Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.11.2014
0
1178
0

Тұздар гидролизі

Қазақстан,Қызылорда қаласы,Тасбөгет кенті

№11  орта мектебі

Химия пәні мұғалімі

Дастанбаева  Айнұр  Ордабековна

Мақсаты: тұздар гидролизі туралы түсінікпен танысу.Тұздар гидролизінің

                  теңдеулерін құруды үйрену,әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын 

                    болжап айта білу

Міндеттері:1.Заттардың суда еруі тек физикалық процесс емес, еріген заттың

                     сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі 

                     туралы  ұғымдарды тереңдету.

                     2. Сыни көзқарасын қалыптастыру .

                      3. Зерттеушілік қабілеттерін, күнделікті тұрмыстағы гидролиз

                         реакцияларын және олардың маңызын танып-білуге 

                         дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:1.Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.

                               2. Гидролиз теңдеулерін құра алады,ерітінділерін ортасын

                               болжап айтады.

                               3. Өз бетінше тапсырманы орындайды.

                               4. Сұрақ қоя біледі.

                               5. Топпен жұмыс жасайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1. «Бес жолды өлең» стратегиясы

                                                    2. Сұрақ-жауап

                                                    3. Бағытталған оқыту

                                                    4. Зертханалық тәжірибе

                                                    5. Семантикалық карта

                                                    6. Сұрақты тап

                                                    7. Тақырыптық теннис

                                                    8. Кубизм стратегиясы

Көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты  слайдтар, электронды

                          оқулық, үлестірмелі тапсырма парақшалары, бағалау

                          парақтары,  кубиктер,  әртүрлі геометриялық пішіндер

                          қиындылары.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.

Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

II.Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қалтадағы  сұрақтар

1- қалта

1. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдарға анықтама бер.

2. Оқулықтан 8 жаттығу

2-қалта

1. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша тұздарға анықтама беру

2. 5- жаттығу

3-қалта

1.Күшті электролитке жататын қышқылдарға және негіздерге мысал келтіріңдер.

2.9 - жаттығу 

2. «Бес жолды өлең»

Үй тапсырмасына берілген қышқыл, негіз, тұздарға  «Бес жолды өлең»

III.Мағынаны тану.  Бағыттталған оқыту. Алдымен тақырып бойынша түсінік беру.

Тақтаға күшті қышқыл, күшті негіз,  әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдардың формулаларын жазу.

Тақырыпты алдын-ала  бөліктерге бөлу. Оқушылар әр бөлікті оқығаннан кейін сұрақтар қою.

1.Бейтарап ерітінді қандай ерітінді.

2. Сілтілік ерітіндіде қандай иондар артық болады?

3. Сутек иондары артық болса, қандай ерітінді болады?

2-бөлім бойынша

1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде ерітіндіде қандай иондар жиналады және орта қандай болады?

2. Тұздар гидролизі деген не?

3-бөлім

1. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизінде қандай иондар артық жиналады және орта қандай болады?

2. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролиздену процесі қалай жүреді?

4-бөлім

1. Сутектің көрсеткіш деген не? Қалай өрнектеледі?

2. Бейтарап, сілтілік, қышқылдық ортада рН  қалай сипатталады?

3. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы қандай?

2-зертханалық тәжірибе. Электронды оқулықтан зертханалық тәжірибені проектор арқылы көрсетіп, нәтижесін дәптерге жазу.

Семантикалық картамен жұмыс.

«Сұрақты тап»:Топтарға парақшалар таратылып беріледі: 1. Әр топ жауап жазады. Сағат тілімен бір-біріне ауыстырады.

2.Жазылған жауапқа сұрақ жазады.

Одан кейін сұрақтарға жауаптарды табады. Әр топтан сұрақты және оған жазылған жауапты оқиды.

Сергіту сәті: Тақырыптық теннис

Тақырыпты қорытындылау

«Кубизм»  стратегиясы

Кубиктің алты қырына жазылған тапсырмалар

Үйге: §12 5-9 жаттығу

Бағалау:

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения