмет көрсету;

-         мұнай базалары мен мұнай-газ сақтағыш орындарын жобалау, салу және пайдалану;

-         мұнай базалары мен мұнай-газ сақтағыш орындарын күрделі жөндеуден өткізіп, техникалық қызмет көрсету;

-         сораптық және компрессорлық стансаларын жобалау, салу және пайдалану;

-         сораптық және компрессорлық стансаларының жабдығын жөндеу, монтаждау, қалыпқа келтіру және техникалық қызмет көрсету.

 

  1.      Мәтінді мәнерлеп оқып, бірнеше бөлімге бөліп, ат қойыңыздар.
  2.      Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.
  3.      Мәтінді мазмұндауға қажетті тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазып алыңыздар

     Сөздік

қызмет нысандары – объекты деятельности

жобалау – проектирование

басқарма – управление

өндірістік қызмет көрсету – производственное обслуживание

мұнай базалары – нефтебазы

сақтағыш орындары – хранилища

жөндеу – ремонт (ремонтные)

техникалық қызмет көрсету – техническое обслуживание

кәсіптік қызмет түрлері – виды профессиональной деятельности

күрделі - капитальный

жабдық – оборудование

қалыпқа келтіру – наладка

сораптық - насосные

IV. Бекіту бөлімі

  1.      Рөлдік ойын. Мәтінді пайдалана отырып, жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданушы арасындағы сұхбатты құрыңыз. Іс жүргізу тақырыбы бойынша алған білімдеріңізді қолданыңыз.

Сұхбаттардан кейін

-         Келген жұмыс іздеушілердің қайсысын жұмысқа қабылдар едіңіз? Неге?

Абай атамыз айтқан «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле».

Еңбек жолында қажетті қандай қасиеттерді алар едіңіз?

V. Үйге тапсырма

1 қатар - досыңызға мамандығыңыз туралы хат жазып келу

2 қатар – кәсіби мерекеңіз туралы әңгіме

3 қатар - мамандығыңыз туралы газетке мақала жазып келу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения