Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.11.2014
0
726
1

Дін – ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің атты шығармашылық жұмысы

Қазақстан,Қызылорда қаласы

Қызылорда медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің студенті

Жантөре Гүлданаға

Жоспары:

1. Дін – имандылықтың, төзімділіктің кепілі.

2.Ұлылар сөзі – ұрпаққа үлгі.

3. Дін – біздің темір қазығымыз.

                                                                         Жердің жүзін дәл тауып,

                                                                         Ешбір дін жоқ орныққан.

                                                                         Бәрінде де бар қауіп,

                                                                         Дін көбейді сондықтан.

                                                                  ( Ш. Құдайбердиевтің «Дін» өлеңі )

          Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Дін – адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың болашағы жоқ.

          Ал, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – мына біздер. Біз – бақытты ұрпақтармыз. Себебі, Егеменді, Тыныш, Тәуелсіз, Ынтымақты, Берекелі Мемлекетте уайым-қайғысыз еркін өмір сүріп жатырмыз. Бұлай деуімнің себебі – қазір шет мемлекеттердегі саяси жағдайларды көрсең, қан төгіс, ұрыс, шабыс, соғыс. Сол кезде шүкіршілік етіп, тәубе,-дейміз.

        Әр адамның діни көзқарасы, пікірі әр түрлі болады. Жан-жағыңа қарасаң, көшеде жүрсең сырт тұлғасы қазіргі қоғамға келіспей киінген аға, әпке, замандастарымызды көргенде, неге сонша сана-сезімі төмен, неге сонша еліктегіш екен,-деп іштей налып қаламын.

        Біздің тәуелсіздігімізге мойын ұсынбайтын, мемлекетімізге шүбә келтіретін, балақтарын тобықтарынан жоғары кесіп, қысқа шалбар киген, иектеріне бейберекет сақал өсіргендер өздерінің  «мұсылманның өмір салты Құран қағидаларынан құрылу керек»,-деп әңгіме таратып, әдейі ислам дінін жат пиғылды қылып көрсету үшін әр түрлі амалдарға барып жүр.

        Біздің басты байлығымыз – Тәуелсіздік, қазақтың болашағы – қазақтың қолында, қазақтың жерінің де, тарихының да, дәстүрінің де иесі – өзіміз. Сондықтан, жақсы қасиеттерімізді сақтап, теріс пиғыл, елдің шырқын бұзатын жағымсыз әдеттерден аулақ болуымыз керек. Ата-ана бізден үлкен үміт күтіп отыр. Біз, үкілеген үміттер, таза жүруге, таза сөйлеуге тиістіміз. Көптеген жастарымыз діннің құндылықтарын дұрыс түсінбей, қасіретке ұшырап жатыр. Бұл жөнінде журналистер  шырылдап шындықты жазып та жатыр, көз жасы көл болған ананың аянышты, ащы даусын теледидардан көрсетіп те жатыр. Бірақ жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ  секілді  дінсіздер күннен-күнге  көбейіп барады...

        Бұл мәселе Елбасын да толғандырып отыр. Жоғары мінбелерде талданып та жатыр.

        Елбасы Жолдауда жастар мәселесін ерекше атап өтті. Жолдауда жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, тәрбиелеуге көп көңіл бөлінген. Оған қоса, дін мәселесін де Елбасы айналып өткен жоқ.

         Сондықтан, Жолдау барлығымызға маңызды бағыт болып табылады. Ондағы айтылған сөздерді біз басшылыққа ала отырып,  жүктелген міндеттерді  орындауымыз қажет.

          Қазақ халқында «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген ұлы сөз бар. Елбасымыздың ел экономикасын, әлеуетін дамытуға атсалысуға шақырған игі бастамаларын іліп әкетіп, жұмыс істейтін болсақ, өзіміздің зайырлы мемлекетіміздің іргесін одан сайын бекіте түсіп, 2050 жылы бірге жаңа  белестерге жетеміз,-деп үміттенемін. Халқымыздың салауатты өмір сүруіне, денсаулығының зор болуына болашақта үлкен үлес қосамын,-деп сеніммен айта аламын.

          Қазақстан мұсылмандары 12 ғасырдан бері Ислам дінін қабылдаған халық болып саналамыз.  Сол уақыттан бері өзіміздің қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыз бар. Осы әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді дамыта отырып, ата-баба аманатын адал сақтауымыз керек. Біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін, ата дінімізді байсалды қабылдаған, қандай мәселе болса да, үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Шындығында асыл дініміз Ислам ежелден-ақ кез келген қоғам мен қай заманда болмасын тыныштық пен қоғам тұтастығының жаршысы болғаны белгілі. Ислам қай мемлекет пен қоғамға орнағаннан бастап-ақ сол ел мен ұлттың салт-дәстүрі, дүниетанымымен біте қайнаса үндесіп, өмір өзегіне айнала білген.

           Қазіргі кезде кейбіреулердің қазаққа дін тарамаған дегені-бос сөз. Мұндай сөзді олар қазақ тарихын білмегендіктен айтады.

             Біз дінді өз деңгейінде түсініп жүрміз бе? Немесе бәз біреулердің түсінуі мен көрсетуі бойынша түсініп жүрміз бе? Міне, бұл Алла Тағаланың әр пендесінің басында болуға тиісті сұрағы.Ұзақ уақыт діни тоқырауға  ұшыраған халықтың аңсаған  Ислам діні қазір адам нанғысыз мәселелермен қоса жетті. Тіпті қарапайым халық та әрі-сәрі болуда. Сенімдерін жоғалтып, үмітсізденуде. Кейбіреулері әлде бір саяси, діни топтың зымиян саясатының құрбанына айналуда. Осындай сорақылықтың себебі неде? Әркім әр түрлі жауап береді.

              Біздің қазақ дінді таза ниетпен, жүрекпен қабылдаған. Дін түркілердің күллі салт-санасы мен ырым-жырымына, әдет-ғұрпы мен танымына балдай батып, судай сіңді. Дін – біздің темір қазығымыз. Бұл темір қазығымыз – ар-ұждан тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесінен құралған Алланың берген алтын қазығы. Тарихымыз бен әдебиетіміз осы діннің  құдыретін бойымызға сіңіргенін ұмытпауымыз керек.

             Есімі дүниежүзіне мәшһүр болған Шыңғыс Айтматовтың Найман – Ана бейітінің тарихын айтатын психологиялық романындағы Найман – Ананың  ұлы Жоламанға көн қаптау арқылы қолдан жасалған мәңгүрттікті шығармадан оқыған едім. Өз анасын танымаған ұл. Өз анасын атып өлтірген ұл. Мәңгүрт ұл. Бұл – көркем шығарма еді...

              Дәл қазір түрлі ағымның шырмауынан шыға алмай жүрген психологиясы әлсіз жастарымыз Жоламанның кебін киіп келеді. Діни экстремизмге, діни сауатсыздыққа тосқауыл қоймасақ, еліміздің тыныштығы, берекесі бұзылары анық. Исламның нағыз жауына айналып, қазақтың арасына жік салып,тура жолдан тайғандар әке-шешесінің айтқанын тыңдамай, қатігезденіп барады. Бұндайлар – қоғамға қауіпті.

             Дін – біле  білгенге рухани азық, білмегенге - от, оттан өрт шығады. Осы қасиетті рухани азықты қадірлей білейік, қасіретке ұшыраудан сақтасын, Алла.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения