Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.11.2014
0
1459
0

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№11 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Жансугурова Калдыгул Жолмырзаевна

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды;  мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға  үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық:

                                     - Қайырлы таң достым,

                                       Қайырлы күн болсын.

                                       Сәрсенбінің сәті

                                       Сәтілікке толсын.

                                       Біздің алар бағамыз

                                       Кіл бестіктер болсын!

 – Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:

                         Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

                         Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

                         Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

                          Болашағым, бақытым, дара тілім.

3. Үй жұмысын тексеру:  Жаттығу  187. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

4. Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді  жазу.

- Көркем жазу минуты:  Пп   Пенал ........

-   Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:

Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.

5. «Бой сергіту» - ойыны. Өткенді қайталау:

- Сөйлем нені білдіреді?

- Сөйлем нелерден тұрады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

-  Бастауыш деген не? – сұрақтары - ?

-  Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?

- Тұрлаулы мүшелер деген не?

- Тұрлаусыз мүшелер деген не?

 

6. Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.

Тақтада сөйлем:         - Мен туған елімді сүйемін.

Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)

-         Біз қай елде тұрамыз?

-         16 желтоқсан қандай күн?

-         Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

-         Әңұранның авторлары кім?

-         Елтаңбаның авторлары кім?

-         Туымыздың авторы кім?

 

7. Оқулықпен жұмыс.  70 бет. Жаттығу 189.

 1 қатар – 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;

2 қатар – 2-ші жұмбақты;

3 қатар – 3-ші жұмбақты.

 

-         Сергіту сәті:  Қоян шықты далаға

                        Жан-жағына қарады

                        Отырды, тұрды, секірді,

                        Орнына келіп отырды.

 

8. Ауызша жаттығу 190. Ребусты шешу. ( Шаңғы). Осы сөзбен сөйлем құрастыру.

 

9. Жазбаша жаттығу 191. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

 

- Балалар мұз айдынына келді.

- Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр. 

- Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.

- Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.

- Оған достары көмектесті.

 

10. Жатқа жазу. Мақал:  Ақыл жастан шығады,

                                           Асыл тастан шығады.

Мақалдың мағынасын ашу.

 

  1.    Өз бетінше жаттығу 195. Жазбаша.

 

12. Шығармашылық жұмыс:  Мәтінді  аяқтап жаз:

Қыс келді. Малшылар малдарын  қораға кіргізді. ..............................................................................................................

 

Қорытынды: - Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады?  - Венн диаграмма  құрастыру :


 
                    Бастауыш                             баяндауыш

 

 

 

         Үйге:  жаттығу 194 ,  72 бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсету) .  Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения